Видио материал Мектеп медиатека — жа?а о?у — а?паратты? кешені
Дәріс жоспары: 1.Медиатека туралы түсінік2.Медиатека қызметінің рөлі мен негізгі бағыттары 3.Медиатеканы дамыту жолдары4.Медиатека қызметіне қажетті қорлар5.Медиатека штаты Дәрістің мақсаты – орта мектеп, орта білім беру орындары кітапханалары ісіндегі ерекшеліктерімен, принциптерімен және бағыттарымен үндес қол жетімді және көпшілікке танымал болып қалған жаңа жұмыс түрімен таныстыру. Қазіргі заманғы жалпы орта білім беретін мектептің білім беру процесінде "ақпараттық мәдениет", "мәліметтер базасы" (базы данных), "телекоммуникация", "мультимедиа" деген ұғымдар үнемі кездеседі."Медиа" сөзі – құрал деген ұғымды, "мультимедиа" термині көп мағыналы, сөзбе-сөз аударғанда "көп құрал" дегенді білдіріп, білім көзі тек кітап қана болып табылмайтын қазіргі кезеңде, көріп-тыңдау құжаттары, компьютер жүйесі және компьютерлік бағдарламалар өздеріне әртүрлі таралымдағы ақпараттарды енгізіп жедел ақпараттық таралымдылығымен көрінеді. Мультимедиа – бұл жарияланымның жаңа түрі, компьютерлік технологияның ерекше көрінісі, бір мезгілде әртүрлі элементтерді: мәтін (кітаптар, дәстүрлі баспа), дыбыс, жазу таңбалары, кескіндеме тағы басқаларды біріктіретін электрондық құжат.
Мультимедиа негізінде жұмыс жасайтын сәйкес бөлімдер Медиатека деп аталады. Дәстүрлі кітапхана шеңберіндегі мамандандырыл-ған бөлімше; Кешенді пайдалануға арналып көріп-тыңдау құжаттарымен және ақпараттық машинамен оқылатын таралымдары-мен жарақтандырыл-ған оқу залы Дәстүрлі ақпарат көздерімен қатар, дәстүрлі емес таралымдағы көздер фильмдер, бейнедискілеркассеталар т.б. жиынтығын қамтитынкітапхана. Медиатека - өз қызметін басты бес өлшем негізінде ұйымдастыратын мамандандырылған бөлімше: қызметкерлердің (персонал) біліктілігі;баспа және дәстүрлі есем көздердің ұтымды жинағы;тиісті техникалармен жабдықталуы;жаңа компьютерлік кітапхана бағдарламалары;пайдаланушылар мен қызмет персоналының жұмысы үшін жайлы жағдай жасалуы. Мектеп медиатекасы қызметінің негізгі бағыттары компьютерлік технология негізінде бөлімнің барлық салалары бойынша пайдаланушыларда көркем және танымдық әдебиеттерден мол түсінігінің болуы;кітапхана қорымен, компьютерлік бағдарламалармен, СД (сиди диск) және флешкалар қорларымен, Интернетпен жұмыс жасай білуі;ақпараттарды игере және электронды каталогтарды қолдана білуі;пайдаланушылардың ақпараттық қажеттігін зерттеу;пайдаланушылардың ақпараттарды іздеу мен оларды әр алуан көздерден ала білу қабілетін игеруін жүзеге асыру. Мектеп медиатекасының міндеттері: балаларды оқуға тартудың нақты әдістерін дамытып, оның жаңа жолдарын іздестіру;оқушылардың оқуына және коммуникациясына кең көлемде сүйене отырып, олардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту;мұғалімдер мен оқушылардың ақпарат көздерін еркін пайдалануларын қамтамасыз ету;медиатека сондай-ақ, озық педагогикалық тәжірибе мен оқыту әдістемесі саласындағы жаңашылдықты (инновация), жаңа ақпараттық технологияларды оқу және басқару процестеріне енгізу жолымен мұғалімдерге көмек көрсету болып табылады;мұғалімдер мен оқушыларға оқытудың электронды құралдарымен жұмыс істеулері үшін жағдай жасау. Ақпарат көздерін (кітаптар, бейнематералдар, магнитті жазбалар және т.т.) жиақтау, қордалау, өңдеу, жүйелеу және каталогтандыру (электронды каталог); Медиатеканы ұйымдастыру кезінде: аспаптар мен ақпарат құралдарын сақтау мен табысты пайдалану үшін белгілі бөлменің болуы;ақпарат құралдары мен жиһаздар қорының болуы;аспаптарды өз дәрежесінде ұстауды және пайдаланушылардың барлық топтарының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлердің болуы;медиатеканы дамытуға бағытталған қаржы болуы тиіс. Кітапхана Бейнетека Фонетека Компьютер Жұмысаймағы 1.Кітапхана: дәстүрлі бөлмелер – кітап қоймасынан, мерзімді баспасөз бен микрофишаларды қарауға және материалдарды көбейтуге арналған аспаптары (ксерокс, принтер) бар абонемент пен оқу залынан құрылады (құрал-жабдығы: кітаптар, мерзімді басылымдар, микрофишалар қоры, электронды каталогтар бағдарламалары деректер базасымен қамтылған медиатеканың компьютер аймағында орналасқан компьютерлермен жергілікті жүйеге қосылған жеке ЭЕМ);2.Бейнетека – пайдаланушылардың бейнеақпаратпен, топпен және жеке жұмыс істеу процесіндегі тапсырмаларын орындауға арналған жұмыс аймағы (құрал-жабдығы: бейнехабарлар қоры, бейнекамера, бейнекассета, теледидар, CD-ROM дискілер); 3.Фонетека –слайдтарды, диафильмдерді, кодопозитивтерді жеке және топпен тамашалап, фоно – және магнитті жазбалармен жұмыс істеуге арналған бөлме (құрал-жабдығы: фоно-және жазба магнитті жазбалар, компакт дискілер, диафильмдер, слайдтар мен кодопозитивтер қоры, диапроекторлар, кинопроектор, кодоскоп пен диаскоптар); 4. Компьютер аймағы – оқушылар білімді түзету мен байыту жөніндегі ақпаратты дербес алып, компьютер бағдарламалары қорын пайдалана отырып, үй тапсырмаларын орындайтын арнайы жабдықталған бөлме (электронные учебники, электр. журналы). Медиетека қызметіне қажетті қорАнықтама әдебиеттерінің комплектілеріАтластар (географиялық, саяси, экономикалық, тарихи)Мерзімді басылымдарГлобустарКескіндеме (графика), (көркем және оқулықтар кескіндемесі, оқушылар орындаған кескіндеме, кемінде 200 бірлік болуы керек )Үлгілер (модель), ойындар, эспонаттарСлайдтарФильмдер (16 миллиметрлік таспаға түсірілген, оларды жылына кем дегенде 10 рет пайдаланған жөн)Дыбыс жазу (грампластинкалар) тілдерді оқытуға арналған моно немесе стерефонды дыбыс жазу өлеңдер мен прозалар оқу, музыка тыңдау т.б.Магнитті жазбалар Диафильмдер (медиатека коллекциясында кем дегендке 10 бірлік болуы керек)Бейнекассеталар (жылына 10 бейнекассета сатып алу қажет)Ақпарат жазуға арналған компьютер табақшалары (компьютерные диски)Оқу орны медиатекасының қорын толықтыру үлгісі осылайша болып келеді. Штат кестесі:Медиатека басшысы (директор)Кітапхана меңгерушісіКітапханашы Медиақызметкерлер:ЛаборантБағдарламашыТелекоммуникация жобаларын үйлестірушіБейне жобаларын үйлестіруші. Назарларыңызға көп – көп рахмет!