Т?рбие са?ат: Мен ?арышкер боламын


Сабақтың тақырыбы: «Мен ғарышкер боламын»
Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларға ғарыш әлемі туралы түсінік бере отырып, алғаш самғаған әлемдік және қазақтандық ғарышкерлер туралы мағлұмат беру.2.Ғарыш әлеміне деген қызығушылық және танымдық қабілетін арттыру.3. Оқушылардың патриоттық сезімін ояту.Сабақтың барысы:І. Қызығушылығын ояту.Психологиялық дайындық.Мұғалім:Үлкенге де сіз,Кішіге де сіз,Сәлем бердік сіздергеҚұрметпенен біз.Мұғалім: - Дұрыс балалар. Олай болса сендер мына тақтаға назар аударыңдар.Бүгінгі тәрбие сағатымыз сәтті өту үшін жарқыраған күннің көзін ашу арқылы бастаймыз.Бұлттарды ала отыра артындағы тапсырмаларды орындап, күннің көзін ашамыз.Күн бізге сабақ бойы жылуын шашып отырады. Әр топтан бір оқушыдан шығып, тапсырмаларды орындап, күннің көзін ашады.1.ҚР – ның тұңғыш ғарышкері кім? 2 .Мемлекеттік рәміздерді ата.3.Жатқа тақпақ айт.Мұғалім:Енді топтардың атын жұмбақты шешу арқылы әр топ өз аттарына ие болады. Санаймыз қанша, Аспандағы алып доп, Болса да көкте мекеніБілмейміз, Жарқырайды жарық боп. Күндіз жоқ, Түнімен, (Күн) Түнде жарық етеді.Көз ілмейміз. (Ай)(Жұлдыз) І – топ. Ай ІІ – топ. Күн ІІІ – топ. ЖұлдызТоптардың атын аспан денелеріне сәйкес қойылу себебін өздерің білесіңдер, өйткені бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Мен ғарышкер боламын» - деп аталады.ІІ. Мағынаны тануСлайд фильм.Адам ерте кезден – ақ әлем денелерін жердегі құбылыстарға әсерін зерттеп білуге тырысқан. Ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашылды.Әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі Лайка – ғарышкер ит. Оны 1957 жылдың 3 – қарашасында ғарышқа салмағы 6 кг,2 жастан асқан кезде ғарыш кемесі «Спутник – 2» кемесімен ұшырды.Ол ұшқаннан кейін 5 – 7 сағаттан соң ғарыштағы температураның күрт артуы мен стресстің салдарынан өледі. Ғалымдар Лайкамен бірге тағы екі ит Белка мен Стрелканы жаттықтырған болатын.Ал АҚШ ғалымдары сынақ жасау үшін шимпанзелерді пайдаланған екен.1961 жылы 12 сәуірде адам баласы тарихында тұңғыш рет Ю.А. Гагарин «Восток» кемесімен жер шарын айналып ұшты.Сөйтіп, 12 – сәуір тарихта «Ғарышкерлер күні» деген атпен енді.Әр топқа берілген тапсырма.Экран бетіне назар аударайық.1 2 3 4 5 6р а т Т о қ1 2 3 4 5 6 7н а р и Г а г1 2 3 4 5 6ғ а т Т а л- Бұл кестелерден ғарышкерлердің атын дұрыстап табу керек. Олүшін әр топ оқушылары сандарды дұрыс орыналатыру арқылы таба алады.Мұғалім:Тоқтар ұшты ғарышқа,Талғат болды ғарышта.Таңғалдырып қазағым,Тағы ұшса ғой Марсқа. – дегендей ғарышқа ұшқанның соңғысы Юрий Гагарин емес, одан кейін 30 жыл өткен соң 1991 жылы қазан айының 2 – сі күні тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарыш төріне самғады. Ал екінші рет Талғат Мұсабаев ғарышқа 1994 жылы барып қайтты. Одан кейін 1998 және 2001 жылдары 2 рет барып, зерттеу жұмыстарымен айналысты.Тапсырма. ІІІ топқа тапсырма беру.І – топ.«Байқоңыр» туралы өлең шумақтарын дұрыс орналастыру.ІІ – топ. Шеңбер ішіне суреттерді орналастыру.ІІІ – топ. Ғарышкерлерге тілек жазу.Сергіту сәті.«Ұшты, ұшты» ойыны.ІІІ.Ой толғаныс.Топпен жұмыс.Әр топқа тапсырма беру.Барлығы экран бетінде.І – топ. Сөзжұмбақ шешу.Т А Л Ғ А Т Т О Қ Т А Р Ю Р И Й Б А Й Қ О Ң Ы Р Ш О Л П А НЛ А Й К А З Е Р Т Т Е УБ А Т Ы Р1. Екінші болып ұшқан қазақ ғарышкері.2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері.3. Ең алғаш болып ұшқан адам баласы.4. Қазақ еліндегі ғарышкерлер мекені қай жер?5. Аспан әлеміндегі жұлдыз атауы.6. Ғарышқа сапар шеккен алғашқы ғарышкер ит.7. Ғарышкерлер қандай жұмыстармен айналысады?8. Ер жүректі, батыл адамдарды кім деп атайды?ІІ – топ.Венн диаграмасы бойынша.Ғарышқа ұшқан тіршілік иелерінің ұшқан жылдарын жаз.ІІІ – топ. «Ғарыш әлемі» тақырыбына сурет салу.- Балалар сендер болашақта кім болуды армандайсыңдар?- Жалпы адам баласы армандаған дұрыс.- Өйткені ертеме кешпе оның орындалатына сену керек.- Олай болса ғарышкер ағаларымызға өз арманымызды жазып жіберейік.- Барлығымыз мына қағаздарға жазып тақтадағы құстың бейнесіне ілеміз.Сонымен балалар армандарың орындалсың деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
Ай
Күн
Жұлдыз
1 2 3 4 5 6р а т Т о қ
1 2 3 4 5 6 7н а р и Г а г1 2 3 4 5 6ғ а т Т а л
Сабақтың тақырыбы: «Құстар – біздің досымыз!»Мақсаты:А) Құстар, соның ішінде жыл құстары туралы түсінік беру, құстардың тіршілігі туралы баяндау.Ә) Құстар туралы жұмбақтар шешу арқылы қызығушылығын арттыру, құстар бағына саяхаттауды техникалық құрылғылардың көмегімен тамашалай отырып құстарды қорғауға деген сезімін арттыруға жетелеу.Б) Оқушыларға экологиялық тәрбие беру, яғни құстарды қорғауға, оларға тиіспеуге, ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеу.Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, буклеттер «Құстар – біздің досымыз!», нақыл сөздер.Әдісі: әдеби - монтаж, түсіндіру, ойын.Жүрісі:1 - бөлім «Құстар - біздің досымыз!»2 - бөлім «Құстарға ұя жасайық!» ойыны (Жұмбақтар шешу)3 - бөлім Ертегілер елінде4 - бөлім «Артық болмас білгенің» (Халық болжамдары)5 - бөлім «Оқушы шығармашылығы»1 - жүргізушіҚұстар, құстар келедіЖерді шуға бөледіКөктем келді деп бізгеЖақсы хабар береді.Ән құрадым әнімменСән құрадым гүлімменҚуантамын бәріңдіҚұт - береке күнімен2 - жүргізушіСәлем достар аман ба?Мынау бейбіт замандаШат -- шадыман көктеміңШаттық болсын қашандаБейне көктем жырларыСағынышпен жеткенҚұстардың әуеніменҚуанта бер көктем1 - оқушыЕлімізде 500 - ге жуық құстың түрі бар. Олар табиғатты зиянкестерден қорғайды. Сондықтан олар табиғат емшілері.2 - оқушыОлар тіршілік иелері. Олар ұрпақ өрбітеді. Балапандарын қанаттандырып, жауларынан қорғайды.3 - оқушыҚұстар табиғатқа сән береді. Олардың әуені табиғатты құлпыртып,адамдардың көңіл - күйін көтереді. Құстардың түрлері өте көп. Оның ішінде жыл құстары туралы әңгімелесек.4 - оқушыЖыл құстары дегеніміз - Салқын түсе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келетін құстар. Ол құстарға көкек, қарлығаш, аққу, қараторғай, бұлбұл, тоқылдақ, үйрек, қаз, тырна.5 - оқушы.Құстар туған жерге топ - тобымен ұшып келіп жатыр. Олар жолда талай қиындықтарды бастан кешіреді. Биік асулардан асады. Өздерінің таныс жолдарынан адаспаған.6 - оқушыЖыл құстарының кейбірінің тіршілік қамы туралы әңгімелейік. Мысалы: қарлығаш - адамға дос. Ол өзінің ұясын үйдің, ауланың айналасына салады. Оның өз әні бар. әні құлаққа жағымды.7 - оқушыҚарлығаш адамға саулық, жақсылық тілеп жүретін және қауіп қатерден қорғап жүреді. Үй салуды да адамдар қарлығаштан үйренген.8 - оқушыҚарлығашпын менАдамның тұрағымынМекен етіп тұрамынТазалаймын үй - ішінЕл аузында мақтаулыТазалықшымын төселген9 - оқушыҚараторғай - өзі кішкентай, өте пайдалы құс. Орман қорғаушысы. Ауылға қараторғай келісімен күннің көзі ашылып, күн жылынады. Қараторғайды әнге қосып, шырқаған.10 - оқушыМен қараторғаймынШегірткедей жұртыңдыҚырғи болып қиямынЕгістікке жайылымғаҚорғаушы боп тұрамынЖәндіктерді зияндыҚұртатұғын батырмынДайындайтын ұямдыДостарға келе жатырмын11 - оқушыҚұс сұлуы аққумынТабиғат көркін сыйлағанМылтығын кезеп еш мергенАтуға көзі қимаған.Сұлулықты паш етіпЖырлаған талай ақындарНәзік үнді, көл көркіҚұс патшасы мен болам12 - оқушыАққу - 30 - 40 жыл өмір сүреді. Ол көрсе көз тоймайтын сұлу құс. Халық аңызына сүйенсек жылан да аққу жұмыртқасына тиіспеген, адамдар да аққуды атпаған. Ол киелі құс. Қазақ сұлу қыздарын аққуға теңеген.2 - бөлім Жұмбақтар шешуТуысы дейді құстардыңІнісі дейді тышқанныңТышқан да емес, құс та емесЕкеуінен де тыс қалдым(Жапалақ)Қызығып әр адамҰстап ап даладанЖүнімен жұлып апБесікке қадағанБұл қай құс?(үкі)Қашаудай мықты тұмсығымБәсеке тігем бұл шынымҚұрт, қоңыз, аулап жарысамОрман дәрігері боп табылам(Тоқылдақ)Түсі қара мақпалдайТөсі ақ сыр жаққандайҰшса оқтай зулайдыКөктен жұлдыз аққандай(Қарылғаш)Биікке салған ағаш үйСол ғой оның мекеніЖаздай сайран салып апҚыста алысқа кетеді(Қараторғай)Он екі айдың біреуіСірә оның атындаӨзге ұяға із тастапМен деп жар сап жүреді(Көкек)3 - бөлім «Ертегілер елінде»(Интерактивті тақтадан көрсету арқылы ертегіні рольге бөліп айту)4 - бөлім «Халық болжамдары»1 - жүргізушіХалқымыз құстардың келуіне, кетуіне қарап болжамдар жасаған. Енді солардың біразына тоқтала кетейік.Қарлығаш жоғары ұшса, күн жылы болады, ал төмен ұшса жаңбыр жауады.Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса, су тасқыны болады.Жаңбыр жауарда қарғалар у - да шу болады.Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады.Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.Шағала келсе сең бұзылады.Жыл құсы қаптап келсе, көктем ерте келеді.5 - бөлім «Оқушы шығармашылығы»(Оқушылардың өздері дайындаған өздері салған суреттері)6 - бөлім Қорытынды