Кім жылдам сайыс саба?ы



Жұмабеков Ербол Ерғабылұлы
Қызылорда облысыҚармақшы ауданыАудандық оқушылар үйінің үйірме жетекшісіБайланыс тел: 87059152954, 87076179612
Аудандық оқушылар үйінде «Сурет-дизайн» үйірмесінің ұйымдастыруымен
«Кім жылдам?» шапшаң ойындар сайысының СЦЕНАРИЙІ
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар, көрермендер! Бүгінгі өткелі тұрған «Кім жылдам?» шапшаң ойындар сайысына ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!
Сайысымыздың мақсаты оқушыларға оқу танымдық тәрбие беру. Шапшаң ойындар ойнату арқылы оқушылардың қызығушылықтарын ояту, жылдамдықтарын арттыру. Ойларын жүйелі, еркін, шапшаң жеткізе білуге дағдыландыру. Топтық жұмыс істеуге, достық қарым-қатынасқа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Көп жиналған жамағат,
Атаның сөзі аманат.
Деген сөзді үлгі етіп,
Бой ұрдық ойға ғаламат.
Шапшаң ойын ойнайтын,
Ұл-қызың шықса ортаға
Шақырайық сайысқа
Топтар шықса ортаға, - дей отырып ойынға қатысушы топтарды ортаға шақырайық!
1._________________________________________________________________________________
2________________________________________________________________________________
3._________________________________________________________________________________
4.________________________________________________________________________________
5._________________________________________________________________________________
Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,
Бас жүлдені өнерлі тапқыр алар.
Кім өнерлі, кім шапшаң шешу қиын,
Қазылар алқасы болмаса нақ сын алар.
Кез-келген сайыс бағалануы тиіс. Осының ара жігін ажырататын қазылар алқасы. Бұл- жарыстың ажырамас бір бөлігі, дәстүрлі үрдісі. Бізде сол үрдіс бойынша әділдігін айтып, тура шешім шығарар қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
Н.Наурызбаева- аудандық оқушылар үйінің директоры
А.Әбдіреева- Әдіскер
Қ.Манасова- үйірме жетекшісі
Өнер қуып оқушылар өтер деймін
Бір басына өнерлері жетер деймін.
Бәске түссе оқушылар кезектесіп,
Таныстырып топтарын өтер деймін- деп, алғашқы шартымыз бойынша өздерінің топтарын, төсбелгілерін, ұрандарын таныстырады.
Бүгінгі біздің сайысымыз 4 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңіміз «Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір!» кезеңі. Бұл кезең 3 ойыннан тұрады.
Ал енді шыдап бағайық,
Болмасы рас бұл оңай.
«Бинго» ойынынан бастайық!
Қызық болса халайық.
«Бинго» ойыны (Адамның есімін жазуға сұрақтар беріледі. 3 минут аралығында 36 сұраққа 36 адамның есімін жазу керек. Бірінші болған топ «Бинго» деп орындарынан тұрады. )
Пирок пісіре алады Әнұранды жатқа біледі Артистік қабілеті бар Классикалық музыканы жақсы көреді Интернетті меңгерген Гүл өсіргенді жақсы көреді
Ән атқанды ұнатады Мектеп директоры Достары көп Спортпен шұғылданады Тәттіні жақсы көреді
Мұғалім
Мектепте жұмыс істегеніне 10 жылдан асқан Суретті жақсы салады Тағамды дәмді дайындайды Курсқа қатысушылардың бос уақытын қалай ұйымдастыруды біледі Өз мамандығын сүйеді
Өлең шығарады
Автокөлік жүргізе алады Суда жүзе алады Ол үздік оқиды Тоқу біледі Бірнеще тіл біледі Жоғарғы оқу орнында оқиды
Би билегенді жақсы көреді Ол балабақшаға барады Театрға барып тұрады Мектепті жақсыға бітіргісі келеді Әзілді жақсы түсінеді Үстіне суық су құяды
Тұрмыс құрмаған Қиялдауды ұнатады Үш баласы бар Кітап оқығанды жаны сүйеді Ол ауылда тұрады Ол дәріханада жұмыс істейді
«Сиқырлы әріптер» ойыны (Оқушыларға әріптер таратылады. Берілген әріптердің барлығын қолданып сөз құрастыру керек.Бұл ойында жылдамдық танылады. Берілетін сөздер: Саңырауқұлақ, аурухана, батбырауық, әткеншек, бағдаршам)
«Сен білесің бе» ойыны (Оқушыларға сұрақтар қойылады. Сұраққа жылдам және дұрыс жауап берулері керек.)
Кім барлық тілде сөйлейді? (жаңғырық)
Қандай жолмен адам еш уақытта жүрмейді? (құс жолымен)
Теңізде қандай тастар табылмайды? (құрғақ)
Елеуішпен су әкелуге бола ма? (Болады, мұз немесе қар болса)
Қандай ыдыстарға су құйылмайды? (су толы ыдыстарға)
Осымен біздің біріәнші кезеңіміз аяқталды. Енді екінші кезеңімізге көшеміз. «Ақылдассаң шешерсің» кезеңі
Ым білмеген дым білмес,
Ымдап көрші сайыскер.
Ымдап айытқан сабақтың,
Тақырыбын кім білмек
«Ыммен түсіндіру» ойыны (Берілген тақырыпты ымдау арқыры басқа топқа түсіндіреді. Бұл жерде сайыскерлердің ымдап түсіндіру шеберлігін және оның дұрыс жауабының болуын ескеру керек. Тақырыптар таратпалар арқылы анықталады.)
Ыммен түсіндіру ойынының тақырыптары:
Өрмекшілер және оның қоректенуі
Бес саусақ бірдей емес
Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ
Түйенің үлкені көпірден таяқ жейді.
Су- өмір көзі
«Уақытты сағатсыз анықтау» ойыны (Сайыскер көзін жұмып 1 минут уақыт болды-ау дегенде бір адым алға шығу керек.)
«Неше жаңғақ» ойыны (Орындық бетіне жаңғақ қойып үстін салфеткамен жабамыз. Ойыншы орындыққа отырып, жаңғақтың санын анықтау керек)
Келесі кезең «Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйіні» кезеңі
Көңілін халқыңның таптың бүгін,
Елес қой мынау бізге жат күн бүгін.
Бір-бірлеп сұрақ қойып бақ сынайық,
Байқайық топбасшының тапқырлығын- дей отырып топбасшылардың тапқырлығы мен білімділігін сынайтын уақытта келіп жетті. Ендеше «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деп ситуациялық жағдаяттарға кезек береміз.
«Құпия хаттар» ойыны (Топбасшыларға ситуациялық жағдаяттар беріледі)
Сіз сыныбыңыздың топбасшысысыз. Мектепте жаңадан келген жас мұғалім сізге төмендегідей шағым айтты. «Сіздің сыныбыңыздың бірнеше оқушылары менің сабағыма қызықпайды және басқалардың да жұмыс жасауына кедергі келтіреді. Мен олардың алдында дәрменсізбін, не істеуім керек?» -деп көмек сұрайды. Сіз не істеген болар едіңіз?
Сіз мұғалімсіз. Оқушылардан бақылау жұмысын алып отырсыз. Бір сәтке шығып кетіп, қайта кірсеңіз біразы кітапты ашып қойып көшіріп отыр екен. Сізді көргеннен соң кітапты партаның астына тыға қойды. Оқушылардың сондай ұсақтыққа барғанына өкпелеріңіз анық. Мұндай кезде не істер едіңіз?
Сіз сабақ айтып тұрған кезде терезенің алдына бір торғай келіп қонды. Оқушылардың назары түгел сонда ауып, сабақ жайына қалды. Сіз бұл жағдайда не істеген болар едіңіз?
Сіз оқитын сыныпта мамаңыз сабақ береді делік. Мамаңыз сізден сабақ сұрағанда жауап бере алмай қалдыңыз. Сіз не істер едіңіз?
Сіз мұғалімсіз. Сіз сабақ берген бірнеше күніңізде немесе бірнеше күннен соң оқушы сізге «Менің ойымша, сіз мұғалім ретінде бізге үйрете алмайсыз!» -деді. Сіз не істеген болар едіңіз?
«Жақсылықтан жақсылыққа» ойыны (Бұл ойында топ мүшелері бірлесіп келесі топтарға өздерінің достық сезімдерін білдіріп, ақ тілектерін жазады)
Әділ-қазы шешеді,
Істің ақ пен қарасын.
Оқушылар өнерін,
Әділ берер бағасын,- дей келе сөз кезегін қазылар алқасына береміз.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім, ренжімеген,
Қатысу да бір жеңіс жан болсаң сен ұғатын.
Барына риза болсын көрермендер,
Байқадық білгенді де, шапшаңды да.
Осымен бір ойында тамандадық,
Тағыда кездесерміз аман болсақ.
Осымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Қош сау болыңыздар!