внеклассное мероприятие Мукагали Макатаеву


МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Сабақтың мақсаты: Қазақ жырының қара бурасы атанған Мұқағали Мақатаевтың өмірімен және шығармашылығымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушыларды өздігінен іздену арқылы деректермен жұмыс істеуге баулу және қазақша сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелік: Өнер адамдарын, өнерді құрметгеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мұқағалидың анасының суреттерді, газет, журнал материалдары.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы.
Әдісі: Мәнерлеп оқу, жатқа айту, шығарманы талдау, өндету.
Сабақтың эпиграфы:
Таудай едің, таудың алып тумасынНағыз қазақ едің сөздің турасы.
Қыр басында нағып шөгіп жатырсың,
Ей, өлеңнің буырқанған бурасы.
Жөркен Бөдешұлы.
«Қазақ жырының аспандағы азғана жұлдыздардың
Арысынан сенің жұлдызыңды біз оңай танушы едік.
Сенің жұлдызың - ең шұғылалы, ең мейірімді жұлдыз».
Тұманбай Молдағалиев:
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.
2. Жаңа сабақ.
Кіріспе сөз.
Балалар, ақын Жәркен Бөдешұлы айтып өткендей қазақ жырының қара бурасы атанған ақын М.Мақатаевтың өткен белестермен шығармаларын ой елегінен өткізбекшіміз.
Сабақтың жоспары:
1. Мұқағалидың балалық шағы.
2. Жас кезі.
3. Ақындық жолы.
Мұғалім: 1. Өзінің «Менің анкетам» деген өлеңінде жазылғандай М.Мақатаев 1931 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданында дүниеге келген. Әкесі соғыста қайтыс болған. Анасының аты - Нағиман. Әже баласы болған соң анасын Нақа деп атаған. Туған апасы: «Мені сөзге, жырға үйір еткен, тәрбиелеген, халқымды сүюге үйреткен әжем», - дейді. Осы жерде «Менің анкетам» өлеңі оқылады.
Оқушы: «Менің анкетам»
- Туған жерің?
- Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.
- Туған жылың?
- 1931. Құрдасымын Шәмілдің.
- Шыққан тегің?
- Шаруамын.
- Білімің ше?
- Орташа ғой.
- Алайда өзім жоғары бағалаймын.
- Ана тілің?
- Қазақша.
- Қысылғанда орысша да, немісше де бар.
- Қайда істедің?
- Мынау «Еңбек кітапшамнан» тауып ал.
- Оқымаған, дипломсыз демесең, бір басымнан бар мамандық табылар.
- Міндеттісің бе әскерге?
- Міндеттімін.
Міне мұнда көп мағына бар.
Мұғалім: Мұқағалидың анасының әңгімесіне назар аударайық.
- Мен ұлымның ақындығы сағыныш атты сезімнен бастау алған деп ойлаймын. Әкесі Сүлейменді достарыммен бірге 1941 жылдың желтоқсанында Өртең сайының аузына дейін тайлы таяғымыз қалмастан ұмытылмас қимастықпен шығарып салғанымыз есінде қалса керек. Әйтеуір әкесін ойлап, сағынып, кезіне жиі-жиі жас алып жүретін.
Оқушы: 1941 жылы күзде Мұқағалидың әкесі Сүлейменді әскерге алады. Ел жиналып әскерге шақырылған жігіттерді шығарып салуға бара жатты. Топ ішінде әкесімен қоштасушы Мұқағали да бар. Топ бір жерге жиналып, сонғы рет бақұлдасуға айналғанда Сүлеймен әкеміз тұрып:
- Уа, ел-жұртым, сендерге өтінішім бар. Мына Мұқағали тұңғышым болса да өзіме тартпай, әкесінің баласы боп есіп еді, осының бетінен иіскеуге рұқсат етіңіздер, - деп сұрайды.
Халық риза болып:
- «Рұқсат, рұқсат» деп шуласады. Әкесі сонда бірінші және соңғы рет еркін қимылдап, баланы өзіне шақырып, құшақтап, бетінен сүйеді.
Осы жерде қазақ халқында тұңғыш немересін атасы мен әжесі бауырына салатын дәстүрді оқушыларға түсіндіріп өту.
«Әке»
Оқушы:
Әке, сенің, жасыңнан асып барам,
Кезі-кезі келгенде тасып та алам.
Кезі-кезі келгенде жасып қалам,
Мына өмірге, бәрібір, ғашық балаң.
Құр алақан емеспін қуаныштан,
Қуаныштар алдымнан құрақ ұшқан.
Бір арыстан өмірден өткенімен,
Өмір сүріп келеді тірі арыстан.
Өкінбе, әке, отың бар сөнбейтұғын,
Ол мәңгілік жанады көрмей тыным.
Ұрпағың бар, ел менен ер намысын,
Тірі тұрса қолынан бермейтұғын.
Оқушы: 1948 жылы Алматыда шет тілдер институтында оқып жүріп, артындағы отбасының тұрмысы ауыр болғандықтан, соларға көмектеспекші болып, оқуды еріксіз тастап, ауылға оралады. М.Мақатаев «Киров» атындағы колхозда советтің секретары болып жұмыс істейді. 1952 жылы Қарасазда бастауыш кластарға орыс тілінен сабақ береді. Ауылда жүріп үйленеді. Әйелінін аты - Лашын. Балалары Майгүл, Жұлдыз, Шолпан, Айбар. Балаларын жанынан бетер жақсы көреді.
Балаларға да арнап көптеген өлеңдер жазған. Осындай өлеңдері «Бәсіре» деген атпен 1981 жылы жарық керді. Ол қазақ радиосында диктор болған. Газет-журналдарда жұмыс істеген. Ол өте көп керемет өлеңдер жазған. Оның өлеңдері туған жер, табиғат туралы. Жастарды елді, табиғатты сүюге, оны аялай білуге үйретеді. Алып ақын туған даласы мен тауларына, ормандарына сағынышын баса алмай кеткен ұлы ақын. Оның өлеңдері: «Туған жерде», «Отан».
«Туған жерде»
Оқушы:
Таныс өлке,
Таныс аймақ,
Таныс маң.
Анау жерде құрбылармен алысқам,
Анау жерде құрбы жанмен табысқам.
Алба-жұлба ақша бұлттар жарысқан,
Таулар әне ұйықтап кеткен данышпан.
Жолдар анау, шұбатылып шаңы үшқан.
Таныс өлке, таныс аймақ, таныс маң.
Шабындықтар,
Торғайлар.
Егістіктер,
Төбелердің төбесінде - көк айдар.
Ақ сағыммен араласып аулаққа,
Сағым болып бара жатыр көп ойлар.
Мұғалім:
Мұқағали - халқын, ана тілін, Отанын қадір тұтқан азамат ақын. Ол «Үш бақытым» атты өлеңінде:
«Ең бірінші бақытым - Халқым менің.
Ал екінші бақытым - Тілім менің.
Бақытым бар үшінші Отан деген
Құдай деген кім десе, Отан дер ем» деп кейінгі жас буынды халқын, тілін, туған жерін шексіз сүюге шақырады. «Үш бақытым» өлеңін бір оқушы мәнерлеп оқып береді.
Мәтінді оқу.
Великий поэт XX века М.Макатаев родился в 1931 году в ауле Карасаз Райымбскского района Алматинской области.
Мукагали талантливый поэт. В 1941 году началась Великая Отечественная Война и его отец Сулеймен ушел на войну. Тогда 10 летний Мукагали скучая по отцу, написал стихи. Из-за тяжелой жизни Мукагали рано повзрослел.
Родной ауыл Мукагалия у подножия горы Хан Тенгри и где много родников и луг.
Увидев красивую картину природы невозможно не быть поэтом. Мукагали все эти картины природы описывает в своих стихах.
Мукагали хорошо знал русский и немецкий языки. Он находясь в ауле через почту выписывает книги.
Мукагали поэт который читал мировую классику и перевел на казахский язык.
Мәтінді тындау.
- Кім туралы?
- М.Мақатаевтың өмірбаяны туралы.
- Мәтінді бір-бірлеп оқып, аудару.
- Енді мәтін бойынша мен сөйлемнің орысшасын айтамын, сендер мәтіннен қазақша сөйлемді табыңдар.
Мәтін бойынша бір-біріңе сұрақ қойыңдаршы:
1. М.Мақатаев қай жылы, қайда туған?
2. Ол әкесінен неше жасында жетім қалды?
3. Оның қандай өлеңдерін білесің?
Нұрғиса Тілендиев, Әбиірбек Тінәлисв, т.б. сазгерлер ақынның көптеген өлеңдеріне ән жазды. Олар «Сәби болғым келеді» әні орындалады. «Көгершіндер әні», «Саржайлауым», «Есіңе мені алғайсың», «Тоқта балам, атаң келеді артында», т.б. «Есіңе мені алғайсың» әні орындалады.
Мұхаң халқын сүйді, халық оны сүйді. «Лай су шаймайтын арым бар. Дауылдан қорықпас жаным бар», - деп Мұқағали көз жұмған соң Мұқаңа өлең арнамаған ақын кемде кем. Солардың бірі Қазақстан Ленин комсомолы және М.Мақатаев атындағы сыйлықтардың лауреаты, ақын Ерік Аскаров.
Оқушы: Мұқағалиға.
Шабысыма арттыма екен ел сенім,
Атындағы жүлдені алдым мен сенін.
Атой салып араластым дүбірге –
Қынабынан суырылды семсерім,
Семсеріме арттыма екен ел сенім.
Сен жатырсың Алматының қырында,
Енді қалған бар тірлігің өз жырында.
Жырыңменен сіңіп жатыр еліңе,
Шаттығыңда, қасіретіңде, мұңыңда.
Бала күнде батаңды алған ұл едім,
Аға маған сен болашақ тіледін-
Есіме алсам сол бір асыл сәттерді,
Сыздап-сыздап қоя берер жүрегім.
Тербесе елін ақын сендей тербесін,
Ақындарын ардақтамау - елге сын.
Тірлігіңде татитұғын жүлдені
Тым болмаса бермеді ғой өлгесін.
Ақын едің елге татыр іргелі, -
Елің кейде қадірінді білмеді.
Тартуы ма, тәлкегі ме тағдырдың
Берді маған атыңдағы жүлдені.
Сабақ соңында оқушылар мынадай тірек-сызба сызады.
Қорыту: Сабақ соңында оқушылар М.Мақатаев кім? деген тақырыпта толық мағлұмат алады. Мұқағалидың мұражайы туралы да айта кету.
Үйге тапсырма: «Үш бақытым» өлеңін жаттау.
Сонымен біз бүгін сабақта кім туралы әңгімеледік?
Бағалау.
Мұқағали туралы ең жақсы ойлар.
Не білдім?Нені білгім келеді?

Ойлы жас, Өлең менің бар тынысым,
Жақсы сөз жаны игі халқым үшін.
Атақ қуып, даңқ қуып
Біреулерден жүргем жоқ арту үшін, - деп сендерге ой тастап отыр.
Сабақты аяқтау.