Биология п?нінен саба? жоспары Техникалы?, талшы?ты да?ылдар ж?не д?рілік ?сімдіктер (6 сынып)
Сабақтың тақырыбы: Техникалық, талшықты дақылдар және дәрілік өсімдіктер
Мақсаты:
Білімділік: оқушыларға техникалық, талшықты дақылдары және дәрілік өсімдіктердің түрлерін, олардың қасиеттері мен адам өміріндегі маңызы жайлы түсінік беру.
Тәрбиелік: дәрілік өсімдіктерді өмірде пайдалана білуге, өз ауласына мәдени өсімдіктерді өсіріп, күтіп-баптауға бағыт беру, еңбекке баулу.
Дамытушылық: оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілетін, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, ой-өрісін дамыту. Тіл байлығын арттыру.
Сабақтың түрі: шығармашылық
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі көрнекілік, топтастыру, дәптермен жұмыс, сергіту сәті.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, интербелсенді тақта, слайдтар, басқатырғы, сәйкестендіру тесті, биологиялық диктант
Пәнаралық байланыс: технология, химия, география, экономика, әдебиет
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, түгелдеу
Оқушылардың құрал-жабдықтарын тексеру,
Оқушылар назарын сабаққа аудару
Сабақтың жоспары:
Үй тапсырмасына шолу: «Өсімдік – өмір нәрі, өмір сәні»
«Ғажайып ондық»
Семантикалық карта
Жаңа сабақ: «Жас биолог» хабарламалары
Сергіту сәті: «Жұмбақ шешу»
Сабақты қорытындылау:
Басқатырғы
Биологиялық диктант
Үйге тапсырма
Бағалау
Үй тапсырмасына шолу:
3581408052435І кезең. «Ғажайып ондық»
«Ғажайып ондық» кезеңінде оқушылар берілген торкөз бойынша таңдап, оның ішінен сұрақ пен суреттер шығады. Сол бойынша оқушылардың білімдері тексеріледі.
Көкөніс дақылдар бойынша суреттер мен сұрақтар:
3198495-2540226695149860171453848103082290384810
Көкөніс дақылдардың қандай түрлерін білесіңдер?
Олардың адам үшін қандай маңызы бар?
46158151244603082291124460Жеміс-жидек дақылдары:
14058904318015240-4445
Қазақстанда өздерің білетін қандай жеміс-жидектер өседі?
Жеміс-жидек дақылдарының жемісі қандай топтарға бөлінеді?
Бөлме өсімдіктері:
14439901905401574049530261556549530152401905
Бөлме өсімдіктердің қандай түрлерін білесіңдер?
Өз үйлеріңде қандай бөлме өсімдіктер өсіресіңдер?
ІІ кезең. Семантикалық карта.
Бұл кезеңде оқушылар сәйкестендіру тестін шешеді.
ІІІ кезең. Жаңа сабақ
Жаңа сабақтың тақырыбын суреттер арқылы ашамыз.
161417056578537528501416042495550141605130556093980 1524093980
Техникалық дақылдар дегеніміз – кез келген
-99060-293370 мүшелерінен өндіріске қажетті шикізат алуға
болатын өсімдіктер.
Техникалық дақылдардан қант, крахмал, май,
каучук т.б. өзге де қажетті заттар алынады.
Талшықты өсімдіктер де техникалық дақылға жатады.
Сабақты оқушыларды дайындап келген хабарлама арқылы өтеміз.
Базарбай Бақтияр:
Техникалық дақылдар дегеніміз - кез-келген мүшелерінен өндіріске
қажетті шикізат алуға болатын өсімдіктер. Талшықты өсімдіктер де техникалық дақылға жатады. Техникалық дақылдардан қант, крахмал, май,илік заттар, өзге де қажетті заттар алынады. Алайда техникалық дақылдарды өзге мәдени дақылдардан ерекше шектеп қарауға болмайды. Өйткені техникалық дақылдардың тағамдық, сәндік, азық-түліктік қасиеттері де болуы мүмкін.
234953175 Үпілмәлік (клещевина) - көпжылдық сүттіген тұқымдас қосжарнақтылар класына жататын техникалық дақыл. Ол - биіктігі 10 метрге дейін жететін бір үйлі өсімдік. Бірінші жылы сабағының биіктігі 60-500 сантиметрге жетелі де күзгі салқында тіршілігін тоқтатады. Сабағының іші қуыс, буын-буынды, көп бұтақты болып келеді. Жапырақтары үлкен, ұзын сағақты. Гүлшоғыры - бұтақтар ұшында болатын шашақгул. Оның астыңғы бөлігінде аталық гүлдер, үстіңгі бөлігінде аналық гүлдер орналасады. Жемісі - қауашақ. Қауашағы домаланған немесе сопақтау, үш ұялы болады. Әрбір ұнда бір-бірден тұқымы бар. Қауашақ сыртын тікенектер қаптайды. Үпілмәліктің тұқымында 40-58%-ға дейін өте тұтқыр, кеуіп кетпейтін май болады. Оның майы төмен температурада да қатпайды және бензинде нашар ериді. Үпілмәлік майы авиациялық моторларды майлауға, металлургияда, тері, мата, сабын алу өнеркәсіптерінде пайдаланылады. Үпілмәлік майы жеуге жарамсыз, медицинада іш жүргізуге қолданады. Үндістанда, басқа да елдерде түтіндемейтін болғандықтан, майшам ретінде пайдаланылады. Сабағының талшықтарынан арқан есіп, қап тоқылады. Оның отаны - Шығыс Африка. Қазақстанда бір түрі - кәдімгі үпілмәлік Іле, Күнгей Алатауларында, Батыс Тәңіртауда таралған біржылдық өсімдік. Оның биіктігі 60-400 сантиметрге дейін жетелі. Үпілмәлік жылуды, жарықты, ылғалды, қара топырақты жерлерде өседі. Тұқымы 12-14С- де өнеді. Өсімді кезеңі 110-150 күн. Үпілмәлікті екпе дақылдар тәрізді жыртылған жерге кең қатарлап себеді. Себу нормасы - 1 гектарға 25-30 килограмм тұқым шашылады.
Тұқымның сіңірілу тереңдігі 8 - 1 0 см. Суарыл маған жағдайда - гектарынан 7-12 ц, суармалы егістіктен 16-20 ң түсім алынады.
Бұйдакендір (канатник)- құлқайыр тұқым дасқа жататын біржылдық, шөптекті өсімдік. Оның жапырағы, гүлдері ірі болады. Күлтесі - сары түсті. Жемісі - 11-30 ұялы қауашақ. Қауашақтың әр ұясында 3 - 5 ұсақ тұқымдары болады. Бұйдакендірдің сабақтарында 17-27% талшық бар, одан арқан есетін, қап тоқитын жіп алынады. Тұқымында тек техникалық мақсатқа пайдаланылатын 18-20% май болады. Отаны - Қытай деп есептеледі. Қазақстанда Каспийтеңізінің маңында, Мұғалжарда өседі. Торғай, Балқаш-Алакөл ойысында, Іле, Күнгей Алатауларында кездеседі. Бұйдакендір жарық сүйеді, ыстыққа төзімді. Ол топырақта ылғалдықтың жетімсіздігіне төзе алмайды. Топырақжылылығы 10-12С болғанда кең қатарлы әдіспен бұйдакендір тұқымын егуге болады. Тұқым себу нормасы - гектарына 12-20 килограмм, сіңіру тереңдігі 3 - 6 ем. Тұқымы пісіп жетіле бастағанда бұйдакендірді талшығы үшін жинап алады. Адам өмірінде дәрілік өсімдіктердіц маңызы зор.
1092204604385 Кендір(Apocynum) – кендірлер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы. Негізінен Солтүстік Америка, Оңтүстік Еуропа және Оңтүстік Шығыс Азияда өседі. Қазақстанда Сырдария, Іле, Шу өзендері алабында өсетін 4 түрі, оның ішінде жиі кездесетін түрі – қызыл Кендір (Apocynum lancіfolіum) бар. Биіктігі 120 см-дей сабағы мықты, бұтақты, тік өседі. Жапырағы ұзынша не сопақша келген қандауыр пішінді, шеті иректелген. Гүлі ұсақ, ақ, қызғылт, күлгін қызыл түсті. Гүлшоғыры – сабақ басына орналасқан шашақ. Маусым – шілдеайларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жемістенеді. Жемісі – көп тұқымды қабатталған жапырақша. Тұқымы ұсақ, түкті болады. Қызыл кендірдің сабағынан мата тоқуда, арқан есуде пайдаланылатын өте мықты ұзын талшықтар алынады. Кендір құрамында каучук, оның жер астындағы өркендерінің қабығында былғары өнеркәсібінде қолданылатын илік заттар бар. Тамыр сығындысынан алынатын цимарин глюкозидінің дәрілік маңызы зор.[1]Кендір (Apocynum) – кендір тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Қазақстанда Сырдария, Іле, Шу өзендері алқабында өсетін 4 түрі, оның ішінде жиі кездесетін түрі – қызыл кендір (A. lancіfolіum) бар. Биіктігі 120 см-дей сабағы мықты, бұтақты, тік өседі. Жапырағы ұзынша не сопақша келген қандауыр пішінді, шеті иректелген. Гүлі ұсақ, ақ, қызғылт, күлгін қызыл түсті. Гүлшоғыры – сабақ басына орналасқан шашақ. Маусым – шілде айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жемістенеді. Жемісі – көп тұқымды қабатталған жапырақша. Тұқымы ұсақ, түкті болады. Қызыл кендірдің сабағынан мата тоқуда, арқан есуде пайдаланылатын өте мықты ұзын талшықтар алынады. Кендір құрамында каучук, оның жер астындағы өркендерінің қабығында былғары өнеркәсібінде қолданылатын илік заттар бар. Тамыр сығындысынан алынатын цимарин глюкозидінің дәрілік маңызы зор.
Қант қызылшасы (Beta vulgarіs) – қызылша туысына жататын екі жылдық бағалы техникалық дақыл. Бірінші жылы оның қоректік заттары бар тамыры мен жапырақ шоғы өседі. Осы жылғы өсу кезеңінің ұзақт. 150 – 170 күн. Екінші жылы топыраққа отырғызылған қант қызылшасының жемісінен гүл шашатын сабақ және тұқым пайда болады. Екінші жылғы өсу кезеңінің ұзақт. 100 – 125 күн. Қант қызылшасы – құнарлы мал азықтық дақыл. Оның пәлегін (жапырағы мен сабағын) з-тта өңдегеннен кейінгі қалған қалдықтардан сірне, сығынды мал азығы даярланады. Қант қызылшасының түсімінің 40%-ы пәлегінің үлесіне тиеді. Қант қызылшасының сығындысында 15% құрғақ заттар, 3% клетчатка, 0,7% күл, 0,1% май және 1,2% протеин болады. Осы сығындының 100 кг-ында 80 мал азықтық өлшем және 3,6 кг қорытылғыш протеин бар. Қант қызылшасы тамақ өнеркәсібінде қант алу үшін пайдаланылады, өйткені оның тамыр жемісінде 17 – 19%-дай қант болады. Қант қызылшасы – жылу сүйгіш өсімдік.Қант қызылшасының тұқымы қант з-ттарында дайындалады. Мұнда тазаланған тұқым 2 фракцияға (3,5 – 4,5 мм және 4,5 – 5,5 мм) бөлінеді. Негізінен тұқым себуді топырақтың 10 см тереңдіктегі температурасы 5,6°С жылынғанда бастайды. Бұл кезең көбінесе наурыздың 3-онкүндігі мен сәуірдің 1-жартысына сәйкес келеді. Органикалық заттарға бай, құнарлы қара топырақта жақсы өседі. Оған топырақтың қышқылдау немесе бейтарап болғаны дұрыс (рН 6,5 – 7,5). Қазақстанның суғармалы жерлерінде негізінен қатар аралығы 60 см кең қатарлы себу әдісі қолданылады. Қазақстанда қант қызылшасы Жамбыл, Алматы облыстарының суғармалы жерлерінде өсіріледі. 1991 жылданҚазақстанда қант қызылшасының бір тұқымды жаңа сорттары аудандастырылып, себілді. Қант қызылшасын бір танапта ұзақ жылдар бойы ауыстырмай сепкенде, оның зиянкес жұмыр құрты мен тамыр биті көбейеді. Сондықтан қант қызылшасын түрлі аурулар мен зиянкестерден қорғауда, оның өнімділігін арттырып, қанттылығын көтеруде ауыспалы егістің маңызы зор. Мал азықтық қант қызылшасының (Beta vulgarіs z. v. crassa) құрамында көмірсулар, витаминдер, тұздар, азотсыз экстракты заттар бар. Сондықтан ол жоғары сапалы және жұғымды мал азықтық дақыл. Бұл қызылша Қазақстанның барлық облыстарында өсіріледі.
Қазақстанда өсетін 6 мыңнан астам өсімдіктердің 500- дей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады. Бақбақ, долана,адыраспан, рауғаш, ермен, уқорғасын және өзге де дәрілік өсімдіктер бар. Оңтүстік Қазақстан облысындағыШымкент фармакологиялық зауытында дермене, меңдуана, үшжапырақты сана дәрі алу мақсатында өсіріледі.