Саба? жоспары К?кжиек. К?кжиек т?стары


Күні: 04 .09.2016
Пән: Дүниетану
Сынып: 2 «а»
Тақырыбы: Көкжиек. Көкжиек тұстары.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды тұсбағдарды қолдана білуге, жергілікті белгілер бойынша бағытты анықтай білуге үйрету
2. Байқампаздық пен әуесқойлықтарын дамыту
3. Айналадағы қоршаған ортаны сүюге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік.
Көрнекіліктер: суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты - тұсбағдарды қолдана білуге, жергілікті белгілер бойынша бағытты анықтай білуге үйрену.
Ал,балалар, сабағымызды көңілді тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.
Қуанамын мен де ,Қуанасың сен де.
Қуанайық ,достарым,
Арайлап атқан күнге.
2. Үй тапсырмасын сұрау. Ата- аналарымыздың мамандығы
3. Жаңа сабақ.
Адам қай жерде жүрсе де, оны кеңістік қоршап тұрады. Біз оның жартысын ғана көреміз. Біздің айналамыздағы көз жететін кеңістік көкжиек деп аталады. Көкжиек аспан мен жердің көз жететіндей түйіскен жері. Адам төбеге қарай көтерілген сайын, көкжиек кеңейе түседі.
Құбылнама және оның құрылысымен таныстырады. Құбылнама терістікті көрсетіп тұратын магнитті тілі бар, жер жағдайын көрсететін аспап екені түсіндіріледі. Кеңістіктің көзге көрінетін бөлігі қалай аталады?
Көрінетін бөлігінен көрінбейтін бөліктің қандай айырмашылығы бар?
Көкжиек сызығы дегеніміз не?
Көкжиектің негізгі және аралық тұстарын ата.
Мұғалім оқушылардың білімдерін бағалап, жаңа сабақтың тақырыбымен таныстырады. Оқушыларға бұл сабақта өздігінше бақылағандарын талдап, қорытынды жасауға тапсырма беріледі.
4. Сабақты бекіту.
Көкжиек дегеніміз не?
Көкжиек сызығы деген не? Ол екеуінің қандай айырмасы бар?
Жолмен жүріп келе жатқанда көкжиек қалай өзгереді?
Тауға шыққанда ше?
Тал түсте күнге арқаңды беріп тұр.көкжиектің негізгі және аралық тұстарын анықта.
5. Сабақты қорыту.Сабақты қорытындылау
6.үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
16-17бетт.
7. Бағалау.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.