Саба? жоспары д?ниетану 3-сынып Ж?йке ж?йесі


Сабақтың тақырыбы: Жүйке жүйесі.
Сабақтың мақсаты: ми, жүйке жүйесінің құрылымы, оның маңызы мен атқаратын қызметі туралы түсінік қалыптастыруға ықпал ету; жүйке жүйесін нығайту тәртібін талдау; балаларды өз бетінше бақылау, салыстыруға және талдау жасауға үйрету; сезім мүшелерін сақтауды үйрету.
Сабақтың көрнекідігі: «Ми және жүйке жүйесі» кестесі.
Сабақтың барысы:
I. Қызығушылықты ояту.
Адамның қандай дене мүшелерін білесің? Олар қандай қызмет атқарады?
Мұғалім сезім мүшелеріне баса назар аударады.
- Барлық органдар жұмысын қандай мүше басқарады деп ойлайсың?
Балалар жауап беруге қиналып жатса, мұғалім көмектеседі.
II. Тақырыпқа кіріспе.
Мұғалім сабақ тақырыбымен таныстырады, оқушыларға тапсырма беріп,
кестеден адам мүшелерін көрсетеді.
Осы сабақ арқылы балалар сезім мүшелерінің адам өмірінде қандай рөл атқаратынымен танысады. Сезім мүшелері - бесеу. Адам сыртқы дүниенің, өз денесінің жай-күйін де осы сезім мүшелерінің көмегімен біліп отырады.
Бабалар даналығынан: «Айналадағы дүниені көретін көз емес, дыбысты
еститін құлақ емес, иісті сезетін мұрын емес, ол ми!»
Мұны қалай түсіндіңдер?
Мидың жұмысы. Ол қандай қызмет атқарады? Миға ауырсыну, қарын
ашу сынды және т.б. белгілер келіп түседі.
III. Жаңа сабақ
Біз сезім мүшелері арқылы сыртқы дүниемен байланысамыз. Сезім мүшелері өзара байланыса қызмет етеді. Олар бір-біріне көмектесіп, бір-бірін толықтырып отырады. Барлық сезім мүшелерінің жады (есте сақтау қабілеті) болады. Мәселен, таңқурай жеген адам оның дәмін ешқашан қарақат немесе басқа нәрсенің дәмімен шатастырмайды.
Барлық сезім мүшелерін ми басқарып отырады. Сезім мүшелері өздеріне келіп түскен дабылды миға жеткізеді. Ми келген дабылды қабылдап, мүшелерге бұйрық береді.
Алдымен мұғалім, содан соң балалар тақырыпқа қатысты мысалдар келтіреді.
— Бас миы қай жерде орналасқан? (Бассүйектің ішінде. Омыртқадағы жұлын содан бастау алады). Ми мен омыртқадағы жұлыннан адамның барлық дене мүшелеріне жүйке тамырлары таралады, одан жүйке жүйесі құралады.
1. Оқулық бойынша жұмыс.
Балалар «Жүйке жүйесі» мәтінін оқиды. Содан кейін мұғалім балалармен бірлесіп мәтінді талқылап, маңызды тұстарын белгілейді және сызба құрылады.

Жүйке жүйесі гигиенасы және күн тәртібіне назар аудару.
2. Практикалық жұмыс.
3. Зерттеу жұмысы.
4. Сөздік жұмыс.
IV.Сабақты қорыту. Өзіңді тексер.
Адамға сезім мүшелері не үшін қажет?
- Біз қоршаған әлемді қалай танып-білеміз?
- Жүйке жүйесінің негізгі орталығы қай жерде орналасқан?
- Жүйке тамырлары қандай болады?
Негештің сұрағы:
- Жүйкені не үшін сақтау керек?
V. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы мидың, жүйке жүйесінің жұмысы туралы мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беру. Спорт, шынығу туралы мақалдар, өлеңдер дайындау.