Суды? ?асиеті та?ырыбында саба? жоспары
Сабақтың тақырыбы: Су. Судың қасиеті (ӨҚН)
Сабақтың мақсаты: Су туралы түсінік беру, судың қасиеттерін,судың үш күйін түсіндіру. Алған ұғымды өмірде қолдана алу.
Көрнекіліктер: суреттер, сызбалар, суреттер, тәжірибеге қажетті құрал-жабдықтар. Пәнаралық байланыс: әдебиет , қазақ-тілі, еңбек, музыкаӘдіс-тәсілі: сұрақ – жауап, түсіндіру, көрсету.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру 1
І Қызығушылықты ояту
-Салеметсіңдерме, балалар? Бүгінгі көңіл-күйлерің қалай?Әр кім өзінің көңіл-күйін алдарында жатқан смайликтермен көрсетсін. (алдарына смайлик таратып қою)
Топқа бөлініп отыру.
1топ-Ауа
2топ-Су
3топ-Табиғат
4топ-Адам
5топ-Өсімдік
6топ-Жануар
ІІ Жаңа сабақ
Мағынаны тану
Оқушыларға судың дыбысын естірту және судың бейне сюжетін көрсету.
-Балалар, бұл ненің дауысы? Не көрдіңдер? (Оқушылардың жауабы тыңдалады)
-Ендеше балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Су.Судың қасиеті.
-Балалар, жалпы су туралы не білесіңдер?
(Оқушыларға күннің атын, тақырыбын жаздырып қою)
-Қандай қасиеттерін білесіңдер?
-Ендеше біз қазір сендермен тәжірибе жасап көреміз. Кітабымыздың 41 бетін ашыңдар. Бір оқушыға оқытқызу.
Тәжірибе жасау: (Әр тәжірибе сайын тақтаға ассосация құрып жазып отыру)
1-тәжірибе. Шыны ыдысқа сүт, екінші шыныға су құй. Екеуін салыстыр. Сүт-ақ, ал су-түссіз
Таза суды аз мөлшерде алсаң, түссіз. Ал өзен, көл суларының түсі әр түрлі болады. Оның себебін кейін білесің.
2-тәжірибе: Су-мөлдір. Оны анықтап көрейік. 2 стаканның біреуіне сүт,біреуіне су құй. Олардың ішіне қасық сал. Қайсысындағы қасық анық көрінеді? Неге?
Бұл тәжірибеден судың қандай қасиетін байқадың? Суды иіскеп көр. Иісі жоқ. Олай болса, су түссіз, мөлдір, иіссіз.
3-тәжірибе: сен бірнеше ыдысқа: кесеге, шыныға, стақанға су құй. Осы ыдыстардағы судың пішініне қара. Су қандай пішінге ие болды? Әрбір құйылған ыдыстың дәл өзіндей емес пе? Олай болса, суда тұрақты пішін болмайды. Ол құйылған ыдыстың пішін алады екен.
1487143248065Судың қасиеті
Судың қасиеті
Судың күйі: (тақтаға судың үш кұйі деп жазып қою)
-Балалар суды кез келген беті тегіс нәрсеге құйып көр. Ол жан-жағына аға бастайды, неге? Себебі ол –сұйық. Кез-келген затты суға малып алсаң, ол су-су болып шығады. Су жабысқақ.
-Жуылған киімді далаға жаяды. Ол біраздан кейін кебеді. Ойланшы! Оның бойындағы су қайда кетті? Күн көзі жылуынан су буға айналады. Бу ауаға араласады. Мына тефальға қара су қайнады не көріп тұрсың? Бу.
-жазда шомылып рақаттанған өзеннің қыста қандай пайдасын көресің? Қыста оның үстінен конькимен сырғанайсың. Бұл мұз қайдан пайда болды? Қысқы суықта су қатып, мұзға айналады.
-Балалар, білесіңдер ме Африкадағы балалар сендерге неге қызығады? Өйткені сендер су бетімен жүре аласыңдар, ойнай аласыңдар қыс кезінде. (экраннан қыстағы өзен көрсетіледі.)
Судың 3 күйі:
Сұйық
Бу
Мұз
Бекіту кезеңі:
Ой толғаныс (шығармашылық тапсырма)
(тапсырмалардыи алдын-ала дайындап қою)
1-топқа венн диаграммасы:
Су мен ауаның қасиеттері және ортақ қасиеттері
1367983206457Дәмсіз,
түссіз,
иіссіз Су:
сұйық,
мұз,
пішіні жоқ
Дәмсіз,
түссіз,
иіссіз Су:
сұйық,
мұз,
пішіні жоқ
-6709203448Ауа: көзге
Көрінбейді, сығылады,
жылуды
ақтайды
Ауа: көзге
Көрінбейді, сығылады,
жылуды
ақтайды
2-топқа өлең жолдарын оқып, мазмұнына сурет салу.
Су тіршілік негізі
Онсыз өмір сүрмейсің
Гигиена негізі
Су деп және білгейсің
Су-табиғат байлығы
Өзен-көлге барғайсың
Кемі екі рет әр күні
Суға түсіп тұрғайсың.
3-топқа сәйкестендіру. Оқушыларға адамға өміріне қажетті жағдайларды суреттермен сәйкестендіру.
4-топқа «су-тіршілік нәрі» деген нақыл сөзді құрастыру
214014331507013169225618Су
00Су
5-топқа су туралы ән айтқызу караоке.
6-топтан үй тапсырмасын сұрау. Семантикалық карта. Ау қалай ластанады? Толтырып жазу 3 оқушы. 3 оқушы адам өміріне қажет 5 жағдайларды жазу.
Қорытынды: Үйге тапсырма: «Су. Судың қасиеті» мәтінін мәнерлеп оқу, әңгімелеу.
Кері байланыс.
1.Мен бүгін өте жақсы жұмыс жасадым.Сабақ өте ұнады.
2.Мен бүгін сабаққа белсене қатыстым.
3.Мен сабақты онша түсінбей қалдым.
Оқушылар өзін-өзі бағалайды.
Сабақтың соңындағы көңіл күйлерін көрсету смайликтер арқылы.
Сау болыңыздар!
«Көпбейінді №3 мектеп-гимназиясы»КММ
Тақырыбы:
Су. Судың қасиеттері.
Орындаған: Актанова А.Т
Өскемен, 2015ж