Ашы? саба? ??мырс?аны? ?ана?аты
Пәні:Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы:Құмырсқаның қанағаты
Сабақтың мақсаты:Ертегімен таныса отырып,мазмұны мен негізгі идеясын түсінеді.
Міндеті:1.Мәтіннен негізгі ойды ажыратуға ,еркін сөйлеуге үйрету.
2.Өз ойын көркем тілмен жеткізе білуге дағдыландыру.
3.Оқушыларды ауызбірлікке,ұйымшылдыққа,еңбеккқор,қанағатшыл болуға,жақсы қасиеттерді үйренуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:Мәтіннің негізгі идеясын ажыратады.Өз ойын көркем тілмен жеткізе білуге дағдыланады,шығармашылық қабілеттері дамиды.
Әдіс-тәсілдері:Миға шабуыл,топтық жұмыс,шығармашылық жұмыс,топтастыру,диалог-әңгіме,әңгімелесу,сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік,проблемалық оқыту,салыстыру,талдау,жинақтау.
Сабақтың типі:Жаңа білім беру.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта,А3 формат,түсті қағаздар,түрлі-түсті маркерлер,смайылдар.
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру Оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасын құру
Оқушыларды топқа бөлу
1-топ. «Еңбек»
2-топ. «Қайрат»
3-топ. «Қанағат» Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады
Үй тапсырмасын сұрау «Алтын балта» ертегісін «Шеңберлі доп» ойыны бойынша түсінгендерін айту. Үй тапсырмасын бір-біріне доп лақтыру арқылы баяндайды.
Жаңа сабақ Қызығушылығын ояту
Жұмбақ жасыру
Екі басы жұдырықтай,
Ортасы қылдырықтай. (Құмырсқа)
-Құмырсқа туралы не білеміз?
Құмырсқа туралы бейнекөрініс көрсету
«ДЖИКСО» әдісі бойынша.
Әр топ өздеріне берілген мәтінді түсініп оқып,топта талқылайды.Сонон соң топтан 1 оқушы сыныпқа айтады.Мәтін ретімен баяндалады.
Мағынаны тану
Оқулықпен жұмыс.
1-топ.Оқымыстының құмырсқаға кездесуі
2-топ..Оқымыстының құмырсқаға сұрақ қоюы.
3-топ.Бір жыл өткен соң.
Шығармашылық тапсырма:
Ой толғаныс.
1-топ. «РАФТ стратегиясы»-Оқушы құмырсқа болып,сол рөлге еніп,өз ойын жазады.
2-топ. «Автор орындығы»стратегиясы бойынша «Құмырсқаға хат» жазып,оны автор орындығында отырып оқиды.
3-топ..Құмырсқаның суретін салу,қасиеттерін жазу
Жұмбақты шешеді.
Құмырсқа туралы білетіндерін айтады.
Бейнекөріністен не көргендерін айтып,құмырсқаның бойындағы қасиеттерге сипаттама береді.
Әр топ өздеріне берілген бөлігін оқып,топта талқылайды.
Әр топтан бір оқушы ортада түсіндіреді.
Әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындап,ортада қорғайды.
Жаңа сабақты бекіту. Әр топ топтарының аттарына байланысты мақал-мәтелдер айту,мағынасын түсіндіру. 1-топ еңбек туралы
2-топ.қайрат туралы
3-топ..қанағат туралы мақал-мәтел айтады.
Бағалау Алдарындағы бағалау парақшасына байланысты балына жауаптарын есептеу.
Қорытынды баллды есептеп,өздерін бағалайды.
Үйге тапсырма Ертегіні түсініп оқу,мазмұндау.
«Қанағат қарын тойғызар тақырыбына эссе жазу.
Кері байланыс Қалпақ әдісі арқылы рефлексия.Әуен арқылы қалпақты бір-біріне кигізеді.Әуен тоқтап қалғанда,қалпақ басында қалған оқушы сұраққа жауап береді.
Оқушылар өз ойларын айтады.
Мұғалім жазбасы.
Бүгінгі сабағыма көздеген мақсатыма қол жеткіздім. Сабағыма жеті модульді кіріктіріп, оларға байланысты тапсырмалар орындаттым.
Оқушылар жан –жақты мәліметтерді оқыту мен оқуда ақпараттық –коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы жинап, оларды салыстырып анализ жүргізді. Оқушылар өз ойларын бір-бірімен, жұппен, топпен талқылап, пікірлесіп,сөздерді тіркестері арқылы байланыстыра жеткізуге тырысты. Сыни тұрғыдан ойлауға үйретуде өмірмен байланысты сұрақтарға жауап алдым.
Оқушыларым топпен жұмыс жасағанда басқа балаға көмектесуді,бірігіп талқылауға пікіресіп, өз ойларына еркіндік беруді үйренді. Топпен жұмыстағы тапсырмалар да ұнады. Бір-бірлеріне ойларын айтып, өзгені тыңдауды да үйренді.
Оқушыларым кері байланысты жаңа сабақты қалай түсінгендіктерін критерий бойынша жүргізген болатынмын,сұрақтарға жауап беріп,ойларымен бөлісті.