??мырс?аны? ?ана?аты 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Құмырсқаның қанағаты.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Ертегені түсініп оқу арқылы мазмұнын өмірмен байланыстыра отырып, негігі идеясын ашуға көмектесу.2.Дамытушылық: Кейіпкерлердің іс-әрекетін дәлелдеуде өз көзқарасын көркем тілмен жеткізе алуға дағдыландыру. Оқушылардың шығармашылық жұмыстар арқылы өз бетімен жұмыс жасауға,қиялдауға, шешен сөйлеуге жағдай туғызу.
3. Тәрбиелік: Құмырсқаның қанағатымен, талпынысы мен табандылығын үлгі ету. Адам бойындағы жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.
Ақпараттық құрал: Интерактивті тақта.
Көрнекілігі: Құмырсқаның суреті, құмырсқа илеуінің суреті, шығарманы талдау алгоритмінің, шығарманың композициялық құрылымың карточкалары, сюжетті суреттер.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың типі: Білімдерін жетілдіру.
Сабақтың формасы: ұжымдық, жеке-дара, жұптық.
Сабақтың технологиясы: Ұжымдық оқыту.
Әдістері: энциклопедиялық әдіс,баяндау, сұрақ-жауап,түсіндіру, көрнекілік, проблемалық оқыту, салыстыру, талдау,жинақтау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1/ Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2/ Психологиялық дайындық
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай аламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда жан – жағым.
3/ Ауызбірлік.
Жолда жатқан нанның қиқымын жалғыз құмырсқа ініне жеткізуге қанша талаптанса да, орнынан қозғалтуға күші жетпеді.
-Балалар құмырсқа сендерді көмекке шақырады.
- Ол үшін балалар сабақ соңына дейін бәріміз қосылып жұмыс жасайық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге қандай тапсырма берілді? «Алтын балта.» Баяндау.
Венн диаграммасы:
31100282407771
2
3
4
001
2
3
4
-5981701803401
2
3
4
001
2
3
4
154178024003000Кедей Ортақ қасиеті Бай
Ойын: «Көбелекті гүлге қондыр»
Сұрақ-жауап әдісі бойынша:-Ертегіде кімдер туралы айтылады?-Кедейге сипаттама бер?-Бай қандай адам?-Диірменші кімге ,не үшін риза болып алтын балтасын ұсынады?-Осы ертегі арқылы қай кейіпкердің бойындағы қасиетті өзіңі керек етер едің?
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. «Ой қозғау» Жұмбақ шешуБір балуан өзі күшті,қайраты мол,Өзінен үлкен затты көтерер ол.Мейлі қыр,мейлі жота,мейлі төбе,Қайқаңдап аса берер бәрінен ол.
Екі ұшы жұдырықтайОртасы қылдырықтай. (Құмырсқа)
-Балалар бүгін біз «Құмырсқаның қанағаты» ертегісімен танысамыз.Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: халық ауыз әдебиетінің бір түрі ертегені түсініп оқу арқылы мазмұнын өмірмен байланыстыра отырып, негізгі идеясын ашу. Кейіпкерлердің іс-әрекетін дәлелдеуде өз ойыңды көркем тілмен жеткізе алу, өз бетімізбен жұмыс жасаймыз. Құмырсқаның қанағатымен, талпынысы мен табандылығын үлгі етеміз. Адам бойындағы жақсы қасиеттерге тоқталамыз.
2. Оқулықпен жұмыс.
а) Ертегіні тізбектеп оқу арқылы бөлімдерге бөлу.
1) Оқымыстының құмырсқа илеуіне тап болуы.
2) Құмырсқаға сұрақтар қоюы.
3) Бір жыл өткен соң.
Әр бөлімді жекелей оқыған оқушы ретімен бір-біріне сұрақ қояды.Сұрақ қою арқылы оқыған оқушы түсіндіреді.
ә) Ертегіні рөлге бөліп оқыту.
3. Сөздікпен жұмыс.
Оқымысты-ғұлама, білімді, данышпан, көзі ашық.
Қанағат-барға риза болу, місе тұту.
4. Қосымша мағлұмат.
Құмырсқалардың жер бетінде 6000 түрі болады екен.
Илеу құмырсқалардың күмбезделген ұясы. Ірі илеудегі құмырсқалардың саны бірнеше миллионға жетеді. Илеудің жер астындағы бөлігі болады. Оны жас құмырсқалар дамып жетілетін жолдар торлап жатады. Құмырсқалар тек қана топ-топ болып қана емес, аналық, аталық және жұмысшы құмырсқалардан құралған семьялармен ұзақ жылдар тіршілік етеді. Жұмысшы құмырсқалар өзара еңбек бөліседі, Солдат құмырсқалар әрбір кіре беріс жолында іннің аузын басымен жауып тұрады. Илеуге оралған жұмысшы құмырсқа кіре берістегі жолды жауып тұрған солдаттың басын мұртшасымен тықылдатып қаққанннан кейін ғана илеуге ене алады. Негізгі қорегі насекомдар, өсімдік дәндері. Олар ортаны тазартып табиғатқа көп пайда келтіреді. Кейбіреуі ауыл шаруашылыққа зиянын келтіреді. Оның шаққаны улы. Құмырсқаның илеуін бұзуға болмайды!
5. Сергіту сәті
Балалар құмырсқаның қимылын келтіріп сергіту сәтін жа-сайық.
Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатыр жұмысқа.
Алды допты қолына,
Қойды допты жолына.
Оңға қарады, солға қарады,
Үлкен тау деп ойлады.
6. Дәптермен жұмыс.
Бүгінгі күнді жазамыз. Жиырма бесінші сәуір.
Шығарманы төмендегі алгоритм бойынша талда. (интерактивті тақтада)
Шығарманы талдау.
1. Жанр түрі. ( Ертегі)
2. Ертегінің түрі: (қиял-ғажайып ертегісі)
3. Тақырыбы: (Құмырсқаның қанағаты.)
4. Негізгі идеясы: (Адам бойындағы жақсы қасиет)
5.Бейнелі сөздер: бүктісіп6. Кейіпкерлер: ( Ғұлама адам, құмырсқа)
Шығарманың композициялық құрылымы:
Басталуы ( Оқымысты адамның құмырсқа илеуіне тап болуы)
Байланыс: ( құмырсқаны ұстап алуы)
Дамуы : (Құмырсқа сауыт ішінде ашығуы )
Шарықтау шегі: (4-5 жылға жеткізер еді)
Шешімі: (Құмырқаның қанағат тұтып ойлағанына жетуі)
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Құмырсқаның түрлеріҚоректенуіПайдасыЗияныЕртегі- адам өмірінде, хайуанаттар дүниесінде болуға лайық әр алуан қызық, ғажайып оқиғаларды ойдан шығарып, өсіре әңгімелейтін көркем баяндалған шығарма. Ертегілерді оқу арқылы халқымыздың әдет-ғұрпын, тұрмыс-салтын білеміз. Ертегіде халықтың арман-тілегі, даналығы баяндалады.Ертегі кейіпкері арқылы адам бойындағы батырлық, тапқырлық, шешендік, адамгершілік, тағы басқа ізгі қасиеттерді көреміз. Қазақ ертегілері-әдебиетіміздің бай қазынасы.
Топтастыру
292915712710540746691974431230986318023Төзімді Еңбекқор Ақылды
40746691504231001391760151428000286886715042310
Қанағатшыл Шыдамды Ұйымшыл
Ү.Қорытындылау.
Адам болам десеңізТалап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой.
Бес асыл іс көнсеңіз.
Абай.
-Сонымен балалар құмырсқаның қанағаты ертегісін оқи отыра, көңілімізге не түйдік?
- адамгершілік қасиеттерді, шешендігін, тапқырлығын, еңбекқорлығын, ынтымақтығын, қанағаттылығын білдік.
ҮІ.Үйге тапсырма беру. Құмырсқаға топтастыру арқылы мінездеме жазып келу. Ертегіні түсініп оқу, мазмұнын әңгімелеу.
ҮІІ. Бағалау.