ГЕОГРАФИЯ КУРС БОЙЫНША БА?ЫЛАУ Ж?МЫСТАР ЖИНА?Ы 6-11 СЫНЫПТАР


ЕРТІС АУДАНЫ «АБАЙ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ» ММ


ГЕОГРАФИЯ КУРС БОЙЫНША БАҚЫЛАУ
ЖҰМЫСТАР ЖИНАҒЫ
6-11 СЫНЫПТАР
(әдістемелік құрал)
Ертіс ауданы, Абай ЖОББМ 2015 ж.
Ертіс ауданы, Абай ЖОББМ-нің ӘБ отырысында (Хаттама № 3, 19 ақпан 2015 ж.) қарастырылды.
Рецензент: Жақашева Т.Н.
ББжТДИО әдіскері
Жинақтама құрастырушысы:
Ертіс ауданы, Абай ЖОББМ-нің география пәнінің мұғалімі Қаламов Ж.А.
Түсінік хат
География курсын оқу үрдісінде оқушы белігілі бір теориялық және практикалық білім мен білік дағдыларын үйренеді. География пәнінен жаңартылған бағдарламада мемлекеттік стандарт бойынша оқушыға міндетті түрде дайындығы болуы керектігі көрсетілген.
Оқу үрдісінде білім мен білік дағдысын бағалау маңызды процесс болып табылады. Ағымдағы бақылаулар жұмыстарын орындау арқылы мұғалім оқушының өтілген тақырыпты қаншалықты меңгергенін және қиындық тудырған тақырыптарды шығарады.
Аталған әдістемелік құралда оқушылардың географиядан білім мен білігін арттыруға арналған бақылау жұмыстары берілген.
Әр сыныпқа арналған (0-бақылау) өткен сыныптағы білімін тексеруге, I жартыжылдық және жылдық бақылау жұмыстары жинақталып берілген. Қортынды бақылау жұмыстарын келесі оқу жылында дидактикалық материал ретінде қолдануға болады. Әр бақылау жұмысы 2 нұсқадан беріледі. Әр нұсқада 6 тапсырма ( 5- міндетті, 6- шығармашылық).
Сұрақтардың жартысы тест түрінде құрастырылған, себебі жоғары оқу орнына түсуші түлек онымен жақсы жұмыс істей алу қажет. Сонымен қатар, тестілеу оқушының ойын жүйелеп, қабылдауын жеңілдетеді.
Бақылау жұмысында берілген сұрақтар мен тапсырмалар тек (1-деңгейдің) оқу ақпаратына бағытталып қана қоймай, сонымен қатар (2- деңгейдің) таныс оқу жағдаятында және (3- деңгейде) шығармашылық жаңа оқу жүйесі түрінде берілген. Шығармашылық тапсырмалар * түрінде белгіленген.
Орындалған тапсырмалар келесі түрде бағаланады:
«5» - 5 тапсырма дұрыс орындалғанда.
«4» - 4 тапсырма дұрыс орындалғанда.
«3» - 3 тапсырма дұрыс орындалғанда.
Рейтингтік жүйеде бағалау әдісін қолдануға болады: әр тапсырманы ұпай бойынша бағалап және орындалу деңгейін сай әр тапсырмаға ұпай беріледі. Жинаған ұпайды пайызға аударып одан кейін баға қойылады.
Мен тыңдадым және ұмыттым
Мен көрдім және есте сақтадым
Мен өзім істедім және түсіндім
Конфуций
Блум таксономиясы 
Оқу мақсаттарының деңгейлері Осы деңгейге жеткені туралы оқушының нақты іс-әрекеті
1. Білім. Бұл категория нақты фактілерден толық теорияға дейін еске сақтау мен оқыған материалды еске түсіру. -терминдерді,нақты фактілерді, негізгі түсінікті, ереже мен ұстанымды, әдісі мен орындау түрін еске түсіру.
2. Түсіну
Түсінудің көрсеткіші - материалды бір формадан екінші формаға өзгертіп көрсету, материалды түсіндіру, қысқаша баяндау (интерпретациясы), құбылыс пен оқиғаның әрі қарай барысы туралы ой болуы мүмкін. - фактіні, ережені, ұстанымды түсіндіру;
- мәтінмен берілген материалды математикалық шартты белгіге өзгерту;
- бар мәліметтен келешекте туындайтын болжамды ойды сипаттау.
3. Қолдану
Бұл категория оқыған материалдың жаңа ситуация мен нақты жағдайда қолдану іскерлігін көрсетеді. - заңды, теорияны нақты тәжірибе жағдайында қолдану.
- жаңа жағдайда түсінік пен принципті қолдану.
4.Талдау
Бұл категория материалдың құрылымы анық байқалатындай, оны құрамды бөліктерге бөлу іскерлігі.
- бүтінді бөліктерге бөлу;
- олардың арасындағы өзара байланысты анықтау;
- бүтіннің түзілу принципін анықтау;
-пікір айтқанда кемшілік пен қателікті көру;
- факті мен салдар не нәтиже (следствия) арасындағы айырмашылықты анықтау;
- мәліметтің мәнділігін бағалау.
5. Синтез
Бұл категория жаңалықтың нышаны сезілетін элементтерді қиыстырып-құрастыру арқылы бүтінді алу іскерлігі. - баяндама, шығарма, сөйлейтін сөз, мақала, реферат жазу;
- эксперимент жүргізу жоспарын немесе басқа іс-әрекетті ұсыну;
- міндеттің кестесін құру.
6. Бағалау
Бұл категория қандай да бір материалдың мәнін бағалау іскерлігі.
- жазбаша түрдегі мәтіннің құрылу логикасын бағалау;
- бар мәліметке қорытындының сәйкестігін бағалау;
- іс-әрекет нәтижесінің мәнділігін бағалау.
Бақылау жұмыстар жинағын жүктеу үшін 87779349871 номеріне 1000 тенге лақтырып электрондық поштаның адресін жазыңыз (e-meil) 1 cағат аралығында сізге бақылау жұмыстар жинағы жіберіледі.