Сын-?имыл ж?не м?лшер ?стеу
Сын-қимыл (бейне) үстеуі. Мөлшер үстеуі
І. Сабақтың тақырыбы: Сын - қимыл (бейне) үстеуМөлшер үстеуІІ. Мақсаты: 1. БілімділікЖаңа білімді жете меңгерту, жан - жақты сапалы білім беру.2. ДамытушылықОқушылардың білімін, ойлау, еркін сөйлеу қабілетін,шығармашылық қабілетін дамыту, қиялына қанат бітіру.3. Тәрбиелік:Білімді, сауатты, теорияны іс - тәжірибе жүзінде қолдана білетінжеке тұлғаны қалыптастыру.ІІІ. Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих, сурет, халық педагогикасыІV. Көрнекілігі: Интерактивті тақта арқылы тіл жанашыры - Ахмет Байтұрсынов, сөз өнерінің саңлақтары: Би - шешендер, Абай Құнанбаев,Мағжан Жұмабаев, Мұқағали Мақатаев, Әбу Сәрсенбаевтардың тіл туралы сөздері мен портреттерін көрсету, үстеудің мағыналық түрлеріне арналған кесте, тақырыпты жүргізіп қою, тіл туралы мәтін, сатылай кешенді талдау үлгісі,(морфология, синтаксис) деңгейлік тапсырмалар, сауалнама, үй тапсырмасын арнайы белгіге жазып қою, бағалау парағын пайдалану.(Интерактивті тақта мүмкіндіктерін пайдалану.)V. Түрі: Жаңа білімді меңгертуVІ. Әдісі: зерттеушілік, жаңа сабақты мысал арқылы оқушылармен сұрақ – жауап алмаса отырып, кесте бойынша түсіндіру, оқулықпен жұмыс, сатылай кешенді талдау (морфология, синтаксис) деңгейлік тапсырма: сөздерді ретімен орналастырып сөйлем құрау, мақал - мәтелдердегісын - қимыл, мөлшер үстеулерін табу, Сын - қимыл (бейне) үстеуін. Мөлшер үстеулерін ажыратып, екі бағанға бөліп жазу, мәтін құрау, тақырыптық сауалнама жүргізу. (Actevoid арқылы)VІІ. Барысы: 1. ҰйымдастыруОқушылардың сабаққа қатысын қадағалау, көрнекіліктердіорналастыру.2. Үй тапсырмасы: Оқушылар Ахмет Байтұрсынов сөздерінен, өздері ізденіп, танысып жүрген ақын - жазушылар еңбектерінен мезгіл, мекен үстеулерін табу.3. Жаңа сабақОқушылар алдарыңызда берілген сөйлем ішіне қойылатын керекті сөздерді қойып, қай сөз табы екенін айтайық.1... Ескі ақынша отырмын бос мақалдап.. Ескі.... бише мал үшін тұрман зарлап...(Абай)2. Осындай бір қалыпты күйде....... уақыт өткен соң, көшенің төменгі жағынан шығып, базарға қарай беттеп келе жатқан бір шаналы көрінеді.(М. Әуезов)Сонымен бұл сөздер үстеу болды, енді мына кестеге назар аударайық.Р/с Мысалы Сұрағы ЕрежеІ 1. Ақырын жүрді2. Емін - еркін сөйледі3. Балаша мәз болдыҚалай?Кімше? Қалайша?Қайтіп?Қимылдың, іс - әрекеттің амалын, сынын, бейнесін, тә - сілін білдіреді. Етістікпен тіркесіп жұмсалады.ІІ1. Онша жараспайды2. Әжептәуір оқиды3Анағұрлым көбейдіҚалай? Қалайша?Қанша? Қаншама?Қаншалық? Қаншалап?Қимылдың немесе сынның мөлшерін, көлемдік дәрежесін, шама шарқын білдіреді.1. Етістікпен тіркеседі2. Сын есіммен тіркеседі4. Бекіту:Оқулықпен жұмыс281 - жаттығу: Сөйлемнен сын - қимыл үстеулерді тауып астын сызуМорфологиялық талдау(2 топ)283 - жаттығу: Мәтіндегі сөйлем ішінен мөлшер үстеулерді тауып, сұрақ қою,Сатылай кешенді синтаксистік талдау жасау (2 топ)Деңейлік тапсырмаІ деңгей (Жас тілшілер)1. Сөздерді ретімен орналастырып, сөйлемді құрастырыңыз.Үстеуді тауып, қай түрі екенін айтыңыз?Біз поезд күткен біраз мезгілінен кешігіп, түн ортасы ауа келді.(С. М)2. Мөлшер үстеуін қатыстырып сөйлем құраңыз.ІІ деңгей1. Берілген сөйлемде үстеудің бар, жоғын анықтаңыз.Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып, өзге пәндерді түсінумүмкін емес.(Ж. Аймауытов)2. Құрамында үстеуі бар мақал - мәтелдер, жұмбақ айтыңыз.ІІІ. Деңгей (Жас ғалымдар)1. Берілген үстеулерді мағынасына қарай екі бағанға бөліпжазыңыз.Қыруар, емін - еркін, біршама, ақырын, талай, бірталай, лезде, бірте - бірте.2. Сын - қимыл, мөлшер үстеулерін қатыстыра отырып«Білім, ғылым» тақырыбына мәтін құраңыз.6. Қорытынды:Сауалнама1. Берілген сөз ішінен сын - қимыл үстеуін табыңыз?А) әреңӘ) соншаБ) осылайВ) біршама2. Мөлшер үстеуінің сұрағын көрсетіңіз?А) қашаннан?Ә) қаншама?Б) қайдан?В) қалай3. Дефис арқылы жазылатын үстеуді көрсетіңіз?А) қыстыгүніӘ) құр босқаБ) емін еркінВ) осынша
4. Сын есіммен тіркесетін үстеу түрін табыңыз?А) мекенӘ) мөлшерБ) мезгілВ) сын - қимыл5. Мөлшер үстеуін табыңыз?А) кешеӘ) тымБ) әжептәуірВ) ілгері6. Үстеу дегеніміз не?А) Іс - әрекет, қимылды білдіреді.Ә) Қимылға, іс - әрекетке еліктеуді білдіреді.Б) Заттың сапасын, көлемін білдіреді.В) Қимылдың мезгілін, белгісін, себебін, мақсатын білдіреді.7. Үстеудің неше мағыналық түрі бар?А) 5Ә) 8Б) 4В) 78. Туынды үстеуді көрсетіңіз?А) Әдейі бардым.Ә) Ертең келеді.Б) Жылдамырақ жүр.В) Әрең жүрді.9. Дұрыс жазылған үстеуді табыңыз?А) Жолжөнекей.Ә) Ала - жаздай.Б) Быйыл.В) Ендігәрі.10. Сын - қимыл үстеуі қай сөз табымен тіркеседі.А) Сын есімӘ) ЕтістікБ) Сан есімВ) Шылау
Жауап1) А 2) Ә 3) Б 4) Ә 5) Б 6) В7) В8) Б9) В10) Ә«Тіл» туралы көркем сөз оқу5. Үй тапсырмасы: 282; 283 - жаттығу. Мәтіннен үстеулерді табу, морфологиялықталдау жасау.«Білімді ұрпақ - жарқын келешек»тақырыбына үстеуді қатыстыра отырып шағын шығарма жазу.Бағалау: