?ааз? тілі 6-сынып ?имыл-сын ?стеу
Сабақ жоспары
Пәні: қазақ тілі Күні: Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Сын - қимыл үстеуі.
Сабақтың мақсаты:
а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
сын - қимыл үстеуін түсіндіру, сауатты сөйлеу мен жазуға үйрету;
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру
б) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-
өзі ұстауға тәрбиелеу ;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, кестемен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта, суреттер
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңi.
1.Амандасу. 2.Кезекшiмен сұхбат
ІІ. Үй жұмысын тексеру:
1.Ережелер сұрау.
А) Мекен үстеулерін қатыстырып, эссе жазу;
Ә) Мекен үстеулері кездесетін мақал-мәтелдер жазып келу
ІІІ. Жаңа материалды меңгерту.
Сын-қимыл үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің амалын, сынын, бейнесін, тәсілін білдіріп, қалай? Қайтіп? Қалайша? Кімше? Деген сұрақтарға жауап береді. Сын-қимыл үстеуі көбінесе етістікпен тіркесіп жұмсалады. М: ақырын құлады, тез келді, бірден сөйледі, шалқасынан құлады, балаша мәз болды
Ереже Сұрақтары Мысалдар
Сын-қимыл (бейне)
үстеуі қимылдың, іс-
әрекеттің амалын,
сынын, бейнесін,
тәсілін білдіреді Қалай?
Қайтіп?
Қалайша? Ақырын жүрді
Тез келді
Бірден сөйледі
Балаша мәз болды
Емін-еркін отырды
Бостан –бос жүрді
Семантикалық карта
Құрлысына қарай дара Күрделі Негізгі Туынды
Емін-еркін
Әрең
Келе сала
Бірте-бірте
Лезде 220-жаттығу. Берілген сөйлесдерді көшіріп жазып, сын-бейне үстеулерінің астын сызып, тіркескен сөзімен байланыстырып, оларға сұрақ қойыңдар
4.Бекіту кезеңі: 1-тапсырма «Сөз бәйге» Досың екеуің бір-біірне мінездеме жазыңдар. Мәтінде қимыл-сын үстеулерінің көп қолданылуын ескер.
5. Үй тапсырмасы: «Білімді ұрпақ - жарқын келешек»тақырыбына үстеуді қатыстыра отырып шағын шығарма жазу.Бағалау: