Урок ?стеу туралы жалпы т?сінік


Сабақтың жоспары. Поурочный план
The plan of the lesson
Күні/Дата/Date: 03.02.16
Сынып/класс/class: 4 «А»
Сабақтың тақырыбы/тема занятия/ Theme: Үстеу.
Сабақтың типі/тип занятия/Kind of the lesson: жаңа сабақ.
Мақсаты/Цель/Aim :
Білімділік міндеті /образовательная/educational : оқушыларға етістіктен алған білімдерін пысықтай отырып, үстеу туралы жаңа теориялық білім беруДамытушылық міндеті/развивающая/ developing : Жаттығу - талдау жұмыстары арқылы жүйелі талдау, ой қорытындысын жасау, қабілетін дамыту, сөйлеу тілін, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;Тәрбиелік міндет/воспитательная/bringing-up: келтірілетін мысалдар мен жаттығулар арқылы оқушыларды еңбекке, имандылыққа баулу,тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі /оборудование/resoupees: тірек - сызба, семантикалық карта.
Әдістері: сұрақ - жауап, түсіндіру, талдау, жаттығу, «Конькиші» ойыны.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру:
Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру.
Психологиялық дайындық.ІІ. Үй жұмысы
Өтілген тақырыпты пысықтау. Семантикалық карта арқылы және тақтаға екі етістікке сатылай кешенді талдау.Етістік-------------Негізгі -- Туынды -- Болымды -- Болымсыз -- Салт -- Сабақты -- Есімше -- Көсемше -- ТұйықКелОйламаайтқан барамынсөйлемеу
III Үй жұмысын бекіту Сөйлемнен етістіктерді тауып, сатылай кешенді талдау жаса.Дала тіршілігі басталғалы тұр.Басталғалы тұр
І. Құрамына қарай: екі құрамды
ІІ. Тұлғасына қарай: туынды, бас деген зат есімнен – та деген жұрнақ арқылы қимылды білдіретін сөз жасалып тұр, екі сөздің тіркесуі арқылыІІІ. Құрылысына қарай: күрделіІҮ. Лексикалық мағынасы: қимылды білдіредіҮ. Грамматикалық мағынасы: етістік, болымды, салт, көсемше тұлғалы, - л ырықсыз етіс жұрнағы, тұр деген көмекші етістік тіркесіп тұрҮІ. Сөйлемдегі қызметі: баяндауышМен көрмеген болдым.Көрмеген болдымІV. Жаңа сабақ.
Балалар, біз сендермен осы уақытқа дейін морфологияның бірнеше бөлімдерімен таныстық. Олар: зат есім, сан есім, сын есім, етістік. Ал бүгінгі танысатынымыз – үстеу. Тілімізде қимылдың, іс - әрекеттің әр түрлі белгісін, амалын, тәсілін, мекенін, мезгілін, себебін, мақсатын т. б. сипаттарын білдіретін сөздер үстеу деп аталады. Мысалы: Биыл өнім жақсы шықты. Мен жаяу келдім. Асан ентігіп сөйледі. Көріп отырғанымыздай биыл, жақсы, үйге, жаяу, ентігіп деген сөздер тікелей етістікке, демек қимылға қатысты болып, солармен тіркесіп жұмсалған. Бірақ сөйлемде ондай мағынада қолданылатын сөздердің бәрі бірдей үстеу бола бермейді. Сөйлемде қимыл, іс - әрекеттің, сын - сапаның әр түрлі белгілерін, сипатын, жай - күйін білдіріп, өзертуге, грамматикалық тұлғалармен түрлендіруге көне бермейтін сөздерді үстеу дейміз.Жаттығу жұмыстарын орындату.269 - жаттығу. Көшіріп, үстеулерді табыңдар. Сұрақ қою арқылы олардың қай сөзге қатысты екенін айтыңдар.270 - жаттығу. Оқып шығып, үстеулерді табыңдар, оларға өздері қатысты сөз арқылы сұрақ қойыңдар.Жекелеген оқушыларға үлестірме материалдар тарату.1. Сөйлемнен үстеуді тауып, сұрақ қой. Дыбыстық жағына талдау жаса. Қарлығаш мәтінді жылдам оқып шықты.2. Сөйлемді көшіріп жазып, үстеуді тап. Сұрақ қой. Сол сөзге дыбыстық талдау жаса. Айжан сабаққа ерте келді.V Сабақты бекіту. «Конькиші» ойыны. Тақтаға конькишінің суреті ілінеді. Оқушы артына жасырынған сұраққа жауап береді.1. Үстеуді тап. Ілгері қарай жүре бердім.2. Үстеу дегенді қалай түсінесің?3. Үстеудің ең басты ерекшелігі қандай?4. Үстеуді тап, сұрақ қой. Поездан әдейі түсіп қалды.5. Үстеу сөйлемде қандай сөз табымен байланысып тұрады?6. Берілген сөйлемде үстеу қандай қызмет атқарып тұр? Еріншектің ертеңі бітпес.
VI . Бағалау
Кім көп мақал мәтел айтад, сол оқушының бағсы көтеріледі.
Құрамында үстеуі бар мақал - мәтелдер айту.Еріншектің ертеңі бітпес.Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.Жылы - жылы сөйлесең, жылан інінен шығады.Көш жүре түзеледі.Қайтып келер есікті қатты жаппа.Еріншекке бүгіннен ертең оңай.Ерте жатып, кеш тұру - еріншектің белгісі.VII. Үйге тапсырма
Ереже жаттау. 273 жаттығу орындау. Үстеулерді байланыстырып сөйлем құрастыру
Сынып жетекші _________________