Проект на тему: Front page тілі туралы жалпы ма?л?маттар ж?не оны? м?мкіндіктері


Кіріспе
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.
Информатика пәнінің орта білім беру жүйесіндегі ролі ақпараттық білімнің ақпараттық орта мен адамның өзара қарым – қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етеді.
Қазіргі кезде «ақпараттандыру», «білім беруді ақпараттандыру» деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Олай болса, қоғамды ақпараттандыру дегеніміз – ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өмірі іс-әрекеттің интеллектуалды түрлерінің жан-жақты әсер етуі мен рөлінің жоғарлауына байланысты объективті үрдіс.
Жұмыстың мақсаты:Front Page бағдарламасының арналуымен, web – беттерді құру технологиясымен таныстырып, тәжірибелік жұмыспен дағдыларын ұштастыру.
Күтілетін нәтиже: Front Page бағдарламасын оқып –үйренеді және әр –түрлі мақсатқа арналған web –беттер құрады.
Негізгі бөлім
Front page тілі туралы жалпы мағлұматтар және оның мүмкіндіктері
Сайт немесе веб-сайт –(ағылшынша website: web –тор, желі және site –орын, желідегі орын,сегмент) –бір мекенжайға (домен атымен немесе IP –мекенжаймен) біріктірілген компьютер желісіндегі жеке тұлғаның немесе ұйымдары электрондық құжаттар (файлдар) жиынтығы. Web сайт жасау үшін қазіргі кезде көптеген программалар қолданылады. Алғашқы кезде веб сайт құру үшін HTML редакторы қолданылған. Неғұрлым маңызды HTML редакторы Front Page Web-беттер мен Web-түйіндер құруға арналған Microsoft Office құрамына кіретін бағдарлама. Аспаптар тақтасы мен мәзірдегі командаларды пайдаланып, бетке мәтіндік және графикалық ақпараттар, навигациялар тақтасы мен бір беттен екіншісіне өту үшін қолданылатын сілтемелер орналастыруға болады. Front Page-дің басқа да кестелерді, фреймдерді, жүгіртпе жолдарды, түрлі анимациялар мен т.б. пайдалану мүмкіндігі бар. Web-беттер мен Web-түйіндерді құруды жылдамдату үшін шаблондар мен шеберлерді пайдалануға болады. Front Page бағдарламасы Web-түйінге Microsoft Office-тің құрамына кіретін Word, Excel, Access және Power Point сияқты бағдарламада дайындалған құжаттарды енгізуге мүмкіндік береді.
Front Page бағдарламасын іске қосу үшін орындалатын команда: Пуск-Программы- Microsoft Front Page. Программа іске қосылғанда экранда оның негізгі терезесі ашылады.

1.1. Front Page бағдарламасының стандартты аспаптар тақтасы
Front Page бағдарламасының қолданылуына байланысты әртүрлі түймелер жиынтығынан тұратын көптеген аспаптар тақтасы бар. Қандайда бір жұмыс режиміне көшкенде бағдарламаның негізгі терезесінде қажетті аспаптар тақтасы пайда болады. Мысалы, Web-түйінді көру режимі мен есеп құруға өткен Reporting тақтасы қосылады, ал графикпен жұмыс істегенде Pictures тақтасы қосылады. Аспаптар тақтасын экранға шығару үшін View(Түр) мәзіріндегі Тoolbars (Аспаптар тақтасы) командасын орындау керек. Бұл команда орындалғанда Front Page бағдарламасының барлық тақталар тізімі шығады.
1.1-кесте. Front Page бағдарламасының аспаптар тақтасы.
Аспаптар тақтасы Қызметі
StandartСтандартты аспаптар тақтасы
Formatting Форматтау тақтасы.
DHTML Effects Web-бетте динамикалық HTML эффектісін құрады.
Navigation Навигация тақтасы, Navigation режимінде жұмыс істеуге арналған.
Pictures Суреттермен жұмыс істеуге арналған аспаптар тақтасы.
Positioning Обьектілерді позициялауға мүмкіндік беретін түймелерден тұрады.
Reporting Web-түйіндегі құрастырылатын есеп типтерін жасауға мүмкіндік беретін аспаптар тақтасы.
Style Безендіру стилін жасауға арналған аспаптар тақтасы.
Table Кестелерді құру мен модификациялауға арналған түймелерден тұрады.
Мәзірдегі керекті тақтаны таңдағанда оның сол жағында белгі (V) пайда болып, қажетті тақта негізгі терезеде көрінеді. Экрандағы керек емес тақтаны алып тастау үшін мәзірдегі сәйкес келетін команданы қайта таңдау қажет, сонда ол Front Page бағдарламасының негізгі терезесінде көрінбей қалады.
Аспаптар тақтасының тізімін экранда көру үшін курсорды Front Page бағдарламасының негізгі терезесінде орналасқан кез келген аспаптар тақтасына апару керек.
Жұмыс режимі тақтасы. Front Page бағдарламасында Web-түйінді көру мен құрудың 6 түрлі режимдер бар. Осы режимдердің біріне өту үшін негізгі терезенің сол жағында орналасқан 6 батырмасы бар Views жұмыс режимі тақтасы қолданылады (1.2-кесте).
1.2-кесте. Жұмыс режимі тақтасының түймелері.
Түйме Аталуы Қызметі
Page Беттерді көру және редакциялау. Берілген режимде Front Page программасының жұмыс облысында бұрыннан бар Web-беттерді редакциялауға немесе жаңасын құруға болады.
Folders Web-түйінде құрылған бумалардың құрылымын көру.
Reports Есептерді көру. Бұл режим Web-түйіндегі есептерді құру мен көруге арналған.
Navigation Web-түйін құрылымын жобалау.
Hyperlinks Web-түйін гиперсілтемелерін көру.
Tasks Web-түйін жасау кезінде тапсырмаларды құру және көру режимі.
1.2. Көру және редакциялау режимдері
Front Page бағдарламасы іске қосылғанда бірден редакциялау режимі пайда болады. Бағдарламаның негізгі терезесінің сол жағында жұмыс режимі тақтасы орналасқан. Үндемеген жағдайда Page(Бет) орналасады. Аспаптар тақтасы мен мәзір командаларын қолданып жаңа Web-беттер құруға, бұрынғыларын көруге және оларды редакциялауға болады.
Front Page режимінде жұмыс облысының төменгі жағында Web-беттерді түрлі режимде көруге мүмкіндік беретін 3 қосымша орналасқан (1.3-кесте).
1.3-кесте. Web-беттерді көру режимі.
Қосымша Қызметі
Normal Қарапайым жұмыс режимі беттерді құруда WUSIWSIG («не көріп тұрсаң, соны аласың?») режимі көмегімен қамтамасыз етеді. Бет мәтіндер, сызықтар, түймелер, сілтемелер және т.б. мәзір мен аспаптар тақтасы пайдаланылып құрылады, бұл жағдайда HTML-кодын білу міндетті емес.
HTML Беттерді HTML-кодын көру және құру. Бұл режимде қарапайым жұмыс режимінде құрылған беттің HTML-кодын көруге және де кодтар көмегімен бет құруға болады. Бұл жағдайда беттің бір бөлігі қарапайым режимде, ал қалғаны кодталып жазылуы мүмкін.
Preview Беттердің Интернет серверінде қалай көрінетінін алдын ала көру.
1.3. Web - бетін құру
Front Page бағдарламасында жаңа бет жасау үшін Мәзір жолында Файл —> Создать командасын орындау қажет. Сол кезде Front Page терезесінің оң жағында төмендегідей панельдің пайда болғанын көресіз:
Бұл панель мынадай бөліктерден тұрады: Создать страницу, Создать веб-узел және Шаблоны. Осы бөліктен бізге қажетін таңдап аламыз. Яғни, Создать страницу бөлігіндегі Пустая страница сілтемесін шертеміз. Осы кезде бізде жаңа терезе ашылады.
1.4. Web – бетіне мәтін енгізу
Артқы фон таңдау үшін Формат – Тема командасын таңдаймыз,сонда экранға мынадай терезе пайда болады. Осы жерден құрған веб-беттің түсін таңдаймыз, сонда төмендегідей болады:
Web-беттің негізгі мақсаты – бұл Web-түйіндерді қолданушыларды өздерін қызықтыратын ақпаратпен таныстыру. Ақпаратты жеңіл түсіну үшін, оны мынадай түрде жеткізу керек: безендіру бірыңғай болмай, көзге тартымды болуы керек. Осыған байланысты Front Page бағдарламасы Web-түйін құрушылар үшін, нышандар мен абзацтарды формат тау, шрифтердің әртүрлі параметрлерін, белгілер аралығын, шегіністерді ор нату, белгілерді жоғарғы және төменгі индекстер түрінде кіші рейтіп жазу және т.б. әрекеттерді орындауға мүмкіндік береді. Осы әрекеттерді пайдалана отырып, беттегі маңызды жерлерді белгілеп, ақпаратты оңай оқуға мүмкіндік жасауға болады. Бұдан басқа құжатпен жұмыс істегенде арнайы шрифт белгілерін пайдаланып бетке түрлі безендірулер енгізуге де мүмкіндік бар.
Web-беттерді құрғанда шолушылар кейбір арнайы безендіру стильдерін қабылдамайтынын есте ұстау керек, сондықтан құрылған бетті бірнеше шолушылардың көмегімен, мысалы, Internet Explorer және Netscape Navigator арқылы тексеріп шыққан жөн.
Тізімдер. Жабылмалы тізімдер.
Web-беттерінің обьектілер тобын тізімдер түрінде ұйымдастырған өте ыңғайлы. HTML-де тізімдер типтері бар. Көбіне қолданылатындары:
Bulleted list (Маркерленген тізім). Әрбір абзац алдында маркер қойылады.
Numbered list (Нөмірленген тізім). әрбір абзац алдында оның реттік нөмірі қойылады.
Тізімді берілгендерді енгізер алдында немесе оны енгізіп болған соң да құруға болады. Оның әрбір обьект жеке абзац болып табылады. Енгізілген мәтіндегі тізімге айналдыратын абзацтарды түгел белгілеп, Bullets (Маркерленген тізім) түймесін шерту арқылы оларды маркерленген тізімге немесе Numbering (Нөмірленген тізім) түймесін шерту арқылы нөмірленген тізімге айналдыру мүмкіндігі бар. Тізімді мәтінді тікелей енгізу барысында құру кезінде орындалатын әрекеттер:
Жаңа жол басында Bullets (немесе Numbering) түймесін шерту.
Мәтін енгізу.
Тізімдегі келесі жолға өту үшін Enter-ді басу. Сонан соң мәтін енгізіп, тағы да Enter баса отырып, осы үрдісті барлық тізім үшін қайталау.
Тізім құрылып болған соң, одан шығу үшін Enter-ді екі рет шерту немесе Ctrl+Enter түймелерін қолдану.
Тізімдермен жұмыс істеу. Тізім ішіндегі жиі кездесетін мәселелерді орындау тәсілдері:
Тізімге жаңа элемент қосу үшін кірістіру нүктесін жол басына орнатып мәтінді енгізуді бастау керек. Жаңа мәтін осыған дейін бар мәтін алдына орналасады. Бар мәтінді келесі жолға түсіру үшін Enter-ді басу жеткілікті.
Тізім соңына жаңа элемент қосу үшін кірістіру нүктесін соңғы элемент соңына қойып Enter түймесін басу қажет.
Тізімдегі бір элементті белгілеу үшін кірістіру нүктесін маркердің немесе нөмірдің сол жағына орнатып тышқанның сол жақ батырмасын шерту қажет.
Тізімдегі барлық элементтерді белгілеу үшін кірістіру нүктесін маркерлер немесе нөмірлердің сол жағына орнатып тышқанның сол жақ түймесін екі рет шерту қажет.
Тізімдегі элементті жою үшін барлық тізімді белгілеп Delete түймесін шерту немесе Edit-Delete командасын таңдау қажет.
Тізімнің стилін өзгерту үшін барлық тізімді белгілеп, форматтау саймандар тақтасындағы Style тізімінен басқа стильді таңдау қажет. Мұны format – Bullets and Numbering командасы арқылы да орындауға болады.
Маркерленген немесе нөмірленген тізімдердің түрін өзгерту үшін List Properties командасын пайдаланылады. Ол төмендегідей 4 жапсырмадан тұрады.
Picture Bullets (графикалық маркерлер). Маркер ретінде қолда бар графикалық обьект қолданылады.
Plain Bullets (жай маркерлер). Маркерлердің ұсынылған стилдерінің бірі таңдалады.
Numbers (нөмірлеу). Цифрлардың әртүрлі стилдерінің бірі немесе әріптер таңдалады.
Other (басқа). Тізімдер стилінің басқа түрлерін таңдауға мүмкіндік береді.
Көп деңгейлі тізім құру. Негізгі тізімде кірістірілген тізімдерді, яғни оның ішінде төменгі деңгейдегі тізімдерді қолдануға болады. Көп деңгейлі тізімдерді ақпаратты қолдануды немесе түснуді жеңілдету үшін оны топтастыру мақсатында қолданған жөн.
Кірістірілген тізімдерді құру әрекеттері:
Негізгі тізімнің бір элемент соңына Enter-ді шерту.
Increase Indent (жылжуды үлкейту) түймесін шерту. Тізімді кірістірілген ету үшін ол түймені тағы да бір рет шерту.
Мәтінді енгізіп Enter түймесін шерту.
Кірістірілген тізімнің жаңа элементтерін құруды жалғастыру. Элементтер енгізіліп болған соң, одан шығу үшін Web-бетінің тізімнен тыс жерін бер рет шерту.
Жабылмалы тізімдер. Web-беттерге жабылмалы тізімдерді қолдануға болады, олар тізімдер негізінде құрылып, көп деңгейлі құрылымнан тұрады. Берілген құрылымды қолданып жасалған көп деңгейлі тізімнен тұратын бетті жүктегенде, экранда тек бірінші деңгей элементтері ғана көрінеді. Келесі деңгейдегі элементтерді ашу үшін, алдыңғы деңгей элементіне курсорды орналастырып шерту қажет. Жабылмалы тізім орнату үшін орындалатын әрекеттер:
Web-бетке көп деңгейлі тізім құру.
Оны белгілеп алып, контексті мәзірінен List Properties (Тізім құрылымы) командасын таңдау.
Сұхбат терезенің төменгі жағындағы Enable Collapsible Outlines (Жабылмалы тізім орнату) және Initially Collapsed (Жүктелген кезде ашу) жалаушаларын орнату.
List Properties сұхбат терезесін жабу үшін OK түймесін басу.
Жұмыс облысының Preview қосымшасын таңдау арқылы бетті алдын ала көру режиміне өту.
1.5. Web – бетіне гиперсілтеме енгізу
Web-түйін беттері арасындағы байланыс онда орналасқан гиперсілтемелер, бетбелгілер мен навигация тақтасы арқылы іске асады. Ағымдағы Web-түйін беттері арасында байланыс жасау мен басқа түйіндермен байланыс жасаудың тамаша әдісі гиперсілтемелер болып табылады. Гиперсілтемелер арқылы Web-беттердің белгілі бір жеріне шертіп, басқа бір беттің қажетті жерінде орналаса аламыз. Гиперсілтемелерді қажетті информацияларды іздеуге арналып қолданылатын сызықты стрелкалар түрінде де елестетуге болады. Олар мәтінді, графикалық көріністі, Интернет желісіндегі басқа құжаттардың Web-түйінін, Microsoft Office құжаттарын, осы бетте немесе Web-түйіннің басқа беттерінде немесе құжат ішінде орналасатын белгілерді, өз компьютеріміздің жергілікті (локалды) файлдарын, корреспонденцияны жеткізу үшін электронды пошта мекенжайын көрсету мүмкін.
Гиперсілтеме құру. Негізгі беттен Web-түйіннің басқа беттеріне өту үшін гиперсілтемелер құрылады. Гиперсілтемелер құру негізінде келесі әрекеттер орындалады:
Құрылған мәтіндік Web-түйінді ашу.
Негізгі бетке элементтері басқа беттерге өту үшін қолданылатын мәтіндік тізім орнату.
Тізімнен алғашқы элементті белгілеп алып, сонан соң келесі тәсілдердің бірін орындау:
Insert (Кірістіру) мәзірінен Hyperlink (Гиперсілтеме) командасын таңдау.
Тышқанның оң пернесін басу арқылы контексті мәзірден Hyperlink командасын таңдау.
Стандартты саймандар панелінен Hyperlink түймесін басу.
Ctrl+k пернелерін комбинациясын басу.
Осы әрекеттердің кез келген біреуін орындағаннан соң, экранда Create Hyperlink (Гиперсілтеме құру) сұхбат терезесі ашылады.
Сұхбат терезесінің Look in (Іздеу) тізімі ашылған Web-түйіннің атауынан, ал төменде орналасқан жолы – оның барлық бумалар мен беттерінен тұрады. Осы тізімнен гиперсілтеме жасалатын Web-бетті таңдау қажет. Сонда оның аты URL жолына көшіріледі.
ОК батырмасын шерту.
Негізгі бетті сақтау.
Гиперсілтеме құрылған тізімде бірінші элементтің түсі өзгеріп, асты сызылады. Дәл осылайша Web-бетте көрінетін гиперсілтемелерді қолдану шылар оңай таба алады. Сілтеменің дұрыс орнатылуын тексеру үшін Front Page бағдарламасының жұмыс облысының төменгі жағында орналасқан бетті көру режимі Preview қосымшасын таңдаймыз. Курсорды тізімнің бірінші элементіне орналастырып, ол сұқ саусақ мәтінге бағытталған қол түріне айналған кезде тышқан түймесін шертеміз. Сонда гиперсілтеме жасалынған бет ашылады. Сілтеменің әрекетін тексеру үшін Бетті көру режиміне өту міндетті емес. Оны редакциялау режимінде сілтемені шертіп, <Ctrl> пернесін басу арқылы орындауға болады.
Create Hyperlink сұхбат терезесі гиперсілтемелерді құруды тек Web-түйіннің ашылған беттеріне ғана емес, сондай-ақ Интернеттің Web-беттеріне, жергілікті компьютер файлдарына, электронды пошта мекен-жайына және әлі құрылмаған жаңа бетке де сілтеме жасау мүмкіндігін береді. Бұлардың қалай іске асатындығын түсіну үшін Create Hyperlink сұхбат терезесінде орналасқан түймелерді қарастырамыз (1.4-кесте).
1.4-кесте. Create Hyperlink сұхбат терезесінің түймелері.
Түйме Аталуы Қызметі
Use your Web brouser to select a page or file (Бетті шолушы көмегімен таңдау) Компьютерде орнатылған шолушы іске қосылып, интернеттен сілтеме орнаты латын беттерді іздейді. Табылған беттің мекен- жайы Create Hyperlink сұхбат терезе сінің URL жолына өтеді.
Make a hyperlink to file on your computer (Сіздің компьютердегі файлдарға сілтемелер орнату) Сілтеме орнатылатын компьютер дискісіндегі файлдарды табуға мүмкіндік беретін Select File сұхбат терезесі ашылады.
Make a hyperlink sends E-mail (Электронды поштаға жіберу үшін сілтеме құру) Хатты электронды поштаға жіберу үшін сілтеме құру мүмкіндігін беретін, Create E-mail Hyperlink сұхбат терезесі (1.6-сурет) ашылады. Жолға хат алушының мекен-жайын енгізіп, ОК түймесін баса мыз, сілтеме құрылады.
Creat a page and link to the new page (Жаңа бет құрып, оған сілтеме орнату) Бұл түймені басқанда бізге таныс New (Жаңа) сұхбат терезесі ашылады. Осы терезеде құрылатын беттердің шаблонын таңдап, ОК түймесін басамыз. Жаңа бет құрылып, оған сілтеме орнатылады. Егер құрылатын беттің шаблонын анықтап алмаған болсақ, New сұхбат терезесінің Just add web Task жолаушасын орнатамыз. Бұл кезде Front Page бағдарламасы беттің атын сұрайды, бірақ оны құруды кейінге қалдырып, орындалмаған тапсырмалар тізіміне орналастырады.
Create Hyperlink сұхбат терезесінде аталған түймелерден басқа екі төмендегідей жол орналасқан:
Bookmark – гиперсілтеме жасалатын бетбелгінің атын енгізуге арналған.
Target Frame – сілтемеде көрсетілген бет жүктелетін мақсатты фреймнің атын енгізуге арналған.
Тасу және орналастыру механизмін пайдалану. Front Page бағдарламасы гиперсілтемелерді Create Hyperlink сұхбат терезесінің көмегі арқылы құрумен шектелмейді. Front Page бағдарламасы гиперсілтемелер жасау үшін құрушы басшылығына тасу және орналастыру механизмін ұсынады. Осы механизмді қолданып гиперсілтеме құру үшін орындалатын әрекеттер:
Web-түйін ашу.
Экранға бумалар құрылымын көру аймағын шығару. Бұл үшін View (Түр) мәзірінен Folder List (Бумалар тізімі) командасы орындалады.
Front Page бағдарламасының жұмыс облысында гиперсілтеме құру қажет болған Web-түйінді ашу.
Бумалар құрылымын көру облысында байланыс үшін сілтеме жасалатын файл немесе бетбелгісіне курсорды орналастыру.
Тышқанның оң пернесін басып тұрып, курсорды Web-беттің сілтеме жасау қажет болған жеріне орналастыру.
Көрсетілген жерде мәтін пайда болып сілтеме құрылады.
Сілтемені редакциялау. Құрылған сілтемені өзгерту, яғни редакциялау үшін алдымен ол белгіленіп, содан соң келесі әрекеттердің бірі орындалады:
Insert (Кірістіру) мәзірінен Hyperlink (Гиперсілтеме) командасын таңдау.
Контексті мәзір арқылы Hyperlink Properties (Сілтеме қасиеті) командасын таңдау.
Стандартты саймандар панелінен Hyperlink түймесін басу.
Ctrl+k пернелерін комбинациясын басу.
<Alt+Enter>пернелер комбинациясын басу.
Нәтижесінде Edit Hyperlink (Сілтемені редакциялау) сұхбат терезесі ашылады. Онда қажетті параметрлерді орнатып, терезені жабу үшін ОК түймесі басылады.
Сілтемені жою. Құрылған сілтемені жою үшін, оны белгілеп алып <Delete><BackSpace> пернесін басу қажет. Бұл жағдайда тек сілтеме ғана емес, оны құруға қолданылған бастапқы мәтін де жойылады. Егерде гиперсілтеменің мәтінін сақтау қажет болса, онда келесі әрекеттер орындалуы қажет:
Сілтемені редакциялау Edit Hyperlink терезесін кез келген қолайлы тәсілмен ашу.
Терезе ашылып URL жолындағы ақпарат белгіленіп тұрады. Delete пернесін басу.
Сұхбат терезені жабу үшін ОК батырмасын шерту.
Сілтеме құруға қолданылған мәтін сақталып, оның түсі мәтін сияқты болады да, асты сызық арқылы белгіленбейді.
Гиперсілтемелер арасындағы байланыс Web-түйіннің бастапқы бетінде іске асырылады. Бұл әрқашан қолайлы бола бермейді, өйткені көп жағдайда Web-беттер үлкен көлемді ақпараттан тұрады және қажетті мәліметті іздеу үшін пайдаланушыға көп уақыт жұмсауға тура келеді.
Web-беттің анықталған жеріне өту үшін бетбелгілер пайдаланылып, оларға гиперсілтемелер орнатылады. Сонымен бетбелгілер – бұл гиперсілтемелер арасындағы байланысты орындайтын, беттегі обьект. Мысалы, бетте үлкен мәтін фрагменті орналасқан. Біз оған бетбелгілер жасай аламыз. Бұл жағдайда пайдаланушы гиперсілтеме бойынша өзін қызықтыратын мәтін орналасқан жерге көше алады.
Бетбелгілер құру. Web-бетке бетбелгі орнату үшін келесі әрекеттерді орындаймыз:
Бетбелгі орналастыру қажет болған жерде белгілерді кез келген көлемде белгілеу. Бұл сөз, сөйлем немесе абзац болуы мүмкін.
Insert (Кірістіру) мәзірінің Bookmark (Бетбелгі) командасын таңдау. Экранда ағымдық бетте құрылған бетбелгілер тізімінен тұратын, Bookmark сұхбат терезесі ашылады.
Bookmark name жолында бетбелгі атауын енгізу.
ОК түймесін басу.
Web-беттегі мәтінде, бетбелгі ретінде қолданылатын символдар пунктир арқылы асты сызылады.
Бетбелгі жасау үшін тек қана мәтін емес, графикалық кескіндерді де қолдануға болады. Сыртқы көрінісі бойынша графикалық обьект көрінбейді, бірақ ол мәтін обьект жағдайындағыдай пунктирлік сызықтармен сызылған бетбелгі болып табылады.
Бетбелгілерді іздеу және жою. Bookmark сұхбат терезесінің сол жағында екі түйме орналасқан:
Clear – бетбелгіні өшіріп, мәтінді сол күйінде қалдырады.
Goto – сұхбат терезеде белгіленген бетбелгіге өтуді орындайды.
Егерде бетбелгі керек болмай қалса, оны өшіру үшін келесі әрекеттер орындалады:
Өшірілетін бетбелгіні белгілеп алу.
Келесі әрекеттердің кез келгенін пайдаланып, Bookmark сұхбат терезін ашу:
Insert (Кірістіру) мәзірінің Bookmark (Бетбелгі) командасын таңдау.
Контекстік мәзірден Bookmark Properties (Бетбелгі қасиеті) командасын таңдау.
<Alt+Enter>пернелер комбинациясын басу.
Шерту арқылы бетбелгі тізімнен өшірілетінін таңдау.
Clear түймесін басу
Сұхбат терезені жабу, ОК батырмасын басу.
Web-беттегі мәтін сақталып, бірақ ол пунктирлік сызықтармен белгіленбейді. Яғни бетбелгі өшірілді.
Егерде бетте бірнеше бетбелгілер болып, олардың қайсысының қай жерде орналасқанын білмейтін болсақ, онда бетбелгінің атын пайдалану арқылы оның беттегі орналасқан жерін табуға болады. Ол үшін орындалатын іс-әрекеттер:
Web-беттегі кез келген бетбелгіні белгілеу.
Bookmark сұхбат терезесін ашу.
Бетбелгілер тізімнен Web-бетте бетбелгі атауын таңдау.
Goto түймесін басу. Сонда қажетті бетбелгі көрінеді.
Web-түйіннің сілтемелерін көру режимі.
Front Page бағдарламасының Hyperlink гиперсілтемелерді көру режимі Web-түйін беттерінде орналасқан барлық сілтемелерді графикалық түрде көру мүмкіндігін береді. Гиперсілтемелерді көру режиміне өту үшін, келесі әрекеттердің бірі орындалады:
Views панельдер режиміндегі Hyperlinks түймесін басу.
View (Түр) мәзірінен Hyperlinks (Гиперсілтемелер) командасын таңдау.
Гиперсілтемені көру тәртібінде Front Page бағдарламасының негізгі терезесінде Folder List бумалар құрылымының орналасу облысы көрсетіледі, ал оң жағында – ашылған Web-түйіннің сілтемелер схемасы көрінеді.
Гиперсілтемелер сұлбасында файлдар белгілер түрінде көрсетілген, оның қасында ұсынылатын файлдың аты жазылып, сілтемелер белгінің сол жағында, ал беттің сілтемелері белгінің оң жағында көрсетіледі.
1.6. Web – беттеріне кесте қолдану
Кесте құрылымы және оны құру. Кесте ақпараттық құрылымның айқын элементі болғандықтан Web-бетінде бүтіндей ұғымды құрылымды қамтамасыз етеді. Кесте ақпараттарды қатарлар мен бағандар түрінде көрсетіп ұйымдастыратын HTML-дің құралы болып келеді.
Ақпараттың түріне байланысты кестенің ұяшықтарын, қатарларын және бағандарын бөліп тұратын сызықтармен шектелген кестені (2.1-сурет) немесе графикалық ақпараттарда шектеу сызықтарын қажет етпейтін кестені таңдауға болады.
Стандартты және арнайы әшекелеу элементтерін қолданған қарапайым кесте көрсетілген.
Кестеде алты қатар (row) және сегіз баған (column) бар. Олардың қиылысу ұяшықтар (cell) болып табылады.
Жоғарға қатар бір ұяшыққа біріккен.
Әшекелеудің қосымша элементі ретінде кестенің сыртқы қоршау сызығы және ұяшықтың қоршау сызықтары қолданылған.
Кестенің астындағы жазу орталықтандырылған.
Адам аттары және апта күндері жазылған ұяшықтар тақырып ұяшықтарының форматында жазылғандықтан олар ерекшеленіп көрсетілген.
Тақырып ұяшықтар фондары басқа түспен көрсетілген.
Тақырып ұяшықтарында аптадағы күн аттары және олардың астына орналасқан ұяшықтар ортаға тураланған.
Кесте құру. Front Page пакетінде кесте құрудың үш жолы бар:
InsertTable (Кестені қою) пернесі арқылы;
Table – Insert – Table (Кесте-Қою-Кесте) мәзір командасы апрқылы.
Drаw Table (Кестені салу) құралын қолдану арқылы.
Көрсетілген үш әдіс те кестелерді тез және қарапайым түрде құруға мүмкіндік береді. Алдын ала Web-бетінің жалпы дизайнын және кестенің бетке қалай шығатынын ойланып алған жөн. Қатар мен баған санын шамамен анықтап, ұяшықтарға орналастырылатын элементтерді шешіп алу керек.
InsertTable пернесі арқылы кесте құру. Орындалатын әрекеттер:
1. Web-бетінде курсор кестенің жоғарғы сол жақ бұрышы орналасатын жерде белгіленеді.
2. Құралдар панеліндегі InsertTable пернесі шертілед.
3. Перне астынан кестенің өлшемін анықтайтын шаблоны пайда болады. Тышқан нұсқағышы оңға және төмен жылжыта отырылып кестедегі баған мен қатар саны көрсетіледі. Сонда шаблонның төменгі жағында оның өлшемі көрінеді.
4. Өлшем анықталған соң тышқан пернесі босатылады. Кестеде алты қатар және сегіз баған көрсетілген, сондықтан осы өлшемдегі кесте құру керек).
InsertTable командасы арқылы кесте құру. Бұл әдісте керек өлшемдерді сұхбат терезесінде енгізіп анықтауға мүмкіншілік бар.
Жаң құрылған кестеден бас тарту үшін келесі команда таңдалынады: Edit – Undo Insert (Жөндеу – Қоюдан бас тарту).
Web-бетіндегі жаңа кесте орналасатын жерде курсор белгіленеді. InsertTable (Кестені қою) терезесін ашу үшін Table – Insert – Table (Кесте-Қою-Кесте) командасы таңдалады.
Rоws (қатар саны) алаңында мысалы, 6 саны, ал Columns (бағана саны) алаңында мысалы, 8 саны енгізіледі.
Үнсіз қоршау сызығының қалыңдығы (boerder size) бірге тең (пиксель бойынша).
Аяқтау үшін ОК пернесі басылады.
«Қолмен» кесте салу. Front Page пакеті Word-2003 текстік процессорында бар кестені құрудың тағы бір әдісі Drаw Table (Кесте салу) әдісін ұсынады. Table (кесте) құралын шақыру үшін Table - Drаw Table (Кесте-Кесте салу) командасы беріледі.
Drаw Table (Кесте салу) сайманы активті кезде тақтаның қалам белгісі бар пернесі басылып тұрады. Бұл «Қалам» кестенің сыртқы шекарасын салу үшін қолданылады.
Сыртқы шекара белгіленгенен кейін, «қаламды» баған мен қатар салуға да қолдануға болады. Аяқтау үшін Drаw Table (Кесте салу) пернесін басу керек.
Сурет салу функциясын ұяшықты қосу немесе оны ішкі бөліктерге бөлу үшін пайдаланған жөн. Table саймандар тақтасын қосып және өшіру үшін Viwe – Toolbars - Table (Түрі – Саймандар тақтасы – Кесте) командасы қолданылады .
Кестемен жұмыс істеу. Кестедегі әрбір ұяшықты шағын беттер деп қарастыруға болады. Ұяшық аясының түсін өзгертуге болады, ал ұяшықтың өзіне кез келген элементтерді: графикалық обьектілерді, гиперсілтемелердің және басқа кестелерді орналастыруға мүмкіндік бар.
Бір ұяшықтан келесі ұяшыққа өту үшін қолданылатын пернелер:
Tab пернесі – оң жақтағы көрші ұяшыққа өту үшін қолданылады. Егер де Tab пернесі кестенің соңғы ұяшығында басылса, онда автоматты түрде жаңа қатар қосылады.
Shift +Tab пернелері бірдей басылса, курсор сол жақтағы көрші ұяшыққа өтеді.
Керекті ұяшыққа өту үшін курсор сол жерге апарылып тышқан пернесі басылады.
Кесте алдында мәтінді қою үшін Ctrl+homе пернесі басылады.
Құрылған жаңа кестеде көрсетілген берілгендер енгізіледі. Кестенің тақырыбы жоғарғы қатардың бірінші ұяшығына енгізіледі. Кейін бұл қатардағы ұяшықтар біріктіріліп, нәтижесінде тақырып кестеге көлденең жазылады.
Кесте ішінде мәтінді және басқа да элементтердің орнын ауыстыру үшін оларды таңдап алып, тышқан пернесін басылған күйде жылжыта отырып, жаңа орынға қоюға болады. Ал, кесте элементтерін көшіру үшін жылжыту кезінде Ctrl пернесі бірге басылады да, бірінші тышқан пернесі, онан соң Ctrl пернесі босатылады.
Кесте элементтерін ерекшелеу. Кесте түрін өзгерту үшін оның бір немесе бірнеше элементтерін ерекшелеу керек. Ұяшықты, қатарды, бағанды немесе кестенің барлығын ерекшелеу үшін тышқан көрсеткішін ұяшыққа орналастырып, Table – Select (Кесте – Ерекшелеу): Cell (Ұяшық), Row (Қатар), Column (Баған) немесе Table (Кесте) командаларының бірі беріледі. Соңғы команда тышқан көрсеткіші кез келген ұяшыққа бір ұяшыққа біріктіріледі.
Кестені форматтау. Ұяшықтағы мәтінді форматтау Web-беттеріндегі кез келген басқа мәтінді форматтау сияқты орындалады. Мысалы, кестенің бірінші қатардағы тақырыпқа екінші деңгейдегі тақырып үлгісін қолдануға болады. Бұл әрекетті орындау үшін осыған дейінгі қатардағы барлық ұяшық бір ұяшыққа біріктіріледі.
Қатарды келесі команда арқылы ерекшелейміз: Table – Select - Row (Кесте – Ерекшелеу – Қатар).
Table саймандар тақтасында Merge Cells (Ұяшықтарды біріктіру) пернесі басылады немесе Table - Merge - Cells (Кесте – Біріктіру – Ұяшық) командасы қолданылады.
Тышқан көрсеткішін бірінші қатардан алмай Formating (Форматтау) саймандар тақтасындағы Change Style (Стиль) ашылатын тізімде Heading 2 таңдалынады.
Қолтаңбаны қою және түзеу. Қолтаңба қалауына қарай кестенің алдына немесе соңына орналастырылуы мүмкін. Орындалатын әрекеттер:
Кез келген ұяшық ерекшеленеді.
Table – Insert – Caption (Кесте – Қою – Қолтаңба) командасы таңдалынады.
Тышқан көрсеткіші кестенің жоғарғы жағына қойылады және орталандырылады.
Қолтаңба мәтіні енгізіледі.
Жұмысты аяқтау үшін Web-бетінің қолтаңбадан басқа кез келген жерін тышқанмен шертеді.
Үндемеген жағдайда қолтаңба кестенің жоғарғы жағының ортасында орналасады, бірақ оны кестенің төменгі жағына орналастыруға да болады. Қолтаңбаның орнын өзгерту үшін Table – Properties – Caption (Кесте – Қасиеттер – Қолтаңба) командасы беріледі. Нәтижесінде ашылған диалог терезесінен Botton of Table (Кестенің төменгі жағы) опциясы таңдалып, ОК пернесі шертіледі.
Кесте түрін өзгерту. Құрылған кестенің түрін Table – Properties – Table (Кесте – Қасиет – Кесте) сұхбат терезесінен өзгертуге болады.
Бұл үндесу терезесіндегі көрсетілген көптеген параметрлер кесте форматына әсер етеді. Specify Width (Ені) кестенің барлық өлшемін өзгртеді. Table Properties (Кестенің қасиеттері) диалог терезесінің бір немесе бірнеше параметрлерін өзгерткенде Apply (Қолдану) пернесі басылады. Бұл жағдайда терезе ашық тұрады, сондықтан енгізілген өзгерістердің әсерін кестеден көріп отыру мүмкіншіліктері бар.
Кесте қасиеттері сұхбат терезесінің Layout тобында төмендегідей баптаулар бар:
Aligment (Түзулеу) Web-бетінің еніне салыстырмалы көлденең кестені түзулеуді орнату. Left (Сол жақ), Center (Орта), Right (Оң жақ), Default (Үнсіз) түзулеу нұсқалары.
Float (Өту) кестеге енгізілмеген Web-бетінің негізігі мәтінін кестенің жоғарғы немесе төменгі жағына орналастырып қоймай, оны кестенің Right (Оң жақ) немесе Left (Сол жақ) жақтарынан өткізіп жазуға болады.
Cell padding (Ұяшық алаңы) Пиксель бойынша ұяшықтың шетінен бастап жазылатын элементке дейінгі өлшем: үнсіз жағдайда 1-ге тең.
Cell spacing (Ұяшықтағы қадам). Бір бірімен көрші тұрған ұяшықтар арасындағы (пиксель бойынша) қашықтық: үнсіз жағдайда 2-ге тең.
Table Properties (Кесте қасиеттері) сұхбат терезінде кестенің аясы мен қоршау сызықтарын анықтайтын параметрлердің екі тобы бар. Web-бетіндегі элементтер арасында кестені ерекше көрсету үшін Background (Фон) баптау тобын пайдаланып, оның аясын өзгертуге болады.
Color (Түсі) кесте фонының түсін таңдау үшін қолданылады. Automatic (Авто) нұсқасы таңдалған жағдайда кесте аясының түсі Web-бетінің түсімен бірдей келеді, яғни кесте аясы түссіз болады.
Use background picture (Фон суретін қолдану). Кесте фоны ретінде графикалық файлды таңдауға болады, ол үшін файл енгізу керек немесе Browse (Шолу) пернесін шерту арқылы қалаған графикалық файл таңдалынады.
Кестедегі барлық қоршау сызықтарының қалыңдығы мен түсін өзгерту үшін Table Properties сұхбат терезесінің Borders (Шекара) параметрлер тобы қолданылады. Сыртқы қоршау сызығы ашық және тұйық екі сызықтан тұрады. Бұл сызықтарға әртүрлі түстер қолданылып үш өлшемді көрініс эффектісі туғызылуы мүмкін.
Light Border (Ашық шекара). Бірінші сызықтың түсі таңдалынады.
Dark Border (Тұйық шекара). Екінші сызықтың түсі таңдалынады.
Border (Шекара). Егер Light Border және Dark Border параметрлері Default (Үнсіз) мәніне тең болған жағдайда екі сызықтың түсі өзгертіледі.
Ұяшық түрін өзгерту. Кесте ұяшығы түзеу типтерін, түсі, аясы мен шекара сызықтарын, баған ені мен бірігетін бағандар немесе қатарлар санын анықтайтын қасиеттен тұрады.
Бөлек бір ұяшықтың қасиетін өзгерту үшін ұяшықты шертіп Table – Properties – Cell (Кесте – Қасиет – Ұяшық) немесе тышқанның оң жақ пернесін шертіп контексті мәзірден Cell Properties командасы таңдалынып, нәтижесінде сұхбат терезесі шығады.
Ұяшықтың түзету үлгісі орнатылуы мен орналасуы. Көптеген браузерлер ұяшықтың мәнін сол жағына және тігінен ортаға қарай түзулейді. Олар Cell Properties (Ұяшық қасиеттері) сұхбат терезесінде Horizontal Aligment (Көлденең түзулеу) және Vertical Aligment (Тігінен түзулеу) параметрлері арқылы өзгертуге болады. Көлденеңнен түзулеудің үш нұсқасы бар: Left (Сол жақ), Center (Орта), Right (Оң жақ). Тігінен түзулеудің төрт нұсқасы бар: Top (Жоғарғы жағы), Middle (Ортада), Baseline (Базалық сызық бойы) және Botton (Төменгі жағы).
Мәтін ұяшық енінен асқан жағдайда үнсіз автоматты түрде ұяшық биіктігін арттырып келесі қатарға өтеді. Cell Properties диалог терезесіндегі No Wrap (Өтусіз) жалаушасына белгі қойылған жағдайда мәтін ұяшық енін соза отырып бір қатарға орналасып жазылады.
Алдыңғы жаттығуларда құрылған кестенің ұяшықтарын түзулейік. Аптадағы күн аттары жазылған ұяшықтар мен оның астындағы ұяшықтардың мәндерін ортаға түзеп жазу үшін келесі операциялар орындалады.
Апта күні «Дүй.» жазылған ұяшығынан бастап сол қатардағы ұяшықтар мен оның астындағы ұяшықтар ерекшеленеді.
Форматтау құралдар панелінің Center (Ортада) пернесі шертіледі немесе Table – Properties – Cell (Кесте – Қасиет – Ұяшық) командасы қолданылады, сонан соң Cell Properties сұхбат терезесіндегі Horizontal Aligment (Көлденең түзулеу) тізімінен (Ортада) мәні таңдалынады.
Тақырып ұяшығын құру. Кестедегі кез келген ұяшықты басқа ұяшықтардан ерекшелеп тақырып ұяшығын құруға болады. Жоғарыда көрсетілген мысалдағы тақырып ұяшығы аптадағы күн аттары мен сол жақ бағандағы есімдер болып табылады.
Аптадағы күн аттары, сонан соң бірінші бағандағы есімдер ерекшеленеді.
Table – Properties – Cell (Кесте – Қасиет – Ұяшық) командасы қолданылады.
Ашылған үндесу терезесінде Header Cell (Тақарып ұяшық) жалаушасы белгіленеді және ОК пернесі шертіледі.
Ұяшықтың қоршау сызығының түсі мен аясын анықтау. Ұяшықтың аясы мен қоршау сызығын Web-бетіндегі кесте сияқты баптауға болады. Cell Properties (Ұяшық қасиеті) диалог терезесінде аясының көрінісі мен түсін, сонымен қатар қоршау сызығының түсін көрсетуге болады. Бұл параметрлер үшін Automatic (Авто) мәнінен басқа кез келген мәндерді бергенде, браузер ұяшық түсін немесе көрінісін берілген мән бойынша көрсетеді. Ұяшық пен кестенің фоны берілмеген жағдайда Web-бетінің фоны қолданылады. Мұндай иерархиялық қасиет каскадты деп аталады.
Бірнеше ұяшықтардың аясын өзгерту.
Апта күнінің аттары жазылған ұяшықтар мен есімдер жазылған ұяшықтар жазылған ұяшықтар белгілінеді.
Table – Properties – Cell (Кесте – Қасиет – Ұяшық) командасы қолданылады немесе тышқанның оң жақ пернесін шерту арқылы Cell Properties (Ұяшық қасиеті) шақырылады.
Аясының кез келген (Automatic-тан басқа) түсі Background Color тізімнен таңдалынады.
ОК пернесі шертіледі.
Кесте енін өзгерту. Кесте құрғанда оның енін Insert Table (Кестені қою) немесе Table Properties диалог терезелерінен өзгертуге болады. Алдымен омсы терезелердің бірінде Specify Width (Енін орнату) жалаушасына белгі қойып, сонан соң ыңғайлы өлшеу бірлігі таңдалынылады.
In Pixels (Пиксель бойынша). Кесте енін пиксель бойынша енгізу.
In Percent (Процент бойынша). Кесте енін браузер терезесіне байланысты процент бойынша енгізу. Мысалы, 100%, мәнінде кесте терезенің енін алады, ал 50% мәнінде тек терезе енінің жартысын ғана алады.
Баған енін өзгерту. Баған енін өз еркімен өзгертудің төмендегідей бірнеше тәсілдері бар:
Тышқан көрсеткішін ұяшықтың кез келген сызығына алып барғанда екі жаққа бағытталған бағыт белгісі пайда болады, тышқан пернесі басылған күйінде баған сызығы жылжытылады. Бұл әдіс ұяшықтың биіктігін өзгертуге де қолданылады.
Керек баған немесе қатар ерекшеленеді. Table құралдар панеліндегі Distribute Rows Evenly (Қатарды түзулеу) немесе Distribute Column Evenly (Бағанды түзулеу) пернелері шертіледі.
Cell Properties үндесу терезесінде ұяшықтың ең аз өлшемі көрсе тіледі. Мұнда жоғарыда қарастырылғандай кесте енін өзгерту әрекет теріне сәйкес өлшем пиксель немесе кесте енін қарағандағы процент түрінде беріледі.
Ұяшықты орнату немесе өшіру. Кесте құрылып болғаннан кейін де ұяшықтарды қосып немесе жоюға болады. Кестедегі әр қатарда ұяшықтар саны әртүрлі болуы мүмкін. Бөлек ұяшықтарды ғана қосып қана қоймай, сондай-ақ қатарлар мен бағандарды да қосуға болады. Жаңа ұяшық орнату алдында тышқан көрсеткіші ұяшықтың қасында тұратын ұяшыққа орнатылады.
Бір ұяшықты орнату үшін Table – Insert – Cell (Кесте – Қою – Ұяшық) командасы қолданылады. Жаңа ұяшық курсор тұрған ұяшықтың сол жағына орналасады.
Қатарды немесе бағанды орнату үшін алдымен курсор арқылы оның орны белгіленеді және Table құралдар тақтасында Insert Rows (Қатар орнату) немесе Insert Columns (Баған орнату) пернелері шертіледі. Бірнеше қатарларды немесе бағандарды орнату үшін сонша қатарлар немесе бағаналар белгіленуі керек. Жаңа қатарлар ерекшеленген қатардың үстіне, ал бағандар ерекшеленген бағаналардың сол жағына орналасады.
Егерде кесте соңына бірнеше қатар немесе баған қосылатын болса, курсор соңғы қатардың кез келген ұяшығына қойылады және Table - Insert – Rows немесе Table - Insert – Columns командалары сәйкесінше қолданылады. Пайда болған сұхбат терезесінен қойылатын обьектінің (қатар немесе баған) типі, саны және қойылатын орны (ағымдағы ұяшыққа қарағанда) таңдалынылады, мысалы ағымдағы ұяшықтың астына жаңадан үш қатар қою үшін Rows (Қатар) таңдалынылады, Number of Rows (Қатар саны) мәніне үш саны беріледі, сонан соң Below Selection (Ағымдағы ұяшықтың астына) және ОК пернесі шертіледі.
Кестеден ұяшықты (бөлек немесе бүтіндей бір қатарды немесе бағанды) жою үшін алдымен ол ерекшеленеді және Table құралдар тақтасынан Delete Cells (Ұяшықты жою) пернесі шертіледі немесе Table – Delete – Cells (Кесте –Ұяшықты жою) командасы таңдалынады.
Ұяшықтарды біріктіру немесе бөлу. Бірнеше ұяшықтарды бір ұяшыққа біріктіру немесе керісінше бір ұяшықты бірнеше ұяшыққа бөлу арқылы кестенің құрылымын өзгертуге болады.
Біріктіретін ұяшықтар ерекшеленеді де (олардың бәрі бір бірімен жабысып төртбұрыш құруы керек), Table (Кесте) құралдар тақтасынан Merge Cells (Ұяшықтарды біріктіру) пернесі шертіледі немесе мәзірдегі Table - Merge Cells командасы қолданылады. Нәтижесінде ұяшықтар арасындағы сызықтар жойылады және ұяшық біріктірілетін ұяшықтардың орнын алады.
Сондай-ақ ұяшықтарды олардың шекараларын «өшіргішпен» өшіріп біріктіруге болады. Table (Кесте) құралдар тақтасынан Eraser (Өшіргіш) пернесі шертіледі немесе көрсеткіш өшіретін сызыққа келтіріледі. Аяқтау үшін Eraser (Өшіргіш) пернесі қайта шертіледі.
1.7. Графикалық обьектілерді орнату
Графикалық форматтардың түрлері. Web-беттерінде графикалық обьектілер ақпараттық мәлімет немесе гиперсілтеме түрінде қолданылады. Сондай-ақ гиперсілтеменің мақсатты қоры болып келетін графикалық файлға нұсқауға болады, оны шерту арқылы көрсеткенде осы файл браузерде ашылады.
Графикалық объектілер әшекелеудің бағалы элементі болып табылады және біркелкі мәтіндік бетке өң береді.
Web-бетінің бөлігі болып келетін графикалық объектілер орнатылған графикалық обьектілер деп аталады. Соған байланысты HTML мәтіндік ақпаратты көрсету тілі болғандықтан, орнатылған графикалық объектілер бөлек файлдарда сақталынады және Web-бетімен бірге браузерде ашылып көрсетіледі.
Компьютерлік графикалық файлдар әртүрлі форматта берілген. Ол ақпаратты сақтаудың әдісін анықтайды. Word Wide Web-те графикалық файлдың екі форматы стандартты болып келеді: GIF және JPEG форматтағы файлдар
Бұл форматтар графиканы сығуды қолданады, сондықтан да олардың сығуды қамтамасыз етпейтін басқа форматтағы файлдарға қарағанда өлшемі аз. Бұл Интернет сияқты желіде файлдарды жіберу кезінде қатты ескеріледі, өйткені файл өлшемі неғұрлым кіші болса ол соғұрлым тез жіберіледі және жүктелінеді.
Web-бетіне графикалық объектіні Front Page редакторымен орналастырғанда басқада графикалық форматтағы файлдарды қолдануға болады, олардың ішіне: BMP, TIFF, TGA, RAS, EPS, PCX, PCD және WMF кіреді.
Web-бетін сақтаған кезде Front Page графикалық обьектіні GIF немесе JPEG файлдарына өзгертеді.
GIF форматы. CompuServe компьютерлік ақпарат қызметі Graphics Interchange Format (GIF) форматын нақты режимінде графикалық обьектіні желіден жіберу уақытын қысқарту мақсатында жасалған. Файлдың атында GIF кеңейтуі бар. Бұл формат 256 түсті (8 разрядты графика) қолданады. Графикалық объектілер желіден жіберілу үшін бірінші сығылады, сонан соң браузермен ашқанда жүктелу уақытында атқарылады, мұндай суреттің жүктелуі басқа, мысалы bіtmap немесе PCX форматтағы файлға қарағанда өте аз уақыт алады.
Редактор бағдарлама-кестені сығып GIF файлда сақтаған кезде ақпарат ешқандай жоғалмайды, графикалық обьектіні көрген кезде, ол түп нұсқаға толығымен сайма-сай келеді. Бұл әдіс жоғалтусыз(lolossy) сығу деп аталады.
JPEG форматы. Joint Photographic Expert Group (JPEG, үш әріпті кеңейту . JPG) форматы өте көп мөлшердегі (GIF форматынан басқа) 16,7 миллионға (24-разрядты түс) дейін түстермен жұмыс істеуге мүмкіншілік береді. GIF сияқты JPEG форматы сығуды қолданады, бірақ жоғары коэфициентке жету үшін графикалық обьектідегі «артық» биттерді кесу арқылы жоғалту (lossy) әдісін қолданады. JPEG файлын ашқанда графикалық обьектінің түп нұсқаға қарағанда сапасы төмен болады.
Мұндағы қулық сол өте күрделі JPEG сығу алгоритмі біз аңғармайтын биттерді өшіреді. Мұны, әсіресе, өте көп түстермен берілген графикалық обьектілерге, мысалы, фотографияларға қолданған орынды, мұнда файл өлшемінің кішірейуі суреттің сапасына әсер етпейді. JPEG форматта файлды сақтаған кезде сығылу дәрежесі мен суреттің сапасын таңдауға болады. Суреттің сапасын жоғары беріп файл өлшемін өсіруге болады немесе керісінше сурет төмендетіп файл өлшемін кішірейтуге болады.
Web-бетіне графикалық обьектіні орнату үшін курсор графикалық обьект орнатылатын жерге қойылады. Саймандар тақтасынан Insert Picture (Суретті қою) пернесі шертіледі немесе Insert – Picture - From File (Қою – Сурет – Файлдан) командасы беріледі. Нәтижесінде сұхбат терезесі ашылады. Орнатылатын графикалық файл ағымдағы Web- түйіннің тізімінен таңдалынады. GIF немесе JPEG файлдарын көру үшін файл ерекшеленеді, Front Page-дің алдын ала көру аймағында сурет көрінеді.
Егер сурет ағымдағы Web-түйіннің сыртында болса, онда Use Yore Browser to Select a Page (Бетті таңдау үшін браузерді қолдану) немесе Select a File on YourComputer (Сіздің компьютерде файлды таңдау) Қажетті пернелерін шерту арқылы WWW-дан немесе дербес және желілік дискілерден графикалық файлдарды іздеу рәсімі іске қосылады. Файл таңдалынғаннан кейін Ок пернесі басылады.
ClipArt суреттерін орнату. Microsoft Clip Gallery суреттер жиыны Front Page құрамына кіреді. Бұл суреттерді ашу үшін Insert – Picture – ClipArt немесе Image (Көрініс) сұхбат терезесінен ClipArt пернесі шертіледі. Көрсетілген терезе пайда болады. Суреттер категориясы белгі түрінде көрсетілген. Осы белгілердің біреуін шерту арқылы бұл категорияға сай суреттер шығады. Категорияларға қайта оралу үшін саймандар тақтасындағы Back (Кері қайту) пернесі шертіледі.
Category (Категориялар) тізімінде Web-беттерімен жұмыс істеуге арналған Web Bullets and Buttens (Маркерлер мен пернелер) және Web Dividers (Бөлгіштер) категориялар табылады. Сурет таңдалынған соң Insert Clip (Клип қою) пернесі шертіледі, нәтижесінде сұхбат терезесі жабылып сурет бетке орнатылады. Web-беті екі графикалық обьектілерден ClipArt және фотография суреті мынадай бөлімдерден тұрады:
ClipArt суретін орнату үшін келесі операцияларды орындау керек:
Сурет орнатылатын жерге курсор қойылады.
Insert – Picture – ClipArt (Қою – Суреттер – Көрініс) командасы беріледі.
Microsoft ClipArt Gallery терезесінен категория таңдалынады.
Бетке орнатылатын сурет таңдалынып Insert Clip (Клип қою) пернесі басылады.
Көрсетілген мысалда Web-бетіне қойылған суреттер басқа графикалық обьектілерден ешқандай айырмашылығы жоқ. Олардың қасиеттерін, бетке орналасуын өзгертуге немесе жоюға болады.
Бейне клипті орнату. Редактордың көмегімен Web-бетіне қозғалатын бейнені -.AVI немесе .RAM кеңейтуіндегі бейне клип файлдарын орналастыруға болады. Бұл үрдіс қозғалмайтын бейнені орналастыру үрдісіне ұқсайды. Бейне клип үшін Insert – Picture – Video (Қою – Суреттер – Бейне) командасы таңдалынады.
Front Page клип фреймін қояды, редактордан тікелей бенеклипті көруге болмайды. Браузерден көру үшін File – Priview in Browser (Файл – Браузер арқылы көру) командасы қолданылады.
Бейне клиптер дискіде көп кеңістік алады бірнеше секундқа созылатын клип жүздеген килобайт орын алуы мүмкін. Мысалы, Windows 95 құрамына кіретін 15 секундтық welcome.avi бейне файлы 6 Мбайттан көп орын алады және осыған ұқсас бейне клипті Web-бетіне орналастырғанда жүктелу уақыты 28800 кбайт/с жылдамдықпен бір сағатқа дейін созылуы мүмкін.
Жоғарыда айтылғандарды ескеретін болсақ, егер бейнеклип Web-түйінінің ақпараттық құрылымында маңызды рөл атқарса ғана қолданған орынды. Бейнеклипті гиперсілтеменің мақсатты обьектісі етіп көрсетуге немесе сирек ашылатын файлға орналастыруға болады, сонымен қатар қолданушыларға жүктелетін уақыттың жуық шамасын көрсетуді ұмытпаған жөн.
Графикалық обьектілердің өлшемін өзгерту және орнын ауыстыру. Графикалық обьектінің өлшемін өзгерту немесе орнын ауыстыру үшін ол алдын ала ерекшеленеді. Ерекшелеу белгілері обьект жақтарының бұрышы мен қабырға орталарында пайда болады. Бұл белгілер обьектінің ерекшелеуін көрсетіп қана қоймай оның өлшемін өзгертуге де қолданылады. Тышқан көрсеткішін белгілердің біріне қойған кезде көрінетін екі жаққа бағытталған көрсеткішті қалаған өлшемге жылжытуға болады. Егер бұрыштағы белгі жылжытылса, онда Front Page автоматты түрде көріністің барабарлығы – обьект енінің оның биіктігіне қатынасын сақтайды.
Ерекшеленген көріністің басқа графикалық объектілер мен мәтіндерге қарағанда орнын ауыстыру қозғау арқылы орындалады. Сондай-ақ, Edit – Cut (Түзеу-Кесіп алу) және Paste (Қою) командаларын да пайдалануға болады. Көріністердің бірнеше көшірмесін жасау үшін Edit - Copy (Түзеу-Көшіру) және Paste (Қою) командалары қолданылады немесе объектіні жылжыту кезінде Ctrl пернесі басылып тұрады.
Енгізілген графикалық обьектілерді сақтау. Front Page Web-бетіне сканерден түсірген немесе импорт арқылы алынған көріністерді файлдарды GIF немесе JPEG форматтарында (бейне өзінің бастапқы форматында) сақтайды. 256 түстерден кем тұратын көріністер GIF форматында, ал өте көп түстердің гаммасынан тұратын файл JPEG форматында сақталынады.
Графикалық обьектінің қасиеттерін орнату. Web-беттеріне орналастыра тын суреттің параметрлерін дәл орнату үшін Picture Properties (Суреттің қасиеттері) сұхбат терезесі қолданылады (2-11-сурет). Графикалық объект ерекшеленіп, Format – Properties (формат – Қасиеттер) командасы таңдалынады.
Picture Properties (Сурет қасиеттері) үндесу терезесінің General (Жалпы) ендірмесі обьектінің Picture source (Түп нұсқа), Type (Түрі), Alternative representations (Суреттердің альтернативтік мүмкіндіктері) және Defaulhyperlink (Үнсіз қабылданатын гипернұсқағыш) төрт параметрін орнатуға қолданады.
Picture Source параметрі графикалық объектінің түпнұсқасын анықтайды. Объектіні басқа объектіге ауыстыру үшін файл аты мен жолы енгізіледі немесе Browse (көру) пернесі арқылы Picture диалог терезесінен керекті файл таңдалынады. Жаңа файлды қолдану бұрынғы графикалық объектінің ауысуына алып келеді, ал Picture Properties сұхбат терезесіндегі берілген объектінің қасиеттері жаңа обьектіге қолданылады.
GIF және JPEG форматтарындағы файлдарға арналған графикалық редактор бағдарламасын іске қосу үшін Edit пернесі басылады.
Графикалық объектінің типін көрсету. Type (Түрі), тобында графикалық объектіні қандай форматта сақтау керек екендігі көрсетіледі. GIF немесе JPEG. Егерде файл осы форматтардың бірінде сақталынса, онда сәйкес формат терезеде көрінеді. Егер бет сақталынбаған болса және файл форматы басқа болса, онда GIF немесе JPEG форматтарын таңдау керек.
GIF файлының параметрлері. GIF форматы таңдаған кезде Transperent (Мөлдір) және Interlaced (Бір қатардан кейін) екі жалаушаларын қолдануға болады. GIF форматтағы графикалық объектіде бір мөлдір түс болуы мүмкін. Егер осындай түс анықталған болса, онда оны графикалық объектіде көрсетуге немесе мөлдір түсте қалдыруға болады. Егер GIF форматтағы графикалық объектіде түс мөлдір болып орнатылған болса, онда сұхбат терезесі ашылған кезде Transperent жалаушасында белгі тұрады. Объектідегі мөлдір түсті жою үшін жалаушадағы белгіні алу керек.
GIF форматтағы файлды браузерде ашқан кезде жүктелу жоғарыдан төмен қарай қатарлап жүреді. Шағын суретті қолданған кезде жүктелу тез жүреді. Егер сурет үлкен болса және жылдамдығы төмен арна арқылы берілетін болса, онда қатарлап жүктелу үрдісін толық бақылауға болады. Баяу жүктелу қолданушыларды тітіркенуге алып келеді.
Interlaced жалаушасына белгі қою арқылы сурет қатарының шығу ретін өзгертуге болады. Бұл жүктелудің тез болып жатқанын қабылдау эффектісін береді. Бұл жағдайда кезектегі объект блоктары жүктелінеді.
JPEG форматындағы файл параметрлері. JPEG форматындағы файл жағдайында Quality (Сапасы) алаңында сығу дәрежесінің сәйкесінше мәні көрсетіледі. Бұл мән үнсіз 75-ке тең деп қабылданады. Мүмкін болатын диапазон 0 мен 100 сандар аралығы. Сығу дәрежесі үлкен болған сайын сурет сапасы төмен болады.
JPEG-ғы прогрессивті (Progressive) жүктелуі GIF –тегі бір қатардан кейін (Interlaced) жүктелуіне ұқсас бірнеше кезеңмен сапасын арттыра отырып жүргізіледі. Суретті толық жүктеу үшін Progressive Passes (Кезең саны) алаңына кезең саны енгізіледі. Егер 0 көрсетілген болса, онда JPEG файлы кәдімгі тәсілмен жүктеледі.
Суреттің альтернативтік мүмкіндігін анықтау. Picture Properties сұхбат терезесінде графикті бейнелеудің екі альтернетивті мүмкіндігін беруге болады. Егер суреттің өлшемі үлкен болса, онда оның жүктелуі көп уақытты алады, сондықтан Law-Res (Law resolution-төмен шешілу) алаңында тағы бір файлды көрсетуге болады. Көптеген браузерлер Law-Res файлын көрсетеді, сондықтан қолданушыға суретті жуық арада көру мүмкіндігі туады. Сол уақытты браузер негізгі суретті жүктейді және жүктеліп болғаннан кейін Law-Res файлын ауыстырады. Екінші балама – Text (Мәтін) алаңы болып табылады. Мұнда браузер графикалық обьектіні жүктей алмаған немесе графиканы қолдамаған жағдайда шығатын мәтін енгізіледі. Сондықтан көптеген браузерлер желідегі жұмысты үдеулету үшін графикалық объектінің жүктелуін тоқтататын мүмкін дікті ұсынады. Кейбір браузерлер графиканы қабылдамайды. Екі жағдайда да браузер альтернативті мәтінді көрсетеді.
Графикалық объектіні түзулеу түрі мен өлшемін орнату. Графикалық объектіні беттің немесе кесте ұяшығының сол жағына, ортасына, оң жағына түзулеу үшін абзацпен жұмыс істеуде пайдалынылатын тәсілдер қолданылады. Ол үшін объект таңдалынып, Formatting (Форматтау) саймандар тақтасындағы түзулеудің қандайда бір пернесі шертіледі.
Picture Properties сұхбат терезесінің Appearance (Әшекейлеу) жапсырмасында түзеудің басқа параметрлері орнатылады. Мұнда графикалық объектінің өлшемін өзгертуге және оны қоршауға алуға болады.
Layout (Орналасу) тобына графикалық обьектінің айналасындағы мәтінмен салыстырмалы орналастырудың Alignment (Түзулеу), Horizontal spacing (Тік шегіну) және Vertical spacing (Көлденен шегіну) үш параметрлері кіреді. Web-бетіндегі мәтінмен салыстыра отырып обьектіні түзулеу үшін Alignment (Түзулеу) тізімінен бірнеше нұсқаны қолдануға болады.
Absbotton. Ағымдағы қатардың астыңғы бөлімі бойынша түзулеу.
Absmiddle. Ағымдағы қатардың ортасы бойынша тік түзулеу.
Baseline. Қатардың негізгі түзуі бойынша обьектіні түзулеу.
Bottom. Объектінің төменгі шекарасын айналасындағы мәтіннің төменгі шекарасы бойынша түзулеу.
Center. Айналасындағы мәтіннің ортасы бойынша обьектіні тік түзулеу.
Default. Браузердің орнатуын қолдану.
Left. Объектіні сол жақ алаң бойынша түзулеу.
Middle. Айналасындағы мәтіннің ортасы бойынша объектіні көлденең түзулеу.
Right. Объектіні оң жақ алаң бойынша түзулеу.
Texttop. Объектінің жоғарғы шекарасын ағымдағы қатардағы ең үлкен шрифтің жоғарғы шекарасы бойынша түзулеу.
Top. Обектінің жоғарғы шекарасын айналасындағы мәтіннің жоғарғы шекарасы бойынша түзулеу.
Vertical spacing (Көлденен шегіну) параметрі үшін мән пиксель бойынша беріледі. Ол графикалық объект пен мәтіннің, басқада графикалық объекті лердің оң жақта немесе сол жақта орналасқан терезе шекарасының арасындағы қашықтықты анықтайды. Графикалық объект пен Web-бетінің басқа да элемент тер арасындағы тігінен шегіну шамасын орнату үшін Horizontal spacing (Тік шегіну) алаңы қолданылады. Объектіні қара қоршауға алу үшін Border thicknes алаңында қоршау қалыңдығы көрсетіледі.
Графикалық объектінің ұзындығы мен енін беру үшін Size (Өлшем) тобы қолданылады. Specify Size (Өлшемді көрсету) жалаушасы қойылады, Width (Ені) және Height (Биіктігі) параметрлеріне мәндер пиксель немесе бет өлшемі бойынша процент түрінде енгізіледі.
Егер ені немесе биіктігі пиксель түрінде өзгертілсе, онда екінші өлшемнің мәнін көрсету шарт емес. Keep aspect ratio (Бейненің пропорциясын сақтау) жалауы қойылған болса, Front Page автоматты түрде объектінің ені мен биіктігі арасындағы қатынасты бақылып отырады. Егер ені өзгертілген болса, онда Front Page автоматты түрде обьектінің биіктігін өзгертеді.
Picture саймандар тақтасы. Бір немесе бірнеше графикалық объекті лермен жұмыс істегенде Picture саймандар тақтасы View – Toolbar – Picture (Көрініс – Саймандар тақтасы – Сурет) командасы арқылы экранға шығарылып сақталынады.
Мөлдір түсті құру. Web-бетіне графикалық объектіні аясының өрнегімен немесе түсімен орналастырғанда объект айналасы ақ түс болып айырмашылық көрінуі мүмкін. Мысалы, ClipArt-тағы суреттердің аясы ақ түс болып келеді, яғни сурет бет түсінен бөлініп тұрады.
Объектіні ерекшелеп, Picture саймандар тақтасындағы Set Transperent (Мөлдір түске айналдыру) пернесі басылған соң ақ түске шертіледі.
Мөлдір түске кез келген (бір ғана) түсті айналдыруға болады, бұл түс фон түсі болуы шарт емес. Графикалық объектінің қандайда бір түсін мөлдір түске айналдыру үшін Set Transperent пернесі қолданылады. Бұл GIF форматтағы файлдарға қолданылады, сондықтан да GIF форматына өзгертуді сұрайды.
Графикалық объектіге өзгеріс енгізілген жағдайда (сонымен қатар мөлдір түс құру) Web-бетін сақтар алдында Front Page өзгерістерді графикалық файлға сақтауға болатындығын ұсынады.
Графикалық объектіге мәтін қою. Front Page-дің жаңа функцияларының бірі бұл - мәтінді графикалық объектіге қою мүмкіндігі. Ол үшін алдын ала объект таңдалынады.
Сонан соң Picture саймандар тақтасындағы Text (Мәтін) пернесі шертіл генде (егер графикалық объектінің форматы GIF форматынан басқа болса, онда оны өзгертуді ұсынады), объектінің үстінен кез келген мәтінді енгізетін мәтіндік алаң пайда болады.
1.7. Жүгіртпе жолды жасау
Жүгіртпе жолды жасау үшін Вставка – Веб компонент командасын орындаймыз,сонда экранға мынадай терезе пайда болады:
1.8. Батырма жасау
Батырма жасау үшін: «Вставка – Меняющая Кнопка» командасын орындаймыз, экранда мынадай терезе пайда болады.
1.9. Web – бетті сақтау
Беттер Файл (File) – Сохранить (Save) немесе Файл (File) – Сохранить как (Save As) командасымен немесе саймандар тақтасындағы Save батырмасын тышқанның шертуімен сақталады.
Қорытынды
Неғұрлым маңызды НТМL редакторы деп Microsoft FrontPage-ні атауға болады.Бұл Интернетке арналған арнайы редактор және, бір жақсысы, ол Word-қа ұқсайды.
Редактордың тамаша мүмкіндіктерінің бірі-оның беттерді WYSIWYG режімінде көрсете алатын қабілетінде(what you see is what you get-не көрсеңіз, соны аласыз.)Бұл олар  браузерде  Редактордағыдай болатынын білдіреді.Күні кеше ғана НТМL кодтарында әрбір ұсақ-түйекті қолмен сипаттап отыруға мәжбүр болып, нәтиже ойдағыдай болатынына үміттеніп қана қоятын едік.Енді беттің Редакторында дұрыс көрінуіне ғана қол жеткізу жеткілікті. Frontрage Редакторы жекебеттерді де, Web- торапты да тұтасжасауғамүмкіндік  береді. Осы бағдарламанықолдануарқылыкезкелгенмақсатта сайт ашаалады