На тему. Аксонометриялы? проекцияларды алу ж?не оларды салу (фронталь диметриялы? ж?не изометриялы? проекциялар).


Бекітемін:_________________
Сабақтың тақырыбы:Қайталау. Жаттығу. Аксонометриялық проекцияларды алу және оларды салу (фронталь диметриялық және изометриялық проекциялар).Сабақтың мақсаты:а) Білімділік: Оқушылардың білімін қалыптастырып қана қоймай, оларға тың мәліметтер беру.ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту.б) Тәрбиелілік: Сызу арқылы оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету.Құрал - жабдықтар, көрнекті құралдар: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және тағы басқа.Сабақтың өту барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі.2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.4. Тапсырмаларды орындау.5. Сабақты бекіту.6. Үйге тапсырма.Сабақтың барысы: Тетіктер мен машиналардың сызбаларына түсініктеме бергенде көрнекі кескіндерді пайдаланады (94 - сурет). Жазықтықта көрнекі кескіндерді салу үшін осы нәрселердің аксонометриялық проекцияларын салуды орындаймыз.«Аксонометрия» - грек сөзі, «остер бойынша өлшеу» деген мағынаны білдіреді. Осы нәрселерді салғанда өлшемдерді (ұзындық, ен, және биіктік) х, у, және z остері бойынша өлшеп саламыз.Проекциялаушы сәулелердің бағытына және нәрсенің сызықтық өлшемдерінің осьтер бойынша өзгеріп түсуіне байланысты аксонометриялық проекцияларды тік бұрышты және қиғаш бұрышты проекциялар деп екіге бөледі.95 - сурет. Қиғаш бұрышты фронталь диметриялық проекцияның пайда болуы.96 - сурет. Тік бұрышты изометриялық проекцияның пайда болуы.Жазық фигуралардың аксонометриялық проекцияларыЖазық фигуралардың аксонометриялық проекцияларын орындау кезінде z осі болмайды. Мұндай салуды х және у осьтерін жүргізуден бастаймыз.. Осылайша салу кейінірек геометриялық денелердің аксонометриялық проекецияларын орындау барысында қажет болады.Жазық жақты нәрселердің аксонометриялық проекцияларыЖазық жақты нәрселердің аксонометриялық проекцияларын салу кезінде үш: х, у және z осьтерін пайдаланады, себебі мұнда үш өлшем (ұзындық, ен және биіктік ) қатысады.Мысал үшін сызбада бұған дейін екі көрінісі салынған тетікті алайықҮйге тапсырма: Жазық жақты нәрселердің аксонометриялық проекцияларын салу ережесін игеру, жаттығу жұмысын орындау, сұрақтарға жауап беру.
Loading...