Презентация по казахскому языку на тему Етістікті? т?рленуі. ша? туралы т?сінік.
7-сыныпгҚазақ тіліПән мұғалімі: Байалиева Г Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды етістіктің түрлену жолдарымен таныстыру. Шақ туралы түсінік беру, іс жүзінде қолдана білу;Тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа, шығармашылыққа, өз ойын айта білуге, адамгершілік қасиеттерге баулып, дүниетаным шеңберін кеңейту;Дамытушылық:Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытып, ой шақыра білуге, шағын топта жұмыс істеуге дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сабақтың түрі: Аралас сабақСабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, сын тұрғысынан ойлау стратегиясының элементтері.Көрнекілігі: ББҮ кестесі, «Шыңға өрлеу» ойыныПәнаралық байланыс: Әдебиет, биология, география Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңіОқушыларды түгелдеп, зейінін сабаққа аудару. Сыныпты үш топқа бөлеміз. І топ «Қыран». ІІ топ «Сұңқар». ІІІ топ «Достық».Топтық жұмыс жүргізіледі.А)Әр топқа үй тапсырмасы берілген, үш топ өз тақырыптарын қорғап шығады.І топ. «Сын есім », ІІ топ «Сан есім», ІІІ топ «Есімдік».Ә) Тренинг сабақтары бойынша жылдам ойлау қабілеттерін дамыту үшін «Миға шабуыл» әдісі қолданылады. Әр топқа сұрақтар оқылып, тез жауап қайтаруы тиіс. “Миға шабуыл”І топ. 1.Жалғаудың неше түрі бар? 2.Зат есім жіктеледі ме? 3.Тәуелденудің неше түрі бар? 4.Қазақ тілінде неше септік бар? 5.Зат есім атау септігінде тұрғанда қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады? ІІ топ 1.Көптік жалғау нешеу? 2.Барыс септігінің сұрағын ата. 3.Зат есім жіктеліп келіп қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады? 4.Сын есімнің неше шырайы бар? 5.Салыстырмалы шырайдың жұрнақтарын ата. ІІІ топ1.Қазақ тілінде неше сөз табы бар? 2.Сөйлем мүшесі нешеу? 3.Сын есім сөйлемде қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады? 4.Сан есім барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады? 5.Есімдіктер қай сөз таптарының орнына жүреді? 2. Жаңа сабақ. ББҮ әдісі р/с Білемін Білгім келеді Үйрендім
1 Зат есімнің түрленуі Етістік қалай түрленеді? 2 Сан есімнің түрленуі Септеледі ме?
3 Сын есімнің түрленуі Тәуелденеді ме? 4 Оларды ң сөйлем ішінде атқаратын қызметтерін Жіктеледі ме? Етістіктің қимыл іс-әрекетті білдіретіндігі белгілі. Ал, іс-әрекет белгілі бір кезеңде іске асады, орындалады. Қимылдың болу кезеңі сөйлеп тұрған сәтпен айқындалады. Сөйлеп тұрған сәтке байланысты қимылдың өту кезеңін білдіру етістіктің шағы деп аталады. Мысалы:Өнер-білім бар жұрттарТастан сарай салғызды. (Ы.Алтынсарин)Жазғытұры қалмайды қыстың сызы. (Абай) Енді бүгін қарасам, Айналам бақыт кең жатыр.Бірімен-бірі туысқан, Қол ұстасқан ел жатыр.Бұл сөйлемдердегі салғызды, қалмайды, жатыр етістіктері, мезгіл мағынасын білдіруі жағынан бірдей емес.Салғызды- сөйлеп тұрған сәттен бұрын болған,Қалмайды – сөйлеп тұрған сәттен кейін болатын,Жатыр –сөйлеп тұрған сәтте болып жатқанын білдіреді. Міне, осы мысалдардан көргеніміздей іс-әрекеттің өту кезеңі мағынасы жағынан мынадай болуы мүмкін. Сөйлеп тұрған сәтте болып жатқан қимыл, іс-әрекет;Сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып кеткен қимыл, іс-әрекет;Сөйлеп тұрған кезде әлі болмаған, бірақ кейін болуға тиісті қимыл, іс-әрекет.Міне, қимылдың болу мезгілі үш түрлі болады. Соған сәйкес етістіктің шақтары да үш түрге бөлінеді.Сөйлеп тұрған кезде болып жатқан іс-әрекет –осы шақ, әлі болмаған, бірақ кейін болатын қимылды келер шақ, сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып кеткен іс-әрекет өткен шақты білдіреді. Етістіктің шақтары есімше, көсемше тұлғалы етістік түбіріне -ды, -ді, -ты, -ті және –мақ, -мек, -бақ, -бек жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.Шақтық мағынаны білдіретін етістік көбінесе жіктеліп келеді де, сол арқылы шақтық мағына береді. Жіктік жалғау шақ көрсеткіштерінен кейін жалғанады.Мысалы: оқы-ған-мын, оқы-р-сың, бар-ып-ты, бар-ды-м, бар-мақ-сың т.бЖіктік жалғау күрделі етістіктің құрамындағы көмекші етістікке жалғанады. Мысалы: сөйлеп отыр-ған-сың, сөйлеп отыр-ар-мын. 3.Дәптермен жұмыс. 122-жаттығу. Өлеңдегі етістіктерді теріп жазып, олардың қай шақты білдіретінін айтыңдар. Құстар қалай сайрайды?Тізбектеп жазып шығыңдар.Қаздар қаңқылдайды, торғайлар шырылдайды, қарға қарқылдайды, сауысқан шықылықтайды, бұлбұл сайрайды, бүркіт саңқылдайды, әтештер шақырады.123-жаттығу. Осы шақ, өткен шақ, келер шақ етістіктерді теріп алып, әр қайсысын бөлек- бөлек жазыңдар.Осы шақ: шашып тұр, тыңдадым, қонды, ерте оянып, тысқа шықтым, шашып тұр, жүгірдім, ұша алмай жүр, жүзіп жеттім, сабалап, босаттым, ұстадым, салып, қосылды, бөлеп, көтерілді.Өткен шақ: тіккенбіз, кеткенбіз, кіріп кетіпті.Келер шақ: ұшып келеді. 4. «Мағынаны тану » кезеңінде оқушылар жұмыс істейді, алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білу. Биіктігі 8848 м Берілген сөзге шақ жұрнақтарын жалға. Ал, бер, жаз Кең дала ақ көрпеге оранған болатын. Етістік қай шақта тұр? Мүмкін бұл ниеті орындалып қалар.Етістік қай шақта тұр? Оқушылар мұз айдынында шаңғы теуіп жүр.Етістікті тап. Қай шақта тұр? «Шыңға өрлеу» ойыны. Шыңға шығар кезде әр түрлі аңдарға кездесеміз. Кедергіден өту үшін олардың бізге дайындаған сұрақтары бар, соған жауап берейік.1.Берілген сөзге шақ жұрнақтарын жалға. Ал, бер, жазАл-ды, бер-мек, жаз-ып отыр.2.Кең дала ақ көрпеге оранған болатын. Етістік қай шақта тұр? (бұрынғы өткен шақ)3.Мүмкін бұл ниеті орындалып қалар.Етістік қай шақта тұр? (болжалды келер шақ)4.Оқушылар мұз айдынында шаңғы теуіп жүр.Етістікті тап. Қай шақта тұр? (шаңғы теуіп жүр, күрделі осы шақ) 5. Қорытынды р/с Білемін Білгім келеді Үйрендім
1 Зат есімнің түрленуі Етістік қалай түрленеді? Етістіктің үш шағы бар. Етістік жіктеледі. Күрделі етістік жіктелгенде жіктік жалғау көмекші етістікке жалғанады.Етістіктің шақтары есімше, көсемше тұлғалы етістік түбіріне –ды, -ді, -ты, -ті, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. 2 Сан есімнің түрленуі Жіктеледі ме?
3 Сын есімнің түрленуі Септеледі ме? 4 Олардың сөйлем ішінде атқаратын қызметтерін білемін. Тәуелденеді ме? 6. Бағалау. Оқушылардан бағалау парағын жинап алып бағалаймын.7. Үйге тапсырма: Етістіктің түрленуі. Шақ туралы түсінік. 124-жаттығу.,