Интеллектуальная игра Лидер ХХІ века

Оқушы: "Сыныпта көшбасшы болғым келеді!" Үздіктің үздігі атану үшін ең алдымен өзгелерден қандай артықшылығыңыз бар екенін біліп алуыңыз қажет. Мүмкін шахматты мықты ойнап, ән айтатын шығарсыз, әлде әңгіме айтудың хас шеберісіз бе? Осылайша өзіңіздің ерекше қасиетіңізді тауып, оны дамыта біліңіз. Назарларыңызға сыныпта көшбасшы болуға көмектесетін кеңестер ұсынамыз: 1. Ерекше қасиетіңізді дамытып қана қоймай, бағалай түсіңіз. Ең майда деген заттарға позитивті көңіл-күймен қарау арқылы әбден жолыңыз болуы мүмкін. 2. Ерекше қасиетіңізді қажет жерде, қажет уақытта көрсете біліңіз. Мысалы, математика сабағында тамаша ән салатыныңызды көрсетіп жатудың қажеті жоқ. Ал сыныппен бірге жиналған мерекелік кештерде, мектептегі жарыстарда әніңізге орын табылады. 3. Үздік болуды дәреже мен басқару қабілетімен шатастырмаңыз. Ол маңызды жауапкершілікті мойынға алып, оның шешімін дұрыс табумен тең. 4. Кез келген үздік көшбасшы ойын анық жеткізіп, ұтымды идеялар айта білуі тиіс. Ал көпшіліктің алдында қысылмай сөйлеу үшін дебаттарға жазылып немесе айнаның алдында диктофонның көмегімен сөйлеп дағдылануыңызға болады. Диктофонға жазып алған даусыңызды қайта тыңдаған соң паразит, шамадан тыс көп қайталанатын сөздерді анықтай аласыз. Кемшіліктеріңізді осылай нақты біліп алғаныңыз жөн. 5. Көшбасшының әрдайым өз пікірі болады. Бұл барлық жерде басқаларға қарсы шығу деген сөз емес. Тек өзіндік ойыңызды айтудан қорықпау. Сыныптастары көшбасшының сөздерімен келіспесе де, үнемі құрметтейді. Ал достардың арасында құрметке ие болу – көшбасшы болудың алғашқы сатысы. Көшбасшының бойында көп қасиет бар десек те, ішінен ең негізгісін атап көрсетуге болады. Олар – табандылық, тәуекелге бару, ақыл, жылдамдық және т.б. Ең бірінші кезекте оның мінезі жақсы болуы тиіс. Көшбасшының бойынан табылатын қасиеттер: 1. Салмақтылық. Өзін ұстай алмайтын, тез ашуланатын көшбасшы сыныптастарын тығырыққа тіреуі мүмкін. Сондықтан ол әрдайым сабырлы болуы тиіс. 2. Өзін көрсете білу. Алдына қойған мақсатына жетуге деген құштарлық. Ол алдына үлкен мақсаттар қойып, оған жетіп, өзгелерге үлгі бола білуі керек. Мысалы, мұғалім берген тапсырманы өзгелерден бұрын әрі дұрыс орындау. 3. Дұрыс шешім қабылдау. Ол ситуацияға жылдам баға беріп, қиын мәселенің шешімін дұрыс табады. Өзін де, сыныбын да табысқа жеткізетін мүмкіндіктерді қалт жібермейді. 4. Ынта. Көшбасшы барлық іске ынталы келеді. Ол өзінің мінезімен өзгелерге үлгі бола алады. 5. Табандылық. Көшбасшы үнемі қозғалыста болып, сұрақтың мәнін түсінеді. Сұрағына жауап алмайынша тынбайды. Ойға алған жоспарларын міндетті түрде жүзеге асырады. 6. Өзіне деген сенімділік. Көшбасшы жүрегі мен ақылын қатар тыңдап, аяғында нық тұрады. Мұнымен қатар эмоционалдық тұрақтылығы бар. 7. Психологиялық дайындық. Сыныптағы әрбір адамның пікірімен санасады. Өзгелерді тыңдау арқылы жаңа ақпараттар жинайды. Мәселелерді ортаға салып талқылайды. 8. Шынайы көзқарас. Оптимистер үнемі алға тартып, армандап жүрсе, пессимистер кейін жүреді. Ал реалистер барлығына дұрыс баға береді. 9. Білімге деген құштарлық. Өз бетінше ізденіп, жаңа технологияларды толығымен меңгереді. Сыныпты басқаруда өзінің білімділігін де пайдаланады. 10. Әділеттілік. Әділетті болған жағдайда ғана өзгелердің сеніміне ие бола алады. 11. Байсалды. Қандай жағдай болмасын байсалды. Ашу мен күлкінің тек уақытша эмоциялар екенін жақсы біледі. 12. Мінсіздікке ұмтылу. Барлық жерде үздік болуға тырысады. Бір орында тұрмай, өз бетінше дамумен болады. 13. Өзгеше ойлау. Ойын да, жоспарларын да ситуацияға сәйкес өзгертіп, жаңашылдықты тез қабылдайды. Барлығының да ерекше болғанын қалайды. Олай болса, іске сәт! Сіз көшбасшы болуға лайықсыз!
Толығырақ: http://massaget.kz/okushyilarga/mektep_omiri/18152/Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз