Сценарий утренника ?ош бол, балаба?ша! (подготовительная группа)
№ 31 «Күншуақ» мектепке дейінгі ұйымы
«Қош бол, балабақша!»
ертеңгілік
(«Достық» мектепалды даярлау тобы)
Тәрбиешілер: Жумагулова А.Г.
Байдаулетова К.Ж.
2013-2014 оқу жылы
Мақсаты: Балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. Балабақшаның бала өмірінде алатын орны туралы түсінік беру, ата-ана мен бала, балабақша ұжымы мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты бекіту. Ойын тапсырмалары арқылы балалардың білімін анықтау.
Қолданылған көрнекілік құралдар: проектор, хат қалтасы, ойын атрибуттары, шарлар.
Қатысқан кейіпкерлер: Буратино.
Музыка залы шараға сай безендірілген.
Залға бір топ бала жүгіріп келеді.
1-жүргізуші:Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Қуаныштарың құтты болсын ата-ана,
Мереке құтты болсын балаларға!
2-жүргізуші:Жас жүректің өмірлік құштары-гүл,
Бағбан — ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.
Би «Буратино»
Алтынай: Ой, қандай керемет, біршама сергіп қалдық - ау!
Мерует: Ия, маған да таңертең ертемен жаттығу жасаған ұнайды.
Ақнұр: Шіркін, биді биледік қой, бірақ сол Буратиноны шынымен көрсек
қой ия?
1-жүргізуші: Балалар, бүгін біздер сендердің барлық тілектеріңді орындауға
әзірміз. Сендер Буратиноны көргілерің келеді ме?
Балалар: Ия!
2-жүргізуші:Ендеше, бәріміз бірге достық туралы әнімізді орындап оған естіртейік. Әнімізді естіп, ол міндетті түрде келеді деп ойлаймын.
Ән «Достық»
Балалар: Бу-ра-ти-но!
Залға Буратино келеді. Амандасады.
1-жүргізуші:Сәлеметсің бе, Буратино?!
Буратино: Ой, балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын. Ал сендер
осындай әдемі болып қайда жиналдыңдар?
Балалар: Біз балабақшамен қоштасып, мектепке барамыз.
(Буратино жылап жібереді)
2-жүргізуші: Ой, Буратино сен неге жылайсың? Мектептен қорқудын қажеті
жоқ.
Буратино: Жоқ, мен керісінше мектепке барғым келеді. Бірақ, әкем
Карлоның маған алып берген әліппесін қу Түлкішек мен Базилио
мысыққа алданып беріп жібердім.Енді әліппе де жоқ, кітап та
жоқ, ештеңе білмеймін, мектепке де бара алмаймын, әкеме де
қарай алмаймын (жылайды).
1-жүргізуші: Мәссаған, ол түлкі мен мысықтың жасап жүргендерін қара.
Балалар, бұл жағдайда мен құқықбұзушылықты байқаймын.
Буратинонын қандай құқығы бұзылған деп ойлайсыңдар?
Балалар жауаптары.
2-жүргізуші: Ендеше, Буратиноға өзіміздің білетінімізді көрсетіп, үйретіп
жіберейік. Оның әкесі білетінін байқап, мүмкін ренжімей, оған
басқа әліппе алып берер. Қалай ойлайсыңдар?
Балалар жауаптары.
Буратино: Бірақ, әкем маған мектептегі достарына тапсырмаларды берерсің,
өзңде бірге орындап үйренерсің деген. Оларды қайтеді екем?
1-жүргізуші: Ендеше, бәріміз Буратиноның әкесінің дайындаған
тапсырмаларын орындап көрейік балалар?!
Балалар: Ия!
1-тапсырма «Алғырлар»
Мазмұны: Балалар 3 топқа бөлінеді. 1 топ - әріпке сөз ойлайды, 2 топ – сөздерді буынға бөледі, 3 топ – сөздерге сөйлем құрайды.
2-тапсырма «Кім зерек?»
Мазмұны:берілген логикалықесептерді шешу керек.
3-тапсырма «Тапқырлар»
Мазмұны: мақалды жалғастырып, жұмбақ шешімін табу керек.
Буратино: Бәрекелді, балалар, сендер білімді балалар екенсіңдер. Рахмет,
мен енді көп нәрсені білемін. Әкем қуанатын болды.
2-жүргізуші: Буратиноны бізбен бірге мереке тойлауға шақырғым келеді.
Буратино: Алғысымды білдіремін, бірақ мен алдымен әкеме барып
тапсырмаларды орындағанымды айтайын. Сосын қайтіп келіп
мереке тойлаймыз. Жарай ма?
Барлығы: Жарайды!
Буратино шығып кетеді.
1-жүргізуші:Бізде қарап тұрмайық Ән айтайық, жырлайық, - деп балаларымыздың орындауында
тамаша әнді қабыл алыңыздар! Ән «Түстер»
2-жүргізуші:Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты,
Мың бұралып бишілер би билейді.
Халайық, қол соғыңыз мархабатты - дей келе, алдарыңызда
«Шығыс арулары» биі. Қабыл алыңыздар!
Би «Шығыс арулары» (Салтанат, Лаура, Мерует, Назерке)
1-жүргізуші:Сүйкімді балалық шағы, қызықты күндері, қуанышты сәттері
өткен балабақшасы туралы балаларымыздың ақ тілектерін
қабыл алыңыздар!
Нұрай: Күннен-күнге біздер өсіп келеміз,
Үлкен болып қиындықты жеңеміз.
Сіздің де біздер үшін сіңірген
Еңбегіңізге, өзіңізге басымызды иеміз!
Жамал: One-have some fun,
Two-I like you,
Three-watch TV,
Four-run to the door,
Five-learn to drive
Николай:Знаем все: вы нас любили,
И хорошему учили.
Одеваться очень быстро,
Умываться очень чисто,
Книжки по слогам,
Все, что видим, сосчитать.
Наргиз:This is a family -- (Hold up hand with fingers spread)Let's count them and see,How many there are,And who they can be. (Count 1, 2, 3, 4, 5.)2-жүргізуші:Бишілерде өнер көп,Билейді биді мәнерлеп – деп, ортаға қазақ биімен
балаларымызды шақырамыз.
Би «Жұмыр қылыш» (Алтынай, Нұрбек, Жасулан, Нұрлан, Диас, Ақнұр, Жоламан, Қолғанат, Ақылбек)
1-жүргізуші:Достарымызды ұмытпай, Есімізде сақтаймыз. Қимай тұрып ұяны, Достықжырын айтамыз.
Балаларымыздың ақ тілектерін қабыл алыңыздар!Тақпақтар
Салтанат:Балабақша, балабақша
Шаңырағы шаттықтың,
Балабақша қорғанышы
Балғын сәби жастықтың.
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін!
Мерует:This is the mother, (Touch pointer finger.)Who loves everyone,And this is the father, (Touch big finger.)Who is lots of fun.This is my sister -- (Touch ring finger.)She helps and she plays.And this is the baby. (Touch little finger.)
He's growing each day.
Алишер:Jump the rope, Jump the rope,
Jump, Jump, Jump,
Jump it high, Jump it low,
Jump, Jump, Jump,
Jump it fast, Jump it slow,
Jump, Jump, Jump,
Назерке:Сен деп соққан балабақшам жүрегіміз, Өзіңнен бастау алар тілегіміз.Әркез бізді, колдаған білім берген, Тәрбиеші мен бақша - ұғым егіз!
«Күлейік, күлкіменен түлейік» ойын-жаттығу. Психолог Өмірбаева Г.С.
1-жүргізуші:Ендігі кезекте балаларымыздың орындауында би өнерінен попурри, тамашалаңыздар!
Би «Түлектер көңілі»
(«Лезгинка», «Қара жорға», «Хуторянка», «Латино», «Жаңа заман» )
Буратино келеді: Ой, балалар, не деген би қимылдары, керемет билейді
екенсіңдер. Мен әкемнен кешірім сұрап, рұқсат сұрап
міне сендерге қайтып оралдым.
1-жүргізуші: Ой, Буратино сен дәл келдің, біз балаларымызды келесі
көрініске дайындалсын деп жіберіп, олардың ата-аналарымен
ойын ойнағымыз келім тұр.
Буратино: Солай ма? Ал ендеше, ойын шарттарын мен түсіндірсем болады
ма?
1-жүргізуші:Болады. Сен қандай ойын білесің?
Буратино: Маған Карло әкем көптеген ойын түрлерін үйретті. Соның бірі
«Кім бірінші?» деп аталады.
Ойын шарты: 3 ойыншы шығып, музыка әуенімен
қарындаштардан жол салады. Жолы ұзын және тез орындаған
ойыншы жеңеді.
«Қиялдау» ойыны.
Ойын шарты: 4 ойыншы шығады. Үстел үстіндегі 4 аяқталмаған суретті өз қиялы бойынша салады. Сол суретке қысқаша әңгіме құрастырады.
«Сұрақ-жауап» ойыны.
Ойын шарты: 4 ойыншы шығады. Екі жұптан бөлінеді. Топқа түрлі сұрақтар кезекпен беріледі. Жақсы орындап шыққан топ мадақталады.
2-жүргізуші:Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,
Көңіл шіркін, тасып – толып өседі.
Ұл кешегі жігіт болып қалыпты – ау,
Есейді де бантикті қыз кешегі.
1-жүргізуші:Алғашқы достарымен қол ұстасып,
Тәрбиешімен қимай барып қоштасып
Келеді бітіруші түлектерің,
Қызыл бантигі өздеріне жарасып.
Би «Қоштасу вальсі»
2-жүргізуші:Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,Көңілді күндер тусын алдан әліӘн-шашу әсем бимен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге де арналады.
Алдарыңызда «Достық» тобының түлектеріне білім беріп,
өнер үйреткен балабақша қызметкерлеріне ақ тілектерін
арнайды!
Алтынай: «Күншуақты» басқарған
Алмажай Тажиданқызы жақсы адамСондықтан да біз үшінАртықсыз өзіңіз басқадан!
Жасұлан:Жайдары жүз, ай қабақ
Жүреді бізді аймалап,
Тобымызға жиі кеп
Білгеніңді сұрайтын
Ақыл айтып тұратын
ӘдіскерГүлнара Орналықызына көп рахмет!
Нүрлан:Қайнаған су әкеліп Іш деп дәрі береді.Жылтындатып инесін Түршіктірер дененді. Дәрумен алып қолынан Өскен сәби баламыз,Дәрігер апайлар сіздерге Топ атынан мың алғыс!
Диас: Үйретіп әннің сөздерін Тақпақтар мен күйлерді Өткізетін кештерді Дайындайтын біздерді, Лариса Илалқызы
Қимаймыз біз сізді де!
Ақылбек:Тақпақты да жаттаймыз Оқимыз біз, жатпаймыз.Ағылшын тілін үйреніп, Ақ сенімді ақтаймыз. Гүлжан Молдағалиқызы
Thank you very much!Жоламан:Жаттығулар жасатып,Шынықтырған біздерді
Жарыстарға қатыстырып,Денсаулықты қолдаған
Мейрамгүл Асхатқызына көп рахмет!
Әсемай:Мың бұралта түрлі биді үйреткен,Ортамызда өнерлі жандар жүр көптен.
Би үйретіп, көз жанарын түйреген Биші Әйгерім Әзімханқызынарахмет көптен!
Қолғанат:Гүлмира Сидагиттоллақызы сізге де Алғыс айтып қимай барамызҚабыл алып мына гүлімізді,Әрқашан әдемі болып жүріңіз!
Ақнұр:Түрлі дәмді тағамды
Бізге арнап пісірген. Бақыт апай аспазшыға
Топ атынан мың алғыс!
Аружан:Баулап баптап өсірдің,Балалық етсек кешірдің.Ұмытпаймыз өзіңізді,Ұмытпаймыз сөзіңізді
Әлпештеп бізді баптаған,Ардақтап бізді мақтаған.Кенжегүл Жарқынбайқызына мың алғыс!
Лаура:Бізді баптап қараған,
Күлімдеген жақсы адам
Ақ төсекке жатқызған
Басымыздан сипаған,
Күтуші Гүлмира Абулқызына көп рахмет!
Нұрбек:Жазу жазып үйреткен
Әріптерді оқытқан,
Санамақты жаттатып
Санауды бізге үйреткен.
Жақсы болсақ қуанған
Қате болсақ кешірген,
Тәрбиеші Әлия Мұратқызына
Айтамыз біз мың алғыс!
1-жүргізуші: Балаларымызға балабақша ұжымы атынан үлкен алғыс
айтамын! Әріптестерімнің еңбек нәтижелері мектепте де өз
жалғасын табады деп сенемін. Рахмет!
1-жүргізуші:Қымбатты ата – аналар, құрметті балабақша ұжымы міне сендердің алдарыңызда бірнеше жыл мәпелеп, күтіп, тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндеріміз мектеп табалдырығын аттағалы тұр. Әрине бұл үлкен той, тойларыңыз тағы бір
мәрте құтты болсын! Қәне, бәріміз бірге кішкентай түлектерімізді қошеметтеп, қол соғып қояйықшы. Әйгерім: Балабақшам-бесік тұлға байсалды Құшақ жайып өзің мені қарсы алдың Қуанышты, жарқын тілек білдіріп
Құттықтаймыз дос-жаран, баршаңды! 1-жүргізуші: Келесі құттықтау сөзін және балабақша түлектеріне диплом табыстау рәсімін мектепке дейін ұйым меңгерушісі Тажиданова А.Т.-ға береміз. (Меңгеруші сөз сөйлейді, диплом табыстайды)
2-жүргізуші:Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді, Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды Бізден ұшып, қанат қағып есейдіңдер Өздеріңмен қоштасатын күн келді!
1-жүргізуші:Бізден ұшып талмай қанат қағындар, Жүректерден арман отын жағындар Жақсы оқып алтын ұя мектепте Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.Бәріңді де сәбиім деп сүйетін Өздеріңді сағынып біз жүрейік, Құтты болсын қадамдарың аттаған Біз сендерге сәтті сапар тілейік!
Ән «Қош бол, балабақшам»
Ата-аналарға құттықтау сөз беріледі.
Соңы.