Microsoft Word м?тіндік процессоры. Ба?дарлама терезесі. М?тінді пішімдеу


№ 5 сабақ жоспары Күні
План урока № 5 Дата______
Сабақ тақырыбы
Тема урока : Microsoft Word мәтіндік процессоры. Бағдарлама терезесі. Мәтінді пішімдеу
Сабақ типі: Жаңа білімді игеру
Мақсаты: Microsoft Word мәтіндік процессоры туралы білімдерін қалыптастыру
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Студенттерді MS. WORD мәтіндік процессорымен таныстыру. Процессорды құрайтын терезелерді қарастырып, мәтіндік процессорды жүктеуді және одан шығаруды үйрету.
Дамытушылық: Студенттердің есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Студенттерді жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Сабақтың әдісі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.
Құрал – жабдықтар, көрнекті құралдар:
Компьютер, көрмелер, кеспелер
Сабақ барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
2. Жаңа матриалды баяндау
MS Word – мәтінді енгізуге, өңдеуге, түрлендіруге, түзетуге, сақтауға, пішімдеуге, басып шығаруға арналған Microsoft Office қосымшасы.
Мүмкіндіктері: құжатқа сурет кіргізу және өзгерту, диаграмма кіргізу, кесте енгізу, формула жазу, автофигураның көмегімен  сурет салу, көлемді (фигуралық) мәтін жазу, орфографиялық және грамматикалық қателерді түзету
Жаңа құжат құру әдістері: жұмыс үстелінің бос жерінде тінтуірдің оң батырмасын басып, Құру → Microsoft Word құжаты әмірін даңдау, экранда пайда болған құжат белгісіне ат енгізіп, Enter батрырмасын басу; ашық тұрған бағдарлама терезесінде стандартты саймандар тақтасынан  батырмасын басу; мәзір қатарынан Файл → Құру → Жаңа құжат әмірін орындау; пернетақтадан Ctrl+N пернелерін бірге басу.
Бұрын сақталған құжатты ашу әдістері: Менің құжаттарым бумасын ашу арқылы; Іске қосу → Құжаттың атын таңдау; пернетақтадан Ctrl+О пернелерін бірге басу; стандартты саймандар тақтасынан   батырмасын басу; мәзір қатарынан Файл → Ашу. Осы әмірлердің қайсібірін орындағанда экранда  Құжатты ашу сұхбат терезесіндегі тізімнен қажетті құжатты екі рет шерту.
Құжатты ашу терезесі
Бағдарлама терезесі
Бағдарлама іске қосылғаннан кейін экранда  келесі терезе көрініс табады және ол мынандай негізгі бөліктерден тұрады: тақырып жолы – бағдарламаның аты, құжаттың тақырыбы және терезені басқару батырмалары орналасады; 
мәзір қатары – Word-тың біртектес әмірлері орналасқанады: файл, түзету, түр, кірістіру, пішім, сервис, кесте, терезе, анықтама; 
стандартты саймандар тақтасы – мұнда жиі қолданылатын әмірлер шартты белгілір (батырмалар) арқылы беріледі; 
пішімдеу саймандар тақтасы – қаріп мәнерін, қаріп өлшемі, сызылымы, туралау, тізім қою, маркер қою, қатар аралық интервал. қамтиды; 
тігінен және көлденең орналасқан сызғыш – мәтінге азат жол қоюға, мәтіннің бет бойынша биіктігін туралауға мүмкіндік береді; 
жұмыс алаңы – мәтінмен жұмыс орындалады; 
айналдыру сызықтары – мәтіннің көрінбейтін бөліктерін қарап шығуға мүмкіндік береді; 
қалып-күй қатары – мәтіннің ағымдағы күйі жайлы туралы хабар береді.
Құжатты сақтау әдістері: мәзір қатарынан Файл → қалай сақтау; стандартты саймандар тақтасынан  батырмасын басу; пернетақтадан Ctrl+S пернесін бірге басу. Осы әмірлердің қайсібірін орындағанда экранда Құжатты сақтау сұхбат терезесі шығады.
Бұл терезеден құжатқа ат беру, сақталатын орны мен типін көрсетіп, сақтау батырмасын басу керек.
Пішімдеу – құжатты рәсімдеу бойынша жүргізілетін іс-әрекеттер:
әр түрлі қаріптерді пайдалану;
жұмыс өрісінің шекараларын өзгерту;
сол жақ, оң жақ, ортаға туралау;
жоларалық интервалды орнату;
мәтінді бағандарға бөлу;
тізім құру;
мәтінді жиектеу;
шегіністерду орнату және т.б.
Қаріп сұхбат терезесі үш бөліктен тұрады: қаріп, интервал, анимация
Азат жол сұхбат терезесі екі бөліктен тұрады:
Тізім сұхбат терезесі төрт бөліктен тұрады.
Мәтінді бағандарға бөлу стандартты саймандар тақтасындағы  батырмасының көмегімен немесе Мәзір қатарындағы Пішім → Бағандар әмірін орындаумен орындалады.
ІІ.Сурет салу құралдар үстелінің көмегімен графикалық объектілерді құру.
ІІІ. Clip Gallery коллекциясынан сурет қою.
Сабақты бекіту:
Студенттерде келесі кестені тарату. Студенттер толтырады
№ Білемін Білдім Білгім келеді
5. Бағалау: сұрақтарын талдау
6. Үйге тапсырма: Қосымша ақпараттар дайындау
Оқытушы
Препадаватель........................