Презентация на тему Екі айнымалысы бар сызы?ты? те?деулер ж?йесін алмастыру т?сілімен шешу та?ырыбына есептер шы?ару.
Сабақтың тақырыбы:“Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу тақырыбына есептер шығару”
Сабақтың мақсаты:Білімділік: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шығару, осы тақырып бойынша, оқушылардың білім дәрежесін анықтау, алған білімдерін тиянақтау;Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, практикалық дағдысын қалыптастыру;Тәрбиелік: топпен жұмыс істеуді қалыптастыру, өзара көмектесуді дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Бекіту сабағыСабақтың жабдықталуы:Компьютерлік оқу құралдарыСлайдтарЖұмыс дәптері
Сабақтың эпиграфы:“Адамның басшысы-ақыл, шолушысы -ой, жетекшісі-талап, қорғаушысы-сабыр, сынаушысы-халық, таусылмайтыны –арман, ең қымбаттысы-ар сақтау, бәрінен ардақсысы-өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі –сыйластық!” Төле би
Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі2. Үй тапсырмасын тексеру а) “Миға шабуыл” ә) Есептерді тексеру3. “Қарлы кесек” ойыны4. Сәйкестендіру тесті5. Деңгейлік тапсырмалар6. Шығармашылық тапсырма7. Тірек-сызба. Сабақты қорытындылау8. Үйге тапсырма. Кроссворд “Математика”
Ұйымдастыру кезеңі а) Оқушылармен амандасу, түгендеуә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
Үй тапсырмасын тексеру “Миға шабуыл”. сұрақтарға жауап беру.Қандай теңдеулерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер деп атайды?Қандай теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады?Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің қандай тәсілдері бар?Теңдеулерге негізгі ғылыми еңбектерін арнаған қазақтың қандай ғалымын білесіңдер?
Есептерді тексеру:№ 1505х – қоңыздың жылдамдығы;у – құмырсқаның жылдамдығы. х + у = 120 : 12, х + у = 10, х – у = 120 : 30. х – у = 4. х=7, у=3 жауабы: 7 см/c; 3 см/c.№ 1506х – қоңыздың жылдамдығы;У – құмырсқаның жылдамдығы. х + у = 9, х + у = 9, х + у = 9, 10х + у – (10у+х)=63. 9х – 9у = 63. х – у = 7. Жауабы: у=1, х=8. Ізделінді сан – 81.
“Қарлы кесек” ойыны Сынып оқушылары төрт топқа –А. Б. В.Г. бөлінеді. Әр үстелде алты оқушыдан А1, А2, А3, А4, А5, А6, А7; Б1, Б2, Б3, Б4, Б5, Б6, Б7; В1, В2, В3, В4, В5, В6, В7; Г1, Г2, Г3, Г4, Г5, Г6; отырады. Әр топ басшысыны маршрут қағазы болады. Сол арқылы әр үстелге жүре отырып, өз қызметін атқарады.
I кезең. Әр оқушы парақта берілген сұраққа жауапты кітаптан оқып, берілген есепті шығарады. Әр топқа тапсырмалар беріледі.
II кезең. Дайындалып болған соң топ басшылар келесі тәртіппен орындарын алмастырады.№1 үстел басына Г1 №2 үстел басына А1№3 үстел басына Б1 №4 үстел басына В1орналасады.Жиналған жаңа топта алғашқы топ өкілі өз тапсырмаларын және есептің шығарылуын талдайды. Әр оқушыға 2-3 минут беріледі. Тыңдаушылары сызба немесе жоспар түрінде есептің шығарылуын жазып алады.
III кезең. 5 минут. Оқушылар алғашқы орындарына отырады. Ал А3, Б3, В3, Г3 ойыншылары тақтада өз есептерінің шығарылуын талдап, қорғап шығады. Компьютерден есептерінің жауабын өздері тексереді. Мұғаліммен, басқа оқушылар оқу материалын қаншалықты меңгергенің нақты сауатты баяндалғанын бақылап отырады.
А тобының тапсырмасы: В тобының тапсырмасы: Екі айнымалысы бар сызықтық 1) Екі айнымалысы бар сызықтықтеңдеуге анықтама беріңдер. теңдеудің бірінші қасиетін айтыңдар. 2) Теңдеудің түбірлерін табыңдар 1) Теңдеудің түбірің табыңдар: 7х-(3+2х) = х+9 3х-(10-9х)=22х 3) Теңдеулер жүйесін алмастыру 2)Теңдеулер жүйесін алмастырутәсілімен шешіңдер: тәсілімен шешіңдер: 2(х – 2у) = х – 8у 15+2(х+3у) = 3(4х+у) 5(х + у) = 2(х - у) + 10 2(5х - у) – 3у = 2+3(2х - у) Б тобының тапсырмасы: Г тобының тапсырмасы: Екі айнымалысы бар сызықтық 1) Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің шешімі дегеніміз не? теңдеулердің екінші қасиетін айтыңдар 1) Теңдеудің түбірін табыңдар: 1) Теңдеудің түбірін табыңдар: 13-(2х-5)=х-3 7(х + 6) = 4(5х + 4) 2) Теңдеулер жүйесін алмастыру 2) Теңдеулер жүйесін алмастырутәсілімен шешіңдер: тәсілімен шешіңдер: 2(х – 2у) = х – 8у 5(7х+2у) – 11у = 6(2х+у) + 2 5(х + у) = 2(х - у) + 10 33+3(6х – 5у) = 3(х+2у) – 5у
Сәйкестендіру тестіa) 𝑥+𝑦=21𝑥−𝑦=9 а) (4; 1)b) 𝑥+2𝑦=9𝑥−2𝑦=1 б) (5; 2)d)𝑦−𝑥=−32𝑥+𝑦=9 д) (15; 6)
Деңгейлік тапсырмаларБір қорап кәмпит және 2 орам өрік 550 г. 5 қорап кәмпит және 3 орам өрік 1 кг 700 г. Бір қорап кәмпит неше грамм? Бір орам өрік неше килограмм?Екі шебердің бір күндік еңбек ақысы 2700 тг. Бірінші шебердің 5 күнгі еңбек ақысы екінші шебердің 4 күнгі еңбек ақысынан 540 тг артық. Шеберлердің әрқайсысы бір күнде неше теңге табыс табады?
3. Саяхатшылар 1 сағат қайықпен, 1,5 сағат катермен жүзіп, 42 км қашықтыққа барды. Катердің жылдамдығы қайықтың жылдамдығынан 4 есе ертық. Қайықтың жылдамдығын табыңдар. Катердің жылдамдығын табыңдар.
Қаздың түлкіге айтқан есебі.Аң біткеннің патшасы арыстан ауырып жатқанда, мүләйімсіп түлкі келіп, тамырын ұстайды.- Тақсыр, ауруыңыз астан екен, тамақты талғап ішіңіз. Көжек пен құс балапанының жұмсақ еті мың да бір дауа , - деп бұлғаңдайды.Арыстанның көжек пен құс балапанын маған жеткіз, - деген бұйрығын орындауға келген түлкіге, қаздиған қалпын бұзбаған қаз былай дейді:- Арыстанға азық етіп беретін артық төліміз жоқ. Егер оған барып, жағынам десең : Түлкісің аярлыққа бермейтін дес, Көрейік қанша сенде ақыл мен ес, Балапан, көжек санын өзің тапшы. Аяқтары тоқсан төрт, басы отыз бес,- дейді де , үңгірге еніп, есігін таспен бекітіп алады. Түлкі: «Қаз осылай есеп айтып еді, мен шеше алмадым ?» - деп, арыстанның алдына баруға дәті шыдамады. Сонда неше балапан, неше көжек болғанын сен қалай табар едің ?Шығармашылық тапсырма
Тірек сызбаах + by = c түріндегі теңдеу екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп аталады, мұндағы а ,b,с – қандай да бір сандар. х және у айнымалылар) 1 қасиет:Теңдеудегі қосылғыштың таңбасын қарама-қарсы таңбаға өзгертіп, оны теңдеудің бір жағынан екінші жағына көшіргенде берілген теңдеуге мәндес теңдеу шығады.2 қасиет:Теңдеудің екі жағын да нөлден өзге бірдей санға көбейткенде немесе бөлгенде, берілген теңдеуге мәндес теңдеу шығады.Екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу алгоритмі: 1) Теңдеулер жүйесіндегі берілген теңдеулердің біреуінен бір айнымалыны екінші айнымалы арқылы өрнектеу керек (х-ті у арқылы немесе у-ті х арқылы).2) Табылған өрнекті екінші теңдеудегі осы айнымалының орнына қою керек. Сонда бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу шығады.3) Шыққан бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешіп, ондағы айнымалының мәнін табу керек.4) Табылған айнымалының мәнін екінші айнымалыны табу өрнегіндегі орнына қойып, екінші айнымалыны табу керек.5) Теңдеулер жүйесінің шешімі табылады.
Үй тапсырмасы:№ 1520 есеп
Кроссворд “Математика” 1м 2 а 3т е 4 м 5 а т 6 и к 7а 2. Тақ цифрлармен аяқталатын сандар3. Құрамында мәнін табу қажет болатын әрпі бар теңдік4. Бөлгіштерінің саны еніден көп сандар5. 1-ге және өзіне бөлінетін сандар6. Шеңбердің бойындағы кез-келген нүктені центрмен қосатын кесінді7. бөлшектің...