Ы. Алтынсарин ??гімелері-т?рбиені? алтын ді?гегі (Ыбырай ??гімелеріндегі адамгершілік м?селесі)
Ыбырай Алтынсарин әңгімелері-тәрбиенің алтын діңгегі
Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері-тәрбиенің алтын діңгегі (Ыбырай әңгімелеріндегі адамгершілік мәселесі)Мақсаты: Ы. Алтынсариннің шығармашылығымен тереңірек таныстыру, әңгімелерінің тақырыбы мен идеясын мәтінге сүйене отырып ашу, әңгімелерге талдау жасау.Міндеттері:1.Білімділік: Ы.Алтынсариннің әңгімелеріне тоқтала отырып,әңгіменің идеялық мазмұнын талдау, оқушыларға ойландыратын сауалдар бере отырып, пікірін тыңдау, қорытынды жасату, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.2.Дамытушылық: Әңгімелердің мәнін түсіне білуге, өзіндік талдау, жинақтау жасап, ойлай білуге дағдыландыру, жеке, топтық жұмыста шапшаңдық, тапқырлық танытуға, ойын әдеби тілмен өрнектей білуге төселдіру; Теориялық білімдерін дамыту арқылы шығармашылық ізденіске баулу.3.Тәрбиелік: Ұлы ағартушының өмірлік ұстанған принциптері мен биік мұраттары болашақтың қамы екеніне тоқтала келіп, оқушының ел, Отан, болашақ алдындағы борышын сезінуге, елін, жұртын сүюге тәрбиелеу.Сабақтың түрі: ізденіс - талдау сабағыӘдіс - тәсілдері: сын тұрғысынан ойлау , топтық жұмыс, модель қорғау, болжау бөлімі, шығармашылық жұмыс.Күтілетін нәтиже:1. Ыбырай әңгімелерінің тақырыбы мен идеясына тоқталады. 2. Әңгімелеріне талдау жасайды. 3. Өзіндік ойларын ашық, анық жеткізе алады.
«Зеректік»Англия жұртында Броун деген білімді ұста судың үстіне бір қолайлы көпір салуға жүріп, қалайша салсам қолайлы, нық болар екен деп ойға қалып келе жатса, жолдың үстіне кесе тартқан өрмекшінің өрмегіне көзі түсті. Мұны көріп Броун тоқтай қалып ойланды: «Бұл өрмекші мынау жол арқылы көпір салыпты, астында тіреуі жоқ, осындай көпір қолайлы болар еді» - депті.Сонымен, келді де, су үстіне екі ұзын шынжыр тартып, ортасына тақтай салып, екі жақ басын құрғақ жерден биік, нық бағаналарға бекітіп, көпір істеді. Шынжырдан көпір салу содан қалған үлгі екен.
Болжау бөліміЫ.Алтынсаринді біздің заманымызға бір сәтке әкеліп, бүгінгі өмір, техника жаңалықтарымен таныстырса, әңгімелерін басқаша жазар ма еді ?
Еңбекке баулитын әңгімелері: «Өрмекші , құмырсқа, қарлығаш», «Сәттемір хан», «Атымтай жомарт», «Әке мен бала».Адамгершілікке баулитын әңгімелері: «Мейірімді бала», «Ауруды аяған күштірек», «Алтын шекілдеуік», «Әдеп»Тәрбиеге баулитын әңгімелері: «Бақша ағаштары», «Талаптың пайдасы», «Тышқанның өсиеті», «Зеректік».
Мозайка .(Топқа бөлу, топ атын қойғызу ,берілген сурет қиындыларын жинақтау, тақырып қою. Топ жетекшілерне бағалау парағын беру )
. Әр топқа бір әңгіме мәтінін беріп, әңгімегеге талдау жасату: Авторы Әңгіменің аты, жанры Тақырыбы , идеясы Кейіпкерлері Композициялық талдау((Әңгіменің басталуы, әңгіменің дамуы, әгіменің байланысы, әңгіменің шиеленісуі, әңгіменің шешімі) Бүгінгі өмірмен байланысыI топ «Әдеп» Бір жұрттың бас әкімі екінші бір байға жолығысып сөйлесіп тұрғанда, қасынан бір жарлы мұжық өтіп бара жатып иіліп, басұрып сәлем берді дейді. Оған қарсы әлгі үлкен әкім төре онан да төменірек басұрып сәлем алды. Қасындағы бай: - Тақсыр, осынша жұрттың үстінен қараған әкімсіз, осы бір мұжыққа неге сонша басұрасыз? - деп айтты дейді. Сонда әкім: - Ешбір ілім-білім үйренбеген мұжық сонша иіліп, әдептілігін көрсеткенде, мен онан әдепсіз болып қалайын ба? - деді дейдіII топ «Мейірімді бала» Қытай жұртында ескі заң бар, біреуді алдағандығы мойнына түскен кісінің қолын кесетұғын. Бір төре осындай іспен күнәлі болып, әлгі айтылған жазаны беруге тұрғанда, күнәлі төренің жас қыз баласы әкем үшін жауап беремін деп, мәлім болды. Қызды патшаға алып келісті. - Тақсыр патшам,- деді қыз,- менің әкем жазаға лайық болғаны рас, соның үшін қолынан айрылуы керек болды, мінекей, тақсыр, әкемнің қолы,- деп өзінің қолын көтерді III топ «Малды пайдаға жарату»Бір үйші жұмысымен кеп мал тауып тұрса да, сонша азбен қанағат етіп, аз жұмсап тұрады екен. Бір күні көршісі сұрады: - Осы сен бай бола тұүрып, малыңды қай жаққа жібересің көзге түсетін ешнәрсең көрінбейді,- деді. Үйші айтты: - Тапқан малымның бір бөлімімен борышымды өтеймін, бір бөлімін өсімге беремін. Көрші: - Қойшы, батыр, сенің борышың бар ма еді және өсімге қашан ақша беруші едіқ? - деді. Үйші айтты: - Қарт әке- шешеме берген ақшаларымды өтеп тұрған борышым деп білемін, өзімнен туған балаларға оқу оқытуға, асырауға шығарған малымды өсімге берген мал деп білемін. Балалар адам болып, біз қартайғанда жақсы асыраса, олардыд борышымды өтегені емес пе,- деді.»
Зияткерлік тест I топШашылған сөздерден сөйлем құра. Қай шығармадан алынған?I топ А) ауырды,жәшігімнің ,салдым, мен, ішіне, жеңілдететін,бір, шөп. (Мен жәшігімнің ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым.) «Асыл шөп»Ә) барында, жоқ, бағу-қағуда, шек, көп, шырағым, мағына. (Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым.) «Бақша ағаштары»Б) тап,көп, жұмысты, аз, қиынсынсаң, боласың, жұмысқа. (Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боласың.) «Әке мен бала»
Үйге тапсырма:Ыбырай әңгімелерін оқу, мазмұндау.«Ыбырай-әңгіме шебері» атты эссе жазу