Презентациия по география на тему Атмосфера-жерді? ауа ?абаты (6 класс)
Сабақтың тақырыбы: “Атмосфера – Жердің ауа қабаты” Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тақырып бойынша түсінік беру.Жердің ауа қабаты – Атмосфера туралы толық мағлұмат беру. Үй тапсырмасын сұрауІ.Оқушылараға 4 сұрақ қойылады.Адамдардың шаруашылық іс-әрекетінің нәтижесінде су қоймаларына қандай зиян келеді?Дистелденген су дегеніміз не?Қандай жануарларды және өсімдіктерді су қоймаларының санитары деп атайды?Суды тазартуға бола ма? Құдық және бұлақтың суларын тазарту қажет пе?ІІ.Тәжірибе жасау.Ішіне су құйылған ыдыс алып, кішігірім саз кесекті салып, оны лайланғанша араластырыңдар. Біраз уақыт өткеннен кейін су біртіндеп тұнып, тұнбалар ыдыстың төменгі жағына жинала бастайды. Ендігі кезекте сүзбе қағазды алып, «Воронка» арқылы суды екінші ыдысқа құйыңдар. Осы кезде екінші ыдысқа тек қана оның жоғарғы жағындағы су ағады да тұнба алғашқы ыдыста қалып қояды. Осылай тазартылған суды (фильтрленген су) сүзгіден өткізген су дейді. ІІІ.Жаңа сабақ Атмосфера Оттегі Азот
Ауа Аргон Көмір - қышқыл газы Шамамен 100 км-ге дейінгі биіктік аралығында ауа құрамы мынадай газдардан: азот — 78%, оттек — 21%, инертті газдар — 1%-ға жуық (оның 0,93%-ы аргон), көмірқышқыл газынан — 0,03%-ы тұрады. Атмосфера Жердің ауа қабаты Атмосфераның қырынан көрінісі Экзосферада Термосфера Мезосфера -80км Стратосфера -50-55 км Тропосфера -11 км Жердің қорғаныш қабығы. Оттегін шығарушы өсімдік болса – оны пайдаланушы адамдар мен жануарлар. Ал көміртегін шығарушы адам мен жануар болса, оны пайдаланушы өсімдік. ІҮ.Қорытынды бөлім Ү.Бекіту тапсырмалары ҮІ. Үйге тапсырма Не себепті адам үшін тропосфера маңызды? Өз мысалдарың мен дәлелде