Нанны? ?адірі атта ашы? т?рбие са?атына презентация 8 ? сыныбы
Ой қозғау Жерге шыр етіп түскеннен кейін сен онсыз тұра алмайсың. Ол дастарқанға ең бірінші қойылады. Ол жарқырағағн алтын емес, бұрқыраған ақша емес. Бірақ, оған баға жетпейді. Оның пішіні, көлемі әр түрлі, бірақ бәрінің де дәмі сондай тәтті. Оны барлық адамдар сүйсініп жейді. Негізінде ас атасы деп аталады. Ол не деп ойлайсыңдар?
Қызығушылығын оятуНан туралы көрініске назар аударамыз!
Тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Нанның қадірі»
Мақсаты:Нанның оңай жолмен дастарханға келмейтінін, ол үшін көптегени адамдар еңбек ететіндігін ұғындыру; Оқушылардың сөйлеу тілін, сөздік қорыншығармашылық қабілеттерін арттырып, өздігінен қорытынды шығаруға жаттықтыру. Еңбек адамдарын сыйлау білуге,нанды үнемдеуге, қадірлеуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
I кезең «Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап» деп аталадыКөзін сатып жеген нан,Кептеледі өңешке.Терін сатып жеген нан, Балдан тәтті емес пе?
-Демек, тракторшы жер жыртады, бидай тұқымын топыраққа себеді. Диқаншы оны суарады, арамшөбін отайды. Комбайыншы піскен егінді жинайды. Жүргізуші бидайды диірменге тасиды. Диірменші ұн тартады. Наубайшы нан пісіреді. Дүкенші нанды халыққа сатады. Үлкендер еңбек етіп, ақша табады. Сол ақшаға сатып алынған нан отбасыңның дастарқанына қойылады.
I топ: ДиқаншыларII топ: ДиірменшілерIII топ Наубайшылар
II кезең «Ексең егін, ішерсің тегін» Топтық жұмыс. I топ: Нанға байланысты мақал – мәтелдер жазу.II топ: Нанға байланысты тыйым сөздерді жазу. III топ: Нанның суретін салу. Ұннан жасалатын тағамдарды атау.
III кезең «Берсең аларсың, ексең орарсың» I топ: Нанға ассоциация құру. II топ: Нан туралы эссе жазу.III топ: сөздерден (мақал - мәтелдерден) сөйлем құрастыру.
IV кезең «Артық болмас білгенің»
V кезең «Наннан қасиетті еш нәрсе жоқ»