Ашы? ?деп саба?ы: Ата-ана ?адірі.


Мақсаты: Оқушыларға А.Құнанбаевтың жақсы мен жаман туралы айтқандарын түсіндіру ,адам бойындағы ұнамды , ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып , әдеп әліппесін бойына дарыту. Өз халқының салт – дәстүрлерін ,әдептілік туралы нақыл сөздерді , алтын ақылдарды , тыйым сөздерді үйрету арқылы адамгершілікке, ұқыптылыққа , кішіпейілділікке тәрбиелеу.  Көрнекілігі: тәрбие жайлы қанатты сөздер , нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, өлеңдер, интерактифті тақта және т.б Барысы: І Ұйымдастыру Кіріспе : Құрметті ата – аналар және оқушылар біз бүгін «Ата – ананың қадірін түсінеміз бе?» атты ашық тәрбие сағатымызды бастағалы отырмыз. Ұлы ғұлама ғалым әл – Фараби атамыз айтқандай «Адамға ең бірінші білім емес , рухани тәрбие беру керек , тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі » деген. Сондықтан да, білім бере отырып елін , жерін сүйетін азамат тәрбиелеу үшін он алты баланың артында , отыз екі ата – ана бар екенін ұмытпауымыз керек . Олай болса ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер “Ертеде бір адам ғұламаға келіп :- Баланы неше жастан бастап тәрбиелеген дұрыс ? – деп сұрапты .Ғұлама :- Балаңыз қаншада ? – деп өзіне сұрақ қояды .- Бес – ақ ай толды , - дейді анау .Сонда ғұлама басын шайқап :- Бес айға кешіккен екенсіз , - деген екен. “Халық арасына кең тарылған бұл аңыздың айтпағы баршаға түсінікті . Яғни , баланы туған сәтінен бастап тәрбиелеу керек .Демек , бала тәрбиесінің негізін құятын ең алдымен – ата – ана .  Біздің тәрбие сағатымыз 6 – кезеңнен тұрады: 1 – кезең “Соқыр ана” шағын метражды видео көру 2 – кезең оқушылар осы видеороликке қатысты өздерінің ой – пікірлерін ортаға салу 3 – кезең “Үзілген үміт” атты бейнеролик көру 4 – кезең оқушылар осы бейнеороликке қатысты өздерінің ой – пікірлерін ортаға салу 5 – кезең Ата – аналар мен оқушыларға “Сауалнама” тарату 6 – кезең Ата – ана пікірін тыңдау Ата – анаға сұрақ 1. Кез келген ісіңізді тастай салып баламен айналыса аласыз ба?2. Балалардың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?3. Балаңызбен қарым - қатынас барысында жасаған қателеріңізді мойындайсыз ба?4. Өзіңіздің қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?5. Балаңыз жасаған іс ашуландырған кезде өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?6. Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?7. Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге бола ма?8. Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз ба?9. Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?10. Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез - құлқын ескере отырып уәдеңізді орындайсыз ба?11. Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай бір күн еркіндік, бересіз бе?12. Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе, көңіл аудармайсыз ба?13. Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба? 14. Сіз балаңызды жазаладыңыз, бірақ ол кінәлі болмай шықты. Осындай жағдайда сіз не істер едіңіз? 15. Соңғы 2 жұмада балаңызға қандай мақтау немесе жазалау қолдандыңыз? 16. Балаңызға ашуланғанда, ең алдымен ауызыңызға қандай сөз түседі? Қорытынды: Халқымыздың аяулы ұлы, зиялы азаматы Б.Момышұлы былай деген екен: «жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді, қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Дәмді,дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді, оның қолына қылыш берсең, кімді де болса шауып тастауға даяр қолына кітап алмайды.Үйреніп жатқан бала жоқ , үйретіп жатқан әке - шеше жоқ» Бауыржан атамыз бүгін де арамызда жоқ , ол кісі көтерген мәселе бәрімізді де алаңдатуы тиіс . Бұл ата – анаға да , ұстазға да ой салады деп ойлаймын .«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші , баланы бірлесе отырып тәрбиелейік . Тыңдағандарыңызға рахмет!