Газды сусындарды? адам денсаулы?ына зияны та?ырыбында?ы жоба (1-сынып)


АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАПШАҒАЙ ҚАЛАСЫ ШЕҢГЕЛДІ АУЫЛЫ МКМ ҚАДЫРҒАЛИ ЖАЛАЙЫР АТЫНДАҒЫ №6 ОРТА МЕКТЕП 1 «Б» сынып оқушысы Қайрат Абзал  Тақырыбы: Газды сусындардың адам денсаулығына зияны   Бағыты: Салауатты өмір салты -«Қазақстан 2030» стратегиясын жүзеге асыру Секциясы:ХимияҒылыми жетекшісі: Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің аға оқытушысы, P.h.D докторы Е.Е. ИскакаовЖетекшісі: Шеңгелді ауылындағы «Қадырғали Жалайыр атындағы №6 орта мектеп» МКМ бастауыш сынып мұғалімі Зыкирьянова Маржан Далелхановна  Мазмұны І. Кіріспе---------------------------------------------------------- 4ІІ. Негізгі бөлім-------------------------------------------------- 5 2.1.“Кока–коланың” шығу тарихы ----------------------- 5 2.2. Сусынның құрамы ------------------------------------- 7 2.3. Денсаулыққа әсері ------------------------------------- 8 2.4. Қызықты айғақтар ------------------------------------ 11 2.5. Экспериментті тәжірибе ------------------------------12ІІІ. Қорытынды ------------------------------------------------- 14ІV. Пайдаланылған әдебиеттер ----------------------------- 15 2 Аннотация Зерттеу мақсаты: Кока-кола сусынының адам ағзасына зиян екенін дәлелдеу  Болжам: Болашақ ұрпақтың денсаулығына төніп тұрған қатерден, түрлі аурулардың алдын алу Зерттеу кезеңдері: 2014 жылғы тамыздан 2014 қарашаға дейін  І кезең: 2014 жылдың тамызынан -2014 жылдың қарашасына дейін. Тақырып бойынша публистикалық материалдарды жинау, теледидар, баспасөз материалдарына талдау жасау, ғылыми еңбектермен танысу.  ІІ кезең: 2014 жылдың қыркүйектен -2014 жылдың қарашасына дейін. Зерттелген материалдарды жинақтау  Зерттеу әдісі: Жұмыста теориялық талдаумен бірге, есептеулер жүргізу, практикалық жолмен дәлелдеу.  Зерттеу жаңалығы мен өзіндік дәрежесі: Газды сусындардың адам денаулығына зиян екенін дәлелдеу, оны болашақта аз мөлшерде қолдану.  Жұмыс нәтижесі: Газды сусындардың адам денсаулығына зиянды екенін дәлелдеу мақсатында тәжірибелер жасалды.  Қорытынды: Газдалған сусындардың орнына табиғи жолмен алынған сусындарды қолдану.     Кіріспе  Газды сусындардың ағзаға пайдасы бар деген пікірмен келіспеймін. Себебі адамның орталық жүйке жүйесін белсендендіріп, жұмыс істеу қабілетін арттыруға бағытталған бұл сусындардың құрамында кофеин сияқты қоспалар бар. Оларды белгілі мөлшерден көп қолданса, адамның энергиясы немесе бұрын байқалмаған қандай да бір ауруы қозады. Қозудың әсерінен адам әлсірейді. Ол бірден байқалмағанымен, уақыт өте келе тұрақты тұтынушының денсаулығы күрт нашарлауы мүмкін. Бойдағы бар энергияны артығымен жұмсап, түгелімен шығарады. Мәселен, «Кока-кола», «Пепси» сусындарының денсаулыққа кері әсері бірден анықталған жоқ. Жиырма жылдан кейін ғана белгілі болды. Қазір, яғни бұлардың зияны анық дәлелденген уақытта ғана аталған өнімдердің отаны Американың кей штаттарында оларды сатуға мүлде тыйым салынып жатыр. Нақты айтсам, «Кока-кола» мен «Пепсиді» мектептерде сатуға тыйым салынса. Мысалы, «Кока-колаға» келсек, оны сатуға тыйым салу керек деп сенімді түрде айта аламын. Өйткені күшті газдалған бұл сусынның құрамында қанттың мөлшерден көп екені анықталған. Және өз тәжірибем арқылы жұмыртқаның, сүттің ірігенін, бұзылғанын көре отырып, бізідің де организміміз осындай жағдайға тап болар деп ойлаймын.   4 «Кока-кола» (ағылш. Coca-Cola) ─ сергітетін алкогольсіз сусын, көптеген елдерде кеңінен тараған; The Coca-Cola Company компаниясының өнімі; 2006-2010 жылдар арасындағы әлемдегі ең үздік бренд болып саналады.«Кока-кола» сусынын 1886 жылдың 8 мамыр айында (Джоржия штаты, АҚШ) Атлантада ойлап тапқан.Авторы – америка Әскери конфедерациясының офицері болған, фармацевт Джон Стит Пембертон. 1888 жылы Пембертон сусынды шығару құқығын сатып жібереді * - 1892 жылы «Кока-коланың» құқығына ие болған кәсіпкер Аса Григгс Кэндлер кока-коланы өндірумен айналысатын «The Coca-Cola Company» компаниясының негізін қалайды. - 1894 жылдан бастап шөлмектерде, ал 1955 жылдан бастап қалбыр ыдыста сатылатын болды 6 3.Сусынның құрамы қанткөміртек диоксиді (Е290)бояғыштар: қант коллері (Е150), кармазин (азорубин) (Е122)ортофосфор қышқылы (Е338)кофеинтабиғи хошиістендіргіштер 7 Кока-коланың құрамындағы ортофосфор қышқылы адам ағзасындағы кальций тапшылығына әкелуі мүмкін. Дейл Сэндлер бірнеше зерттеу жүргізудің нәтижесінде фосфор адамның қанының құрамындағы кальций тұзын көбейтіп, бүйректе тас пайда болуына әкеліп соғатынын дәлелдеген * Денсаулыққа әсері Сонымен кока-кола ішкеннен кейін сіздің ағзаңыз қандай жағдайда болады?10 минуттан кейінКока-коланың құрамындағы 10 қасық қант ағзаға сіңе бастайды. Қанттың бір күндік нормасы кока-коланы бір ішкенде қабылданады екен. Соншама тәтті сусынды ішіп, ағза құсқысы келеді, алайда бұны кока-кола құрамындағы фосфор қышқылы басады.20 минуттан кейінДәл осы уақыттан кейін, қандағы инсулиннің шамасы күрт көтеріліп, бауыр қабылдаған қанттарды майға айналдыра бастайды.40 минуттан кейінАғзаңызға кофеин түгелімен сіңіп, көздің қарашығы үлкейеді. Бауыр қанға қантты көбірек бөліп, қан қысымы көтеріле бастайды. Аденозинді рецепторлардың сезгіштігі төмендеп, өзіңізді сергек сезінесіз.45 минуттан кейінАғзаңыздан "дофамин" атты гормон бөліне бастайды. Бұл гормон миға әсер етіп, сізге ләзаттық сезімін сыйлайды. Айта кетсек, героиннің де әсер ету механизмі дәл осындай. 9 Бір сағаттан соңКока-кола құрамындағы фосфор ас ішектеріндегі кальций, магний және мырыш элементтерін айдап, зат алмасуды тездетеді. Нәтижесінде кіші дәретке барғыңыз келеді. Дәретпен бірге, кола ағзадағы кальцийді шаяды. Бір сағаттан көбірек уақыттан кейінКіші дәрет арқылы ағзадан кальций, магний, мырыш, натрий элементтері мен су шайылып шыға бастайды * Қызықты айғақтарЗаводтан барлық жасалып шығарылған кока кола сусынын планетамыздың тұрғындарына таратса, әрқайсысымыз 1500 бөтелкеден алар едік.«Coca-Cola-ның» ең үлкен белгісі Арика қаласында орналасқан. Белгінің ені ─ 122 метр, биіктігі ─ 40 метр. Ол «Coca-Cola-ның» 70 мың шөлмегінен тұрады.Әлемде әр секунд сайын 8000 стакан кока кола сусыны ішіледі екен.1989 жылы Coca-Cola Мәскеудегі Пушкин алаңына өзінің сауда маркасын еңгізген ең алғашқы шетел компанияларының бірі болып саналады. 11 Экспериментті тәжірибе 1 – тәжірибе: Кока – кола сусынына сут қуйылды2 – тәжірибе: Жұмыртқа ақуызын кока – кола мен минералды суға салынды3 – тәжірибе: Шұжық кока – кола мен минералды суға салынды 12 Зерттеу қорытындысы:1- тәжірбиемде кока –кола сусынына кұйылған сут іріп кетті. Суттің құрамында кальций бар екенін бәріміз білеміз, енді ойлап көріңізші кока- коланы ішкеннен кейін ағзамыздығы кальцийдің куйі не болмақ? 2-тәжірбиемде Кока – колаға салынған шұжық, жұмыртқа ақуызы минералды суға салынған дәл осы заттарға қарағанда шіру, бұзылу жылдамдығы өте тез екендігін байқадым. 2 күн кока –кола сусынында тұрған шұжық пен ақуыз 2 күнминералды газды суда тұрған шұжық пен ақуыз 13 Қорыта келсек, күн артқан сайын нарықта синтетикалық сусындар көбейіп жатыр. Олардың қайсысының құрамында сипирттің бар жоғын саралап, сараптап отырған ешкім жоқ. Осы зерттеу жобасына ізденісте жүргенде, аталмыш сусындардың адам ағзасына соншалықты орасан зиян тигізетініне көз жеткіздім. Ал қазіргі менің замандастарым осы сусындардың қаншалықты зиян екенін мәнісіне жетіп, біле бермейді. Ал осы тауарларды шығарып отырған компаниялар, тек табыс көзін ойлайтын «ағатайларымыз», сыртын жылтыратып, жарнаманы жалтыратып, қоғамның болашағына балта шауып отыр. Қазақстанның басты байлығы балалар болса, байлықтарыңыздың денсаулығына қатер төндіріп, ауруына ауру жамап, асқындырып аларларыңыз айдан анық. Ертеңіміз үшін ұрпақтың қамын бүгіннен ойлайық! 14 Пайдаланылған әдебиеттер:1.Қызықты айғақтар 2011ж.2.Ғаламтордағы ақпараттар3. Жоғарыға көтеріліңіз↑ «Қазақстан»: Ұлттықэнцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақэнциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том * Менің жетістіктерім Акбота балабақшасы «Ақбота жұлдыздары» ән байқауы *