Интеллектуалды? ойын 11 сынып?а арнал?ан


«Озық ойлы оқушы» интеллектуалдық сайыс 11 сынып арасында Мақсаты: ҰБТ-ға дайындық барысын бақылау, қазақ тілі пәнінен білімін саралау.Оқушылардың зеректік қабілеттерін дамытып ой - өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау. Оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын және ойлау, ойды жүйлелеу қабілеттерін дамыту.Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу. 1-кезең: Таныстыру.2-кезең: Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша сұрақтар.3-кезең: «Кім жылдам» тұрақты сөз тіркесі. 4-кезең: «Кім көп біледі». 5-кезең: Мақал-мәтел, жұмбақтар сайысы. 2-кезең: Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен сұрақтар.1. Омонимдер дегеніміз не?2. Қазақ тілінде қанша сөз табы бар, атап шық. 3. Сан есім мағынасына қарай қандай түрлерге бөлінеді? 4. Сөз тіркесі дегеніміз не? 5. Жақты сөйлем дегеніміз не? 6. Біріккен сөздер деген не? 7. Етістік құрамына қарай қалай бөлінеді? 8. Тұйық буын дегеніміз не? 9. Қосымшаның қандай түрлері бар?10. Жалаң сөйлем дегеніміз не? 11."Менің атым Қожа" авторы кім? 12."Бай баласы мен жарлы баласы" авторы кім?13. Қырағы қыз, Желаяқ, Саққұлақ, Таусоғар, Көлтаусар кездесетін ертегі. 14."Оян, қазақ!" кітабының авторы 15."Көксерек" шығарманың авторын ата. 16. Синоноимдер дегеніміз не? 17. Қазақ тілінде қанша септік бар, атап шық. 18. Сын есім мағынасына қарай қандай түрге бөлінеді? 19. Қос сөз дегеніміз не? 20 Жақсыз сөйлем дегеніміз не? 21.Қос сөздің қандай түрлері бар? 22. Етістік дегеніміз не? 23 Бітеу буын дегеніміз не? 24.Туынды түбір деген не? 25. Жайылма сөйлем дегеніміз не? 26."Білім таппай мақтанба" авторы кім? 27"Ереуіл атқа ер салмай" авторы кім? 28. 8 ағасын іздеп шығатын ертегі кейіпкері? 29. Қазақтың тұңғыш романы 30."Маса" кітабының авторы. 3-кезең: «Кім жылдам» тұрақты сөз тіркестері4-кезең: «Кім көп біледі» «Қ» – әрпінен басталатын сөздер жазып шық.«С» - әрпінен басталатын сөздер жазып шық.5-кезең: Мақал-мәтел, жұмбақтар сайысы.