слайд сынып са?атына «?лтына ?ам?ор ?ке –Н?рс?лтан» (5 сынып)


1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу; Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу;Оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру. “Мен үшін –елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ! Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау-менің президенттік те, перзенттік те парызым”. 1991 жылдың 1-желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7%) жеңіске жетті. Елбасы өткен белестер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған 1967жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітірді.1960-1969 ж. Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді. 1969-1973 жылдары –Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.1973-1977 жылдары-Қарметкомбинаттың партком хатшысы.1977-1979 жылдары-Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы1979-1984 жылдары Қазақстан КП Орталық комитетінің хатшысы. 1984-1989 жылдары-Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы1989-1991 жылдары-Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы,1990жылғы ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды.1990 жылдың сәуірінен –Қазақстан Республикасының Президенті 1991 жылы 1 желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы. «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады. 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді. 1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы – Теңге айналымға енді. 1995 жылы 28 қаңтарында тәуелсіз ҚР – ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.1998 жыл 10 маусым Астана - ҚР - ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы - Н. Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР - ның Үкіметі және Парламент көшіп келді. Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады. 1998 жылы 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.2006 жылы 7 қаңтарда әнұран қабылданды. Егемен елім әнұраны жаңарды, “Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.  Сөзін жазған Жұмекен Нажмединов /1956 жыл/ және Нұрсұлтан Назарбаев /2005 жыл/.Әні Шәмші Қадыаяқовтікі, 1956 жыл.  1995жылдың 29сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттілігі 2000 жылға дейін ұзартылды.1999жылдың 10қаңтарында өткен сайлау нәтижесінде Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды. 2005 жылдың 4- желтоқсанында сайлаушылардың 91,5 пайыз дауысын алып,Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды *Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы.*Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы.*Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы.*Нұр Отан Халықтық - демократиялық партиясының төрағасы.*ОБСЕ - нің бас төреғасы Елбасының өзгеше мінез-бітімі, сөзге қамшы салдырмас шешендігі, кісіні бірден баурап алар ашықтығы , елгезектігі,сабыры мол салиқалылығы Әлжан анасына тартқан Ауылдың бас көтерер азаматы өзі екенін сезінген Әбіш,соғыс біткенше ат үстінде бел шешпей,елге қызмет етті. Демалыс,ұйқы дегенді ұмытты. “Мен,тіпті,әкемнің қай уақытта жатып ұйықтайтынын көз алдыма елестете алмаймын”,-дейді Елбасы, балалық шағын есіне алғанда. Н.Ә.Назарбаев ата-анасы және інілері Сатыбалды, Болат және қарындасы Әнипамен бірге Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Сара Алпысқызы Назарбаева Отбасы Н.Ә.Назарбаев көпшілік білетіндей тамаша спортшы ғана емес, оның суырып-салма ақындығы және құралайды көзден ататын мергендігі де бар. Әлем елдерінің басшылары мен саясаткерлерінің Президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы айтқан лебіздеріне құлақ түрейік. Ху Цзинтао , ҚХР Төрағасы:“Тәуелсіздік жылдары сіздің басшылығыңызбен еңбексүйгіш те ақылман Қазақстан халқы өзінің қажырлы да жасампаз еңбегімен дамудың дұрыс жолын таба білді.Бүгінде Қазақстанда экономика тұрақты даму үстінде ,халықтың әл-ауқаты артып, қоғамның әлеуметтік-саяси тұрақтылығы сақталып отыр.Соңғы жылдары Қытай-Қазақстан қатынастары белсенді дамуда.” Барак Обама ,Ақш Президенті: “Сіздің еліңіз егеменді, тұрақты және өркендеген мемлекет ретінде өзінің дамуында маңызды табыстарға қол жеткізді . Мен Қазақстанға Ауғанстандағы тұрақтылық пен қалпына келтіру ісіндегі ұстанымы үшін ризашылығымды білдіремін және мен Сіздің ұлтаралық және діни төзімділікті алға жылжыту жөніндегі күш-жігеріңізді жоғары бағалаймын.” АнгелаМеркель,ГФР Канцлері: “Жауапты міндеттерді одан әрі атқаруыңызда Сізге зор табыстар мен сәттілік тілеймін. Экономикалық ,қоғамдық және саяси реформаларды жүргізуде Қазақстан бұдан былай да Германия тарапынан болатын қолдауға сенім арта алатын болады.” Дмитрий Медведев,Ресей Федерациясының Президенті: “Мен Сізге алғыс білдіремін.Маған көрсеткен бүгінгі қошеметтеріңіз біздің елдердің арасындағы айрықша сенімге негізделген қарым-қатынастардың дәлелі болып табылады. Біздің халықтарымыз ғасырлар бойы бірге өмір сүрді. Соғыс кезіндегі және барлық қиындықтарды тең көтерді . Достық, түсіністік,сыйластық тіні-міне осында”. Ислам Каримов,Өзбекстан Республикасының Президенті: “ Өзбекстанда Сізді біздің халқымыздың нағыз досы деп біледі, әрі өзіміздің өзбек-қазақ қатынастарының серпінді дамуына қосқан үлесіңіз баға жеткісіз деп біледі.Біз ғасырлар бойы қатар өмір сүрдік,өмір сүріп келеміз және мәңгілік бірге өмір сүре беретінімізге сенімім кәміл.” Абдулла Гүл, Түрік Республикасының Президенті: “Әр келгенімде гүлдене түскеніне куә болып жүрген Астана қаласы-Қазақстанның динамизмі мен Президент Назарбаев мырзаның көрегенділігін бейнелейтін ең үлкен туынды.Астананың құрылыс жұмыстарына түрік фирмалары мен жұмысшыларының да үлес қосуын түрік-қазақ ынтымақтастығының ең әсем нышандарының бірі деп білеміз.” “Қазақ елі” монументінің төменгі белдеуіндегі тас тұғырда төрт қола барельеф орналасқан. ”Халық және тұңғыш Президент” барельефінің дәл ортасында тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың Ата Заңға оң қолын қойып, Ант қабылдап тұрған рәсімі бейнеленген. 2003жылы қажылыққа барғанда, “өз еліме,халқыма,қазағыма Алланың шапағатын тілеймін”деген Елбасына осы жылдың 15 маусымында “Ұлт көшбасшысы” мәртебесі берілді.Белгілі британ жазушысы,саясаткер Дж.Айткен “Нұрсұлтан Назарбаев және Қазақстанның қалыптасуы” атты кітабын жарыққа шығарды. Қазақстанның Президенті жайлы шетел жазушысы кітабының жарық көруі,оның құрметіне Иорданияның астанасы Амман қаласында көше берілуі, Туркияның Анкара қаласында ескерткіш ашылуы-Нұрсұлтан Назарбаевтың дүние жүзі елдерінің арасында беделінің жоғары екендігін көрсетеді