Адам болам десе?із… ашы? саба? презентациясы 9 сынып


Тәрбие сабағының мақсаты: Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі жадамның жақсы және жаман қасиеттерінің мағанасын түсіну, жетінші қара сөзін талдау, оқушыларды өзін-өзі бағалай білуге, адамгершілікке, жақсы әдеттерді үйреніп, жаман қасиеттерден жиренуге тәрбиелеу, оқушылардың өзіне-өзі сын көзбен қарау қабілетін дамыту Дүниедегі ең үлкен нәрсе – Кеңістік.Бәрінен жүйрік – Ой.Бәрінен дана – Уақыт.Бәрінен жеңілі – Басқаға ақыл айту.Бәрінен қиыны – Өзінді өзің тану. “ДҮНИЕДЕ ТЕҢІЗ ТЕРЕҢ ЕМЕС, АДАМНЫҢ ЖАНЫ ТЕРЕҢ. АДАМНЫҢ ШЫН МАҒЫНАСЫМЕН “АДАМ” БОЛУЫ ҮШІН ӨЗІН СҮЮІ, ЖАҚЫНДАРЫН СҮЮМЕН ҚАНАҒАТТАНБАЙ, ЖАЛПЫ АДАМЗАТТЫ СҮЮ ШАРТ”МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ Абайдың “Ғылым таппай мақтанба” өлеңі бойынша “бес асыл іс” пен “бес дұшпан” ұғымдарын талдау. Абайдың 7 қарасөзін талдау. Тән құмарлығы, жан құмарлығын топтастыру түрінде сызып көрсету топтық жұмысы. Абайдың өлеңінде айтылмаған адамның бойында болатын жағымды және жағымсыз тағы қандай қасиеттерді білеміз. Ертеде бір кісі баласын әбден есіртіп, еркелетеді. Өсе келе тілі удай ащы, есерсоқ, бейәдеп жігіт атанады. Жұрт безердей болғандықтан, оның қасына ешкім жүрмеуге тырысады. Әкесі әбден ойланып, мынадай айла жасайды. Баласын шақырып алып, бір жалпақ тақтай береді. Күніне қанша адамды ренжітсең, мына тақтайға сонша шеге қақ дейді. Бірінші бала тақтайға 37 шеге қағады. «Балам,өзіңді тежеп ұстап, шегеңді азайтуға тырыс» депті. Баласы әкесінің сөзін тыңдап, азайта отырып, бір күні ешкіммен ұрыспайтын, шеге қақпайтын да күнге жетіпті. Сол күні әкесі былай деп ақыл айтады: «Енді балам, ешкіммен ұрыспайтын болдың. Бір адамды қуантқанда бір шегеден суырып отыр». Бала әкесінің сөзін орындауға тырысып, тақтайдағы шегені де күндердің бір күнінде таусыпты. Әкесі қуанып «Балам мен сені дұрыс адам болмайтын шығар деп қорқып едім. Міне өзіңді өзің тәрбиеледің, жақсы адам болып жолға түстің. Бірақ балам, мына тақтайға қарашы, бұрынғысындай тегіс әдемі емес. Беті шұрық тесік. Сен қанша кешірім сұрасаң да олар қанша кешірдім десе де кезінде айтылған сөздерді қалай өшіресің? Бәрібір ол жүректің түбінде қалады ғой. Әрине, бұл күндердің әркіммен бір ұрысып жүргеннен жақсы. Бірақ бұл саған өмірлік сабақ болсын», -дейді. Бұл әңгімеден сіздер қандай ғибрат алдыңыздар, оны сұрақтар арқылы талдап көрелік.Әкесі неге қарапайым талап қойды?Ата-анасының баласын еркелеткені дұрыс па?Тақтайдың бетін немен бітеуге болады, көңілде қалған сөздерді немен өшіруге болады?Осы баланың орнында өздеріңіз болсаңыздар не істер едіңіздер?Жақын достарыңызды, әріптестеріңізді, балаларыңызды ренжіткен кездеріңіз болды ма?Сіз өзіңіз біреуге ренжідіңіз бе? Алла мықты жаратқан сегіз батыр,Баяғыдан соғысып әлі жатыр.Кезек-кезек жығылып, жатып тұрып,Кім жеңері белгісіз түбінде ақыр. Менің бойымдағы жақсы қасиеттер Менің бойымдағы жаман қасиеттер Басбармақ жоғарыға қарай = Өте жақсы.Басбармақ көлденең = Орташа. Басбармақ төмен қарай = Нашар.