Математика Аралас сандарды ?осу (5-сынып)
Білімділік: Аралас сандарды қосу арқылы оқушылардың есептерді шығарудағы логикалық ойлау қабілеттерін, есте сақтау және зейін қою қабілеттерін дамыту.Практикалық дағдыларын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Тәрбиелік: Аралас сандарды қосуды орындау арқылы өзіндік ізденістерін қалыптастыру. Сын тұрғысынан саралай білуге тәрбиелеу.Бір-біріне достарына көмек көрсетіп, топ, ұжым болып бірлесіп, тату-тәтті жұмыс істей білуге тәрбиелеу. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру. Ұйымдастыру Үй тапсырмасы “Қайталау – оқу айнасы” Жаңа сабақ “Аралас сандарды қосу” “Білім көзі кітапта” (кітаппен жұмыс) Сабақты қорытындылау Үйге тапсырма Бағалау Дұрыс бөлшек І топ Бұрыс бөлшек ІІ топ Аралас сан ІІІ топ 10 10 20 20 30 30 30 20 10 40 40 40 Қандай сандар 2-ге бөлінеді? 10 Жазылуы жұп сандармен аяқталатын натурал сандар 2-ге бөлінеді. Қандай сандар 5-ке бөлінеді? 10 Жазылуы 0 цифрмен немесе 5 цифрмен аяқталатын натурал сандар 5-ке бөлінеді Қандай сандар 9-ға бөлінеді? 10 Цифрларының қосындысы 9-ға бөлінетін натурал сандар 9-ға бөлінеді Жай сандар деп қандай сандарды атайды? 20 1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандарды жай сандар деп атайды Құрама сандар деп қандай сандарды атайды? 20 Екіден көп бөлгіштері бар натурал сандар құрама сандар деп аталады Қандай сандарды жұп сандар, тақ сандар деп атайды? 20 2-ге бөлінетін натурал сандарды жұп сандар деп атайды.2-ге бөлінбейтін натурал сандарды тақ сандар деп атайды. Құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу деген не? 30 Құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу – оны тек қана жай cандардың көбейтіндісі түрінде жазу. Қандай сандар берілген сандардың ЕҮОБ деп аталады ? 30 Берілген натурал сандардың ЕҮОБ деп сол сандардың әрқайсысы бөлінетін ең үлкен натурал санды айтады. Берілген натурал сандардың ЕКОЕ деп қандай санды атайды ? 30 Берілген натурал сандардың әрқайсысына еселік болатын ең кіші натурал санды сол сандардың ЕКОЕ деп атайды. Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай қосамыз ? 40 Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосқанда олардыңалымдарын қосып, алым етіп, ал бөлім етіп, сол бөлімнің өзін қалдыру керек. Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қалай қосамыз ? 40 Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу үшін, олардыең кіші ортақ бөлімге келтіріп, бөлімдері бірдейбөлшектерді қосу керек. Бөлімдері де, алымдары да әр түрлі бөлшектерді қалай салыстырамыз ? 40 Салыстырылатын бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімгекелтіріп, бөлімдерін теңестіру керек. Қайсысының алымы үлкен болса, сол бөлшек үлкен болады. Қане, сапты түзейік,Тіземізді бүгейік.Ыршып алға түсейік,Ыршып артқа түсейік.Көбелекше ұшамыз,Отырамыз, тұрамыз.Сергітуге мың алғыс! Аралас сандарды қосу да қосу амалының ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері негізінде орындалады.І. Бөлімдері бірдей аралас сандарды қосу.1-мысал. қысқаша Бөлімдері бірдей аралас сандарды қосу үшін:1) олардың бүтін бөліктерінің қосындысын, бөлшек бөліктерінің қосындысын табу керек;2) бүтін бөліктерінің қосындысы мен бөлшек бөліктерінің қосындысын аралас сан түрінде жазу керек. Бөлімдері әр түрлі аралас сандарды қосу үшін:1) аралас сандардың бөлшек бөліктерін ең кіші ортақ бөлімге келтіру керек;2) бөлімдері бірдей аралас сандарды қосу керек.2-мысал: Қысқаша: немесе : 6 3-мысал. Қысқаша: Натурал сан мен аралас санды қосқанда, натурал сан оның бүтін бөлігіне қосылып, қосындыға бөлшек бөлік тіркеліп жазылады. 4-мысал. Қысқаша: (кітаппен жұмыс) Үйге тапсырма Ережелерді қайталау.№637(4-8),638(6,8,9),639(4-9). Бағалау Не білемін? Не үйрендім? Не білгім келеді? Рефлексия «Инсерт»