«Иы? б?йымдарын конструкциялау ж?не модельдеу»
Дайындаған тәхнология пәнінің мұғалімі: Жакенова Б.Ә2014-2015 о.ж«Иық бұйымдарын конструкциялау және модельдеу»Сабақтың тақырыбы:
Білімділік: Оқушыларды иық бұйымдары түрлері және сиппаттамасымен, киімге қойылатын талаптармен, сән тарихымен таныстыру, киім силуэті мен стилі туралы түсінік беру, сызба тұрғызу туралы теориялық білім беру.Дамытушылық : эстетикалық талғамы мен ұйымдастырушылық ойлау қабілеттерін дамыту, практикалық іс-әрекеттерін қалыптастыру. Еңбек пәніне қызығушылықтарын арттыру.Тәрбиелік : оқушыларды әдемілікке, сәндікке, ұқыптылыққа, үнемділікке тәрбиелеу, жүйелі еңбекке баулып, эстетикалық тәрбие беру. Сабақтың мақсаты:
Қолдану мақсатына қарай киім түрлерінің бөлінуі:-тұрмыстық ( күнделікті, салтанатты, үйде киетін, спорттық және ұлттық);-өндірістік (арнайы, санитарлық);-формалық.Қолдану тәсіліне қарай:-сырткиім, жеңіл киім, ішкиім, көрсеттік бұйым;-жағажай киімі, баскиімдер.Маусымдық қолданысына қарай:-жазғы, қыстық, көктем мен күз маусымдарына арналған, барлық маусымдарға киетін киім.Жынысы мен жас ерекшелігіне қарай:-ерлер киімі, әйелдер киімі, балаларға арналған киім.
Эстетикалық талапты сақтау көбіне бұйым сапасын анықтайды. Киім қолданбалы өнер туындысын еске түсіруі, тек әдемі ғана емес, адам бейнесімен үйлесімді болғаны жөн.Гигиеналық талаптарға киім арқылы адам өмірін сыртқы ортаның зиянды әсерінен қорғау кіреді. Олар ылғасіңірткіштік, ауатөзгіштік, жылусақтанғыштық, ластанғыш, электрленгіш қасиеттері арқылы анықталады.Экспутациялық талаптарға киімнің түрлі атмосфералық әсерлерге, суға, жуу құралдарына, химиялық тазалауға, ұзақ киілуге төзімділігі жтады.Экономикалық талаптар: киімнің жоғары сапалығымен қатар қолайлы, бағасының қымбат болмауы керек. Бұйымдарға кететін матаның шығының азайту, мата өндеудегі механикаланған процесті енгізу арқылы экономикалық жобалауда нәтижеге жетуге болады. Нәтижесінде бұйым бағасы төмендейді. Бұйымдарға қойылатын талаптар
Сән, мода сөзі - француз тілінен келген. Сән - киім кию. Сән бағытында алдымен силуэт бейнеленеді. Силуэт- денебетім кескінінің нұсқасы, сыртқы пішініне, ол оның негізгі жалпы пропорциясын анықтайды.Сәннің өзгеруімен бірге силуэт те өзгереді.
Силуэттің түрлеріТік силуэт денебітімнің барлық түріне жарасады. Тік силуэтті киім «тікбұрыш» пішініне ұқсас келеді.Жартылай қынама силуэт денебітім пішінін аздап қана айқындайды. Сонымен бірге киім қысқа немесе ұзын да болуы мүмкін (үшбұрыш пішінінде).Қынама бел силуэті иық сызығы, бұйым етегінің кендігімен, белінің жинақталуымен ерекшеленеді«Трапеция » силуэті – иық сызығынан немесе қолтық ойындысынан өзіндік кеңеюі.
Стиль- киіну мәдениетіндегі ең қажетті түсінік, қоғамның материалдық және рухани мәдениетін бейнелейді. Стиль- сипат, ерекшелік, сәнді киіну мәнері.Стильдің түрлері:Классикалық ФольклорлықРомантикалықСпорттық
Классикалық стиль (байсалды, іскер, әсем) - тұрақты, ғасырлар сүзгісінен өткен, мүлдем өзгермейтін, ерлердің жұпты, үштік костюмі, «ағылшын» пальтосы, плащ, ал әйелдердің киіміне ұзын жеңді көйлектер, тік немесе бүрмелі белдемшелер «шинель» костюмдері жатады.
Фольклорлық стиль - ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Бүл стильде ұлттық ою-өрнектер, кестелер, қол жұмыстарын кеңінен қолданамыз.
Романтикалық стиль - бұл ұшқыр, қиял елестер, ізденістер тобы. Киімде әйелдік қасиеттерді бейнелейтін бөлшектерді, жиектерді пайдалану.
Спорттық стиль - демалыс, спортпен жаттығу, саяхат үшін ыңғайлы киімдер үлгісі.
Бұйымды конструкциялау дегеніміз – киімнің сырт пішіні мен құрылысын анықтайтын процесс. Киімнің конструктивтік сызба нұсқасы өлшем алу және киімнің денеде емін-еркін қозғалуын қамтамасыз ететін қосымшадан тұрады. Киімді модельдеу – жаңа модельдерді ойлап шығарудың творчествалық процесі.Киімді модельдеудегі үш негізгі принципі: 1. Киімнің адамның сыртқы жəне ішкі кескініне сəйкес болуы; 2. Арнаулы киімдердің мақсатқа сай, қолдануға ыңғайлы болуы; 3. Киімнің қолданылатын аясына, түріне пайдаланылатын материалдың сəйкес болуы.
Модельдеудің екі түрі бар:көркемдік және техникалық.Көркемдік модельдеу - бұйымды тікпес бұрын оның көркемдік суретін немесе эскизін (нобайын) орындау керек. Есептеу арқылы бүкпелер,бүрмелер,қатпарлар,иініштер,қалталар,ойықтарды табу, анықтауды -техникалық модельдеу дейді.
Сарамандық жұмыс«Қамзолды көркемдік модельдеу»