Презентация. ?аза?ты? ханы — Абылай ?ылыми жоба 27 бет


Алмағайып сұрапыл заманда есеңгіреген елге ес кіргізіп, бір тудың астына біріктіре білген Абылай ерлігі мен ақыл-парасатын қатар жұмсаған сарабдал саясаткерлігінің арқасында қазақ халқын жойылып кетуден сақтап қалды. Осылайша, туған халқының кемел болашағын аңсаған ол өз дәуірі артқан ұлы жүкті қайыспай көтеріп, ел алдындағы перзенттік парызын атқарып кетті. Нұрсұлтан Назарбаев Абылай хан (шын есімі Әбілмансұр) — 1771—1781 жылдар аралығында билік құрған Қазақ хандығының 18-ші ханы. Қазақ Ордасының тарихындағы ең ұлы хандардың бірі. Арғы тегі Ақ Орданың негізін қалаған Орда Ежен ханнан бастау алады. Абылай онымен қоса Ұрыс хан, Барақ хан, Әз-Жәнібек хан сияқты билеушілердің тікелей ұрпағы. Абылай хан қазақ тарихындағы бірегей тұлға Кенесары ханның атасы. Қазақ халқының бостандығы мен егемендігі үшін бүкіл өмірін сарп еткен, өзінің аса білгір ел басшысы, сарабдал саясатшы, дипломат ретінде танытқан Абылай ханның ерлік істерімен таныса отырып, оны жан-жақты танып білу. Абылай хан, Әбілмансұр (1711-1781) - қазақ ханы, ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. Арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары Қазақ даласының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң Еңсегей бойлы Ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай - Жәңгір ханның бесінші ұрпағы.  Абылай жас кезінен-ақ Отанын, елін қорғау жолында батылдығымен танылады. Абылай абыройға өз жеке басының ерлігімен жеттті. Абылай – ірі қолбасшы, ержүрек, ақылды және айлалы, көрген кемеңгер, өз Отанын, елін сүйген мемлекет қайраткері, алып тұлға Бұқар жырау Атақты Үмбетей жыраудың Бұқардың асында зиратының басында: Өткіздің тоғыз ханды толғауменен, Шештің талай түйінді болжауменен. Іс болса қиын-қыстау сан сайыстың Қылыш пен қызыл тілді қорғауменен, - деуі осыдан.Бұқар жырау өзінен кейінгі ұрпаққа Абылайдың қасында болғандықтан ғана қымбат емес, Ұлы Даланың ғажайып перзенттерінің ұлттық санасын қалыптастыруға үлес қосып, бір өзі Дала академиясының ісін атқарған сайын даланың данасы есебінде қымбат. Жәңгір қайтыс болып таққа Тәуке отырғанда, Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, Қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан Көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Шоқан Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек (онда Абылайдың 1710 жылы туған деуге негіз бар). Ғылыми жобаның толық нұсқасын жүктеу ақылы. Ғылыми жобалар жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды. Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) Каспий банк депозитіне ЖСН 750115401055 номеріне ақша аударып,немесеQiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне 2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті ғылыми жобаңызды айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті ғылыми жоба тақырыбын жазып жібересіз.Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған ғылыми жобаңыздың толық нұсқасы салынады. Сондай-ақ, өзіңізде бар ғылыми жобаның толық нұсқасымен айырбас жасауға болады, сіз онымен сайтымыздың толыға түсуіне көмектесесіз!!!