Суды? ??рамы ж?не физикалы? ?асиеттері та?ырыбына презентация (8 сынып)
СУДЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
МАҚСАТЫ:Оқушыларға судың құрамы және оның физикалық қасиеттері туралы жан-жақтылы мысалдар келтіре отырып түсіндіру. Өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Судың қасиеттерін біле отырып тиімді пайдалануға, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың жүру барысы:Ұйымдастыру;Өткенді қайталау;Мақсат қою;Жаңа тақырыпты түсіндіру;Жаңа тақырыпты бекіту;Бағалау:Үйге тапсырма.
Амандасу;Оқушыларды түгелдеу;Назарларын сабаққа аудару.Ұйымдастыру:
Өткенді қайталау:Жан-жақтылы сұрақтар қоюОттектің латынша атауы;Сутектің латынша атауы;Оттектің жер қыртысындағы үлесі;Сутектің жер қыртысындағы үлесі;Оттектің физикалық қасиеттері;Сутектің физикалық қасиеттері.
Венн диаграммасыАтмосферадағы мөлшері 21%;Жер қыртысында 49,13 %;Ауа атмосферасын құрайды;Ауадан сәл ауыр;Тотықтырғыш;Жану реакциясына түседі.Судағы мөлшері 11%;Жер қыртысында 1%;Атмосфераның төменгі қабатында;Ауадан14,5 есе жеңіл;Тотықсыздандырғыш;Тотығу-тотықсыздану реакциясына түседі.Түссіз, иіссіз газ;Ауаны ығыстырып және суды ығыстырып жинайды;Суда нашар ериді;Молекуласы екі атомнан тұрады.О2Н2О2Н2
Мақсат қою:Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру
Жаңа тақырыпты түсіндіру:03.03.2017.Судың құрамы және физикалық қасиеттері
Мұғалімнің түсіндіруі:Судың молекулалық формуласы: Н2ОСапалық құрамы: сутек атомынан және оттек атомынан құралғанСандық құрамы: екі атом сутектен және бір атом оттектен тұрадыҚұрылымдық формуласы: Н----О----НСутек атомы оттек атомына бұрыштай орналасқан.Сутегі І валентті, оттегі ІІ валентті.XVII ғасырдың аяғында судың күрделі зат екені анықталып, жасанды жолмен газтектес сутектің оттекте жануынан алынды:Н2 + О2 = Н2ОЖай заттардан күрделі заттардың алынуы синтез (грек.синтезис-бірігу) деп аталады.Кейінірек судың күрделі зат екені судың құрамындағы бөлшектерге айырылуы арқылы дәлелденді:Н2О = Н2 + О2 Заттың құрамын жай заттарға жіктеу арқылы табу әдісі анализ (грек. анализис – талдау) деп аталады.Судың салыстырмалы молекулалық массасы: 18
ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ:Таза су- түссіз, иіссіз, дәмі жоқ сұйықтық. Табиғатта су үш түрлі агрегаттық күйде кездеседі. су
ppt_y
Бір күйден екінші күйге ауысуыТемператураның жоғарылауыТемператураның төмендеуіқаттысұйықгазтәріздіҚалыпты жағдайда су 0оС –та қатады, 100оС –та қайнайды.
XVIIІ ғасырдан бастап су масса бірлігінің эталоны болды. Қалыпты жағдайда 1 см3 судың массасы 1г, демек судың тығыздығы p = 1 г/ см3 -қа тең. Қатты күйдегі тығыздығы 0,92 г/ см3 . Сондықтан мұз судың бетінде қалқып жүреді. Су жайлап қызады және жайлап суиды.Су электр тогын нашар өткізеді.
Судың көлемінің өзгерісіне қарапайым тәжірибе жасап көрейік. Сынауыққа су құйып, аузына резеңке шарды байлаймыз. Сынауықты жайлап қыздырамыз. Қыздыру барысында су қайнағанда шардың үрленгенін байқаймыз. Бұл өзгерісті қалай түсіндіреміз?. Суды қыздырғанда су молекулалары жылдлам қозғалысқа түседі. Нәтижесінде су көлемін ұлғайтып, ауаны ығыстырады. Ығысқан ауа шарды үрлейді. Ал, егер де сынауықты жалыннан алып, қыздыруды тоқтатсақ, біртіндеп шардың бастапқы қалпына келгенін көреміз. Себебі, судың көлемі қалпына келеді артық ауа болмайды.
Жаңа тақырыпты бекіту:Тақырып соңындағы сұрақтар163 бет 2-4 сұрақ“Кім білгір” гүлдерге жазылған сұрақтарға жауап беру.
Бағалау:Сабақты қорытындылау;Сабаққа қатысуына сәйкес білімдерін бағалау
Үйге тапсырма:§42 оқу, мазмұндау.Жай су, тұзды су, минералды судың қатуын қадағалау. Нәтижесін дәптерге жазып келу
ppt_y
Назарларыңызға РАХМЕТ!
ppt_wr