Шебер ?олдар ?йірмесі. Саба?ты? та?ырыбы Монша?тан шие то?у


Сабақтын тақырыбы: Моншақтан шие тоқу Сабақтың мақсаты: Білімділік: шие туралы мағлұматтар беру, моншақтан шие тоқуды , шиені сәндеуге, әшекейлеуге үйрету, оқушылардың танымын кеңейту; Дамытушылық: өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру, есте сақтау қабілеттерін арттыру, қолөнер жұмысына машықтандыру; Тәрбиелік: еңбекті сүйюге, төзімділікке, жауапкершілікке, табиғатқа деген сүйіспеншілікке және үнемділікке тәрбиелеу. Сабақтын түрі: Жаңа сабақӘдіс-тәсілдері:СТО, деңгейлік тапсырмалар, түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмысПәнаралық байланыс:бейнелеу, биология, қазақ әдебиетіКөрнекіліктер:моншақтан тоқылған жеміс-жидектер, суреттер, нұсқау картасыҚажетті құрал-жабдықтар: лескі, қайшы, моншақ -Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырып көрейін, жауабын табасыңдар ма? Бір сабақта көп түймеЖей алмайсың көк күйдеСанап қара қаншаОның аты-...(шие) Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі -Балалар, сіздер шие туралы не білесіздер?Оқушылардың жауабы:-Шие ағашының жемісі өте пайдалы әрі тәтті.-Шиені медицинада гемоглобинді көтеруге қолданады.-Шие қантқа, органикалық қышқылдарға, С, В, РР дәрумендеріне бай.-Шие жемісінен тосап, компот, шарап жасайды және кондитер тағамдарына қосады. - Өте дұрыс, жарайсындар!-Бүгін біз сабағымызды қандай тақырыпта өтеміз деп ойлайсыздар ?Қыздардың жауабы: - Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы“Шие”-Иә дұрыс бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: “Моншақтан шие тоқу” {5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A}Сабақтың мақсатыНені үйренуіміз керек?1.Шие туралы мағлұмат беру.2.Шиені моншақпен тоқып үйрену.3.Бұйымды сәндеп, әшекейлеп үйрену.1.Моншақпен шие тоқып үйрену.1.Тоқылған шиені сәндеп, әшекейлеуді үйрену. Не үйрендік?Сабақтын тақырыбы: Моншақтан шие тоқу Олай болса, алдымен шие туралы кішкене ғана мәліметке тоқталайық:Шие (лат. Prunus subgen. Cerasus) – раушангүл тұқымдасына жататын ағаш және бұта типтес өсімдік.Гүлі ақ, кейде қызғылт. Гүл шоғыры шатырша. Етжең, шырынды жемісінің сүйегі бар. Жер жүзінде шиенің 150 түрі, Қазақстанда 7 түрі таралған. Шиенің жемісінде, өздерін айтып кеткендей 7,3 – 17,5% қант, 0,8 – 2,4% әр түрлі органикалық қышқылдар, 0,15 – 0,88% илік заттар мен витаминдер болады. Жемісінен тосап, компот, шарап жасайды және кондитер тағамдарына қосады.Шие көшет, екпе шыбықтарын телітушіге ұластыру арқылы көбейтіледі. Тұқымы арқылы көбейту селекция саласында жаңа сорттар шығару үшін қолданылады. Шие құнарлы саздақ топырақта жақсы өседі.Бұлардан басқа далалық және орманды далалық шие (Cerasus frutіcosa), құмдық шие (Cerasus pumіla) деген түрлері бар. Қытай түкті шиесі Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында өсіріледі. /Қыздарды екі топқа бөлу/Мұғалімнің сөзі:Уылжыған бүлдірген,Әбден пісіп үлгерген.Бірақ оның көйлекті,Былғайтынын кім білген.-Сіздердің топтарыңыз «Бүлдірген» деп аталады. Мұғалімнің сөзі келесі топқа:Торсиған бал уызға,Кіп-кішкентай қарақат.Салып қояр ауызға,Болса егер бала тап.-Сіздердің топтарыңыз «Қарақат» деп аталады. Жаңа сабақ1. Моншақтан шие тоқудың нұсқау картасымен түсіндірмелі жұмыстар жүргізу2.Техникалық қауіпсіздік ережесін еске түсіру 3.Нұсқау картасын тарату Моншақтан шие тоқудың нұсқау картасыIII.Сарамандық жұмыс: 1.Бес моншақты лескіге тізбектеп айқастырамыз: 2.Он жақтағы лескіге 4 моншақ тіземіз: 3.Тізбектеген моншақтардың соңғысына екі лескіні шалу арқылы айқастырып екінші қатарға көшеміз: 4.Он жақтағы лескіге 3 моншақ тізбектеп айқастырамыз, осы амалды 2 рет қолданамыз: 5.Осы қатарды аяқтау үшін 2 моншақты лескінің он жағына тізбектеп айқастырамыз: 6.Үшінші қатарды лескіні бір моншақтан өткізіп алып, оған 3 моншақ тізіп, айқастырамыз:(осы амалды 2 рет қолданамыз) 7.Шиемізді аяқтау үшін лескінің сол жағына бір моншақты тізбектеп айқастырамыз: Лескіге 9 моншақ тізбектеп шиенін сабағын жасаймыз: Алдындағы амалдарды қолданып шиенің екіншісін тоқып бір-біріне қосып жапырағын тоқып аяқтаймыз Шиенің дайын түрі Топтық жарыс Екі топ бір-біріне жұмбақ жасырады:1-топ Іші толған шәрбат Дәмі қандай әйбат Үзесің бірден жүзін Оның аты-...(жүзім) 2-топДөп-дөңгелек сарыІшінде бар дәніҚызығасың көріпОның аты-...(өрік) 1-топЖапырақты тасалапӨсетін жері бақша-бақКүрең қызыл шіркін айОның аты-...(құлпынай)2-топПісетін кезі дәл күздеМезгілсіз оны үзбе.Аузыңнан кетпес бал дәміОның аты...(Шабдалы) 1.Ағаш айғайға кұламайды.2.Ағаш жапырағымен, жер топырағымен.3.Ағаш кессең ұзын кес, шаба келе қысқарар.  Темір кессең қысқа кес, соға-соға ұзарар.4.Ағаш қамшы көп, аттанарда бірі жоқ.5.Ағаш қисығын тез түзетер,  Адам қисығын көр түзетер.6.Ағаш та бір жерде көгереді.7.Ағаш тамырымен, адам досымен мықты.8.Ағаш тамырынан су ішер.9.Ағашты жемісінен таниды,  Адамды ісінен таниды.10.Ағашты жердің ырысы мол,  Бауырмалдың тынысы мол.Мақал-мәтелден жарыс: {5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A}Не үйрендік?Не үйренгіміз қеледі?1.Шие туралы мағлұмат алдық.2.Шиені моншақпен тоқып үйрендік.3.Бұйымды сәндеп, әшекейлеп үйрендік. Моншақпен басқада жеміс-жидектерді тоқып үйренгіміз келеді.ІV.Қорытынды: Топтардың тілектеріҚұлпынай тобы:Біз балдырған тең басқан.Дос құшагын кең ашқан,Тілегіміз бейбіт күн.Ашық болсын кең аспан Қарақат тобы: Ақ, қара деп бөлмейміз. Бір жыл туған төлдейміз, Туысқанбыз татумыз, Биіктерге өрлейміз. Шие бағына саяхат Назарларынызға рахмет!