?ылыми жоба Химиялы? элементтер -адам а?засында
(химия-медицина)Дайындаған: Мамешева Г. 10 сыныпЖетекші: Балкенова А.А.Мерей 2011 “Адам баласы көзімен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрнымен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады.” А.Құнанбаев. Менделеев кестесіндегі элементтердің адам ағзасы үшін маңызды екенін, олардың қандай рөл атқаратыны және қайдан алу керектігіне бағыт- бағдар беріп, осы мәліметтер бойынша білімнің жаратылыстану бағытындағы қорын молайту . Оқушыларға адам ағзасы химиялық элемент негізінен тұратынын дәлелдеу. Жоспары: 1.Кіріспе. Менделеев кестесіндегі элементтердің адам ағзасы үшін маңыздылығы.2.Негізгі бөлім. Химиялық элементтер –адам ағзасында а) Адам ағзасында кездесетін химиялық элементтер.ә) Тірі ағзаға қажетті тіршілік металдар.б) Химиялық элементтердің адам ағзасындағы биологиялық орны.3.Қорытынды.Зерттеудлер нәтижесі. Жер бетінде тіршілік пайда болғаннан бастап химиялық элементтер, сол тіршілік ағзаларына қызмет атқарып келеді. Сонысымен де бұл элементердің физикалық, химиялық қасиеттері толық зерттеліп, Д.Менделеев кестесінен тікелей орын алып, көлемін ұлғайтуда. Адам ағзасында кездесетін химиялық элементтерді төмендегідей топтауға болады. Химиялық элементтер өмір сүру ерекшелігіне (маңызына) қарай 3 топқа бөлінеді. Адам ағзасында кездесетін химиялық элементтерді біз қайдан, қалай ағзаға сіңіреміз?Химиялық элементтердің барлығы да тиісті мөлшерден артық болса немесе азайып кетсе адам ағзасына кері әсер ететіні анықталған. Химиялық элементтердің табиғатта таралу жағдайларына жасалған зерттеулер бойынша жердің массасының шамамен 50%-ын оттек, 25%-дан астамын кремний құрайды. Он сегіз элемент - оттек, кремний, алюминий, темір, кальций, калий, натрий, магний, сутек, титан, көміртек, хлор, фосфор, күкірт, азот, марганец, фтор, барий – жер массасының 99,8%-ын құраса, ал қалған 0,2%-ы барлық басқа элементтердің үлесіне тиеді. Ағзадағы “Өмір металдары” деп аталатын металдар бар. Адам салмағына қарай есептелінеді. Адамның денесі : 33 кг оттек + 9 кг көміртек + 5 кг сутек +1,5 кг азот + 800 г кальций + 500 г фосфор + 180 г калий + 130 г күкірт + 80 г натрий + 80 г хлор + 25 г магний + 4 г темір + 0,02 г йодтан (барлығы 13 элемент) құралып, нәтижесінде тірі ағзаны толтырады. Ағзаның қалтқысыз жұмыс істеуі үшін оған сәл-пәл мыс, мырыш, марганец, кобальт, литий, стронций, алюминий, кремний, қорғасын мен күшала қажет. Калий,натрий- ағзаны қалдықтардан тазарта отырып, су алмасуын реттейді, қанайналымын жақсартады. Бұлар жемістерде, бұршақта, жапырақты көкіністерде, дәндерде, бананда және картопта болады. Кальций- ізбес.Ол жасуша құрамына еніп, сүйек құрауға, жүрек және бұлшық еттерінің жұмысына қатысады, қанның ұюын қамтамасыз етеді.Ересек адамдарға тәулігіне 0,5 г кальций жеткілікті. Ол сүйекті қатайтуға аса қажет. Кальций- сиыр мен қой сүті, сүтпен жасалатын түрлі тағам- ірімшік, сүзбе, сүтсірнеде (сыр), грек жаңғағы, тұқымшалар мен балықта мол.Қара бидай наны мен жұмыртқаның сары уызы да кальцийге бай.Ағзаға бір тәулікте қажет кальций алу үшін жүз грамм сүтсірне немесе жарты литр сүт жетеді. Йод -өмірлік маңызы бар элемент. Ол қалқанша без үшін құрылыс материалы.Өкінішке орай, бұл микроэлемент ағзада жасалмайды, адам оны тек ас, тағам арқылы, алады.Сырт қарағанда йод жетіспеушілік білінбейді, ал тапшылық сезілсе түрлі ауруларға шалдықтырады, яғни шаршау, түрлі жұқпалы ауруларды тез қабылдағыштық, белсіздік және ақыл-ой кемістігі. Адамның өмір сүруіне бүкіл өмір бойы бір қасық қана йод жеткілікті.Менделеев кестесіндегі 53-і элемент адам ағзасында 20-30 мг мөлшерінде ғана болса да өте маңызды үрдістерді атқарады. Йодтың күндік нормасы. Йод мөлшері (мкг) Категориясы Жасы 50 Емізулі сәби Алғашқы 12 айда 70 Ерте жастағы балалар 1-ден 2 жасқа дейін 90 Мектеп жасына дейінгі балалар 2-ден 6 жасқа дейін 120 Бастауыш және орта сынып оқушылары. 7-ден 12 жасқа дейін 150 Жасөспірімдер, ересектер 12-ден жоғары жастағылар 200 Аяғы ауыр әйелдер мен бала емізетін әйелдер Темір- ағзада темір жеткіліксіз болғанда өмірге келетін ұрпақ сапалы болмайды. Сондықтан да болашақ аналар және барлығымыз ағзада темірдің мөлшерін жеткілікті етуге әрекет еткеніміз жөн. Темір жетпесе баланың өңі жүдеу, беті шырайсыз, терісі сырқат, бас ауруы жиі, ашуланшақ, тыныс алуы үстірт және жиі болып келеді.Ондай балалар әр түрлі ішек-қарын ауруларына, іштің қатуына шалдығып, оларды жүрек айну және құсу мазалап, кейінірек терісі мен шаштары трофикалық өзгерістерге ұшырайды. Фосфор - адам денесінде фосфор қосылыстары көп. Кальций секілді фосфор да адам қаңқасын құрайды, сонымен бірге ол зат алмасуға да тікелей қатысады. Өте сіңімді және адамның нерв жүйесіне өте- мөте пайдасы зор.Фосфор қосылыстары сырда, бауыр мен мида, жұмыртқаның сарысында, ірі қара мал етінде, уылдырық пен бірқатар балықтарда мол болады.Ал ұн мен нанда, сондай-ақ әр түрлі жармаларда фосфор фитин күйінде кездеседі. Р қырыққабат ірімшік қызылша картоп қара нан жұмыртқа Кейбір элементтердің мөлшері адам ағзасында жасы ұлғайған сайын өзгеріп отырады.Мысалы кадмийдің бүйректегі және молибденнің бауырдағы мөлшері қартайғанда жоғарылайды.Ал мырыш, ванадий және хром сияқты микроэлементтердің мөлшерлері кемиді Қорытынды: Адам денсаулығы дұрыс болып қалыпты өмір сүрү үшін ең қажеттісі – қоректік заттың мөлшері, сапасы, ағзаға ену мөлшері міндетті түрде тиісті деңгейде сақталуы керек. Әрбір қоректік заттың энергетикалық балансын сақтау ең басты шарт болып табылады.Қоректену нәтижесінде ағзада көптеген биологиялық, химиялық және физикалық үрдістер, яғни, көбею, өсу, даму, еңбек ету, т.б. жағдайлары болады. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Скурихин И.М., Шатерников В.А. Как правильно питаться. —М.: 1986.2. Тагидиси Д.Г., Алиев С.Д. Микроэлементы и здоровье. Х 1979.3. Джустин Гласе. Жить. 180.1990.4. Искусственная пища: за и против. Х 1998.5. Кавецкий Р.Е., Чебатарев Д.Ф. Здоровье, труд, отдых. -Киев.: Наука, 1996.6. Маршелл Э. Биофизическая химия. —М: Мир, 1981.7. Хьюз М. Неорганическая химия биологических процессов. — М: Мир, 1983.8. Сеитов З. С. Биохимия. — Алматы, 2000.