?ылыми жоба Компьютерді? пайдасы мен зияны
6 сынып оқушысы: Мұқанова ДілназЖетекшісі: Қалалбекова АидаИнформатика пәні мұғалімі Тақырыбы: Проблемалық сұрақтар Заман ағымына қарай бүгінде екі адамның бірінде ұялы телефон, ноутбук немесе планшет, үйде компьютер бары белгілі. Рас, оның ішінде не керектің бәрі бар. Енді мен осы тақырыпты талдап көрейін. Бұл кейбір балаларға жаңалық болып көрінбеуі мүмкін, бірақ мұнда көптеген тың идеялар бар. Мен төменде келтірілетін тақырыптарды бұрындары жазылған газеттерде, интернет жүйесінен жинақтадым, сондай-ақ өзімнің қосқан үлесімде жоқ емес. Әрине белгілі болғандай қазіргі замандық ғылыми-техникалық революция микрокомпьютерлер мен дербес компьютердің пайда болуынан басталды. Олар барлық жерде қолданылады.Ғалымдар лабораториясында, мекемелерде, оқу орындарында, дүкендерде, әрбір үйде және т.б. Дербес компьютер адамзатқа телевизор және теледидар сияқты өте қажет.Компьютердің көмегімен бірнеше минуттың ішінде керекті мәліметті алуға, қиын чертежді немесе есеп-қисапты жасауға болады. Дербес компьютерлерді бірнеше миллион адамдардың еңбектерін жеңілдетті, шығармашылық емес жұмыстардан босатты. Олар адамға жұмыста да, үйде де компьютерлердің жарыққа шығуы, кітаптардың жарыққа шығуы сияқты үлкен мәнге ие болды. Компьютер , әрине, адам өмірінде өте пайдалы, қажетті құрал. Қазіргі таңда компьютерсіз қоғамды елестетіп көру де мүмкін емес. Дегенмен, компьютердің пайдасына қоса зияны да бар. Ата-анасының сөзіне құлақ аспай, балалармен араласпай, күндіз-түні компьютерге телміріп, бар қызығын содан табатын балалар қатары жыл өткен сайын көбейіп барады. Шетелдерде компьютерге жабысып, өмірін өткізгендердің арасында аштан өлген оқиғалар да кездесіпті. Баланың дене сымбаты бұзылады, соның салдарынан скалиоз ауруы қалыптасады. Күндіз-түні мониторға қадалып отыру көзді құртатыны, одан шыққан сәулелердің түрлі дерттерге ұрындыратыны бұл жәй сыртқы залалдары ғана. Ал, компьютердің адамға келтіретін ең сұмдық зияны, оған еліккен жан өзгелерді ұмытып, ешкіммен араласпай, томаға тұйық күн кешетін болады. Сондықтан да, компьютермен жұмыс жасауға отырмас бұрын мына кеңестерді басшылыққа алып жүруді ұсынамын. Компьютерде жұмыс істеу үшiн 7 кеңес.1. Өзiңізге қолайлы жұмыс орнын жасаңыз.2. Егер сiз компьютерде 2 сағаттан артық отыратын болсаңыз, ноутбукке арналған арнайы тығыршықты қолданыңыз.3. Монитор мен сiздiң көздерiңiздiң арасындағы қашықтық 50 см-ден кем болмауы керек.4. Жоғарғы бөлiгi сiздiң көзiңiздің деңгейінде орналасатындай биiктiк бойынша монитор күйiн келтiрiңiз.5. Әлсiн-әлсiн креслодан тұрыңыз және арқаның бұлшық етiн асықпай тартыңыз.6. Сіздің жұмыс орныңыз көңілді, жақсы болса, деңеңіз бір қалыпты болып, шаршамайсыз. Сондықтан мониторды , пернетақтаны, креслоны мерзімінде түзетіңіз.7. Сiз компьютерде өткiзетiн уақытты азайтуға тырысыңыз.