?БТ мен ОЖСБ-ны? алдында?ы дайынды? ж?ргізуді? психологиялы? аспектілері


ҰБТ мен ОЖСБ-ның алдындағы дайындық жүргізудің психологиялық аспектілері “Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады” Л.Фейервах Мақсаты: ҰБТ немесе ОЖСБ кезінде оқушыларды өзінің мінез құлқын және эмоцияларын басқара алуына үйрету, өзін-бағалау деңгейін жоғарлату, қобалжу сезімдерімен күресе білуге үйрету. Міндеттері: Оқушыларда қобалжуға байланысты туатын жеке даралық реакциялар туралы түсінік беру және оны жеңуге болатын мүмкіндіктер мен әдістерді ұсыну;Эмоционалдық күйзеліс сезімінен арылуға көмектесетін әдістермен таныстыру;Стресс, оның түрлерімен теориялық жағынан таныстыру. Қазіргі заманның талаптары тек ересектердің психикасына емес, сонымен қатар балалардың психикасына да үлкен әсерін тигізеді. Соңғы кездері мектепте емтихан, сынақ, тест күнделікті үйреншікті нәрсеге айналған. Оқушылар бастауыш сыныптан бастап, мектеп бітіргенше әртүрлі сынақтардан өтеді. Осындай сынақтардың бірі ол-ҰБТ және ОЖСБ болып табылады. Бұл сыннан 9,11 сыныптар өтеді. Емтихан болсын, сынақ болсын, тест болсын бұл- оқушылар, ұстаздар және ата-аналар үшін стресс болып келеді. Стресс кезінде адам ағзасындағы физиологиялық процесстер Стресс кезінде адам ағзасы су тапшылығына тап болады. Бұл нерв процестерінің электрохимиялық реакциялардың негізінде өтуіне байланысты, ал бұл процестердің өтуіне судың болуы керек. Судың тапшылығы нерв процестерінің жылдамдығын төмендетеді. Сондықтан, емтихан, сынақ алдында немесе барысында бірнеше жұтым су ішу керек. Антистрестік мақсатында суды 20 минут тамақ ішер алдында немесе 30 минут тамақтан соң ішеді. Ең тиімді минералды су болып табылады, себебі бұның құрамында калий және натрий иондары бар, олар электрохимиялық реакцияларда қатысады. Сонымен қатар жай су мен жасыл шай ішуге болады. Басқа сусындардың пайдасынан гөрі зияны көп. Ми бөліктерінің жұмысы Стрестік ситуацияға түскен оқушылардың екінші проблемасы болып саналатын-бұл екі ми бөліктерінің (сол жақ және оң жақ) жұмыс үндестігінің бұзылуы. Егер екеуінің біреуі, оң жақ бөлік-образдық немесе сол жақ бөлік-логикалық басым болса, онда адамның алдында тұрған міндеттер мен проблемаларды оптималды шешудегі қабілеті төмендейді. Бірақ бұл үндестікті қалыпқа келтіру немесе оған жақындату қолымыздан келеді. Барлығымызға белгілі, оң жақ ми бөлігі дененің сол жағына жауапты, ал сол жақ ми бөлігі дененің оң жағына жауапты. Бұл байланыс екі бағытта жұмыс жасайды, сондықтан да дененің екі бөлігінің координациясы мидің екі бөлігінің координациясына әкеледі. Стрестің негативті әсерін төмендететін жаттығулар Келесі жаттығу стрестің негативті әсерін күшейтетін “оттегі тапшылығын” төмендетеді. Бұл әдіс “энергетикалық есінеу” деп аталады. Есінеудің жиілігін, ми жұмыс жасаудың белсенділігіне байланысты етіп жасау керек, яғни ми жұмысы күрделенсе, жиірек есінеу дұрыс. Емтихан барысында есінеу өте пайдалы. Есінеуді қалай дұрыс жасау керек? Есінеу кезінде екі қолмен шеңбер ретімен, төменгі және үстінгі жақты қосатын, құлақтың жанындағы сіңірлерді уқалау керек. Ағзаны оттегі тапшылығынан қорғау үшін, бұл жаттығуда 3-5 рет есінеу жеткілікті. Психологиялық жаттығуы Жаттығу: «Ааааа» Мақсаты: Тиімді тәсілдермен стресті жеңу. Нұсқау: “Терең тыныс алыңыз. Өкпеге ауа жинап алып, демді шығарған кезде “Аааааа”-деп әндетіңіз. Ауамен бірге сіздің ішіңізден шаршағаныңыз шығып кеткендей етіп сезініңіз. Ал, ауаны ішке сорған кезде, ауамен бірге қуанышты ойларды да сорып жатқандай сезініңіз” Жаттығу: “Аутотренинг формуласы” Нұсқау: Көздеріңізді жұмып, ыңғайланып отырыңыз. Арқаңызды тік ұстаңыз, алақандарыңызды тізеге қойыңыз. “Мен сабырлымын” формуласына ойыңызды жинақтаңыз. “Менің оң қолым ауыр”- деп 5-6 рет ойша қайталаңыз. Қайтадан “Мен сабырлымын” формуласына ойыңызды жинақтаңыз. Содан кейін “Менің сол қолым ауыр”-деп 5-6 рет ойша қайталаңыз. Қайтадан “Мен сабырлымын. Мен дайынмын, мен жинақымын. Мен өзіме сенімдімін!” формуласына ойша қайталаңыз. Денеңізді қалпына келтіру үшін, жұдырықтарыңызды түйіңіздер де, бірнеше рет терең тыныс алыңыздар. Жаттығу: “Суретті аяқта да жалғастыр” Мақсаты: Жүйке-психикалық күшті түсіру, топтың белсенділігін арттыру. Нұсқау: “Бір ақ парақтан және өзіңізге ұнайтын түсті қарындашты таңдап алыңыз. Мен шапалақ соққанда, өзіңіздің қалауыңыз бойынша, сурет салыңыз. Мен келесі шапалақ соққанда суретіңіз бен қарындашыңызды оң жағыңдағы көршіңе бересіз. Сурет шеңбер бойымен айналып қожайынына келгенше жаттығу жалғасады. Мүмкін біреу өзінің суретін жалғастырғысы келетін шығар, өзгерткісі келетін шығар. Немесе қайтадан салғысы келетін болар?” Анализ: Сізге суретіңіз ұнады ма? Өз ойларыңызбен бөлісіңіз? Басқа адамның суретін жалғастыру қиын ба? Назарларыңызға рахмет! Келесі жүздескенше сау саламатта болыңыздар!