Зерттеу ж?мысы Кіші жас о?ушыларын кітап о?у?а баулу


Ақмола облысы Шортанды ауданы Жолымбет №2 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хыдырхан Майра Оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып кітап оқуға қызығушылығын арттыру Мақсаты: • Кітап неге оқылмайды?- деген сауалдың жауабын жан-жақты іздеу.• Баланы жасынан кітап құмарлыққа баулу;• Бұл мақсатқа жету жолдарын зерттеу, жүзеге асыру. Ұзақ жыл бастауыш сыныпта ұстаздық еткенде жинақтаған іс-тәжірибеме сүйене отырып, баланың кітап оқуға қызықушылығын арттырудың жолдарын айқындап алдым. • Ертегі оқу, айту.• Көркем әдебиеттер көрмесі.• Көркем шығарманы «Болжау» стратегиясын қолданып оқу.• Шығарма желісі бойынша сценарий дайындап көрініс қою   жанұя мүшелеріне• Белгілі бір тұлғаға еліктеу мұғалімге сыныптасына • Оқыған мәтінінін мазмұнына сурет салу.• «Кітап оқу күні» аптаның бір күнін белгілеу.• Отбасының ықпалы, ата-анаға кеңес. Сыныпта көркем әдебиеттер, қызықты ертегілер көрмесін ұйымдастырып, оқушылардың кітапқа деген қызықушылығын басым екенін байқадым. Көрме ұйымдастыруды әр тоқсанда бір рет және үйдегі «Мен оқыған кітабым, сағанда білім сыйласын» деген тақырыпта кітап алмастыру акциясында жүргізуді жөн көрдік. Менің сүйікті кітабым Кітап көрмесі -Кейбір әңгімелерді оқығанда болжау стратегиясын қолданып , бір абзацды оқимында; - Ары қарай не болады деп ойлайсыңдар? – деп сұраймын. Олар өз болжамдарын айтады. Бұл әдіс бала қиялына қанат бітіріп, алдағы оқиғаны болжай алуға, ойын іркілмей айтуға үйрете отырып әңгімені алдын-ала оқуға итермелейді. Әліппе оқулығындағы «Ай мен Әтеш» ертегісіне берілген суретті әңгімелеттім. Осы әдісті қолдануымдағы басты мақсат: Жас баланың қиялын, тіл байлығын, ой жүй-ріктігін дамыту және «енді не болар екен» -деген ынтызарлығын ояту. Кейде жартылай оқып, қызықты жеріне келгенде қалғанын ертең жалғастырайын – деймін. Қынжыла үйлеріне қайтып, ертеңінде асыға мектепке келеді. Болжау стратегиясы бойынша өз болжамын айту ... Оқыған мәтін, әңгіменің мазмұнына сурет салу оқушылардың қызыға орындайтын жұмысының бірі. Мен бұл әдісті әрбір өзім сабақ берген сыныптарда топтық жұмыста жиі қолданамын. Бұл мазмұндауға, өз ойын толық жеткізе алмайтын оқушыларға әңгіме мазмұнын түсінуіне септігін тигізе отырып, шағын әңгімелерді оқуға оқушының қызығушылығын арттырады. Мәтін мазмұны бойынша сурет салу « Жас өнерпаздар» үйірмесін ашып жұмыс істеудемін. «Алма» , «Шалқан» ертегілердің желісі бойынша көрініс қойдық. Қазір «Мияулаған кім?» ертегісіне сценарий дайындау үстіндеміз, алдағы бастауыш сынып апталығына көрсетуге жоспарлап отырмыз. Оқушылар қойылымдық көріністерді ұнатып, шағын ертегілерді оқып, осыны ойнайық- деп тілек білдіре бастапды. Бұл рөлдік көріністер баланың ақыл-ойын, тілдік қорын, байланыстырып сөйлеу қабілетін жетілдіре отырып жасынан өнерге баулу, мәдениеттілікке тәрбиелеу, өзін көпшіліктін алдында еркін ұстауға, көркем шығармағақызықушылығын арттыруға сөзсіз септігін тигізеді. көрініске дайындық жұмыстары “Мияулаған кім?” ертегісінен үзінді Қуыршақ театры “Жыл басына таласқан хайуанаттар” ертегісіне дайындық үстінде Бастауыш сыныптар арасында «Мәнерлеп оқу» байқауын ұйымдастырдық. Бұл байқау, мектебімізде дәстүрлі түрде үшінші рет өтіп тұр. Биыл біздің сыныптан Жұлдыз, Перизат, Шынар, Олжас, Роза, Жібек, Меруерт,Арман, Айжұлдыз, Айғаным, Аяулым, Ақжолдар қатысты. Аудандық Абай, Мұқағали оқуларына қатысып жүлделі орындардан көрінуде.Бұндай байқаулардың өткізілуі жас ұрпақты кішкентайынан өлеңге жаны құмар, сөзге шешен, тапқыр сөйлеуге тәрбиелеумен қатар көркем әдебиетке қызығушылығын арттыруы сөзсіз. Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы Осы тұрған оқушылардың барлығы Ұлы Абайдың 4-5 өлеңдерін жаттап, оқуға дайын тұрганы. Мәнерлеп оқу сәтіненПеризат, Арман, Жұлдыздардың оқуын қазылар алқасы жоғары бағалап, ары қарай аудандық мәнерлеп оқу байқауына қатысуына жолдама берді. Шынар аудандық Абай оқуында 2-орын иеленді. Оқу жылының басынан жүргізген осы іс-шаралардың арқасында оқушыларымның кітапқа деген ынтасынын артқанын байқадым. 15 минуттық үзіліс кезінде Перизат, Жұлдыз, Шынар сынды оқушыларым үнемі қызықты кітаптар ала келіп, балаларды жинап, оқып, пікірталасқа түсіп жатқаны мені қуантады. Бәрі үйлерінен ертегілер, танымдық кітаптар әкеліп, достарымен бөлісіп, талқылауға кіріседі. «Мен оқыған кітабым, сағанда білім сыйласын» деген тақырыпта кітап алмастыру акциясында жүргізуді жөн көрдік. Мен оқиын, сендер тыңдаңдар. үзіліс кезінде Перизаттың өзі оқыған, аспан әлемінің сырларымен бөлісу үстінде.Бірге қызықтайық, сырын ұғынайық... Назарларыңызға рақмет!!!