Презентация математикадан ?ылыми ж?мыс Те?деу т?рмыста


Аманғалиева Аңсағаным 7 - сынып Қаратөбе мектеп - гимназиясы Теңдеу тұрмыста. Жұмыстың өзектілігі Қазіргі жағдайда математикалық біліммен, әсіресе теңдеу ұғымымен және оның өзіндік әдіс-тәсілдерімен, арнайы тілімен қарулану қоғам мүшелерінің қай саласына болса да аса қажетті. Оқу пәні ретінде математика оқушылардың белгілі бір білім көлемін игеруін көздейді. Математикалық теңдеулер нақты түрде ұсынылмайды тікелей оқушыны қоршаған ортамен байланыстырады, демек олардың танымдық қызығушылығын тудырады, ғылыми көзқарасын қалыптастырады. Егер адам шындыққа құмар жан болса, онда өмірдің қойған сансыз сауалдарына жауап беруге тырысады деген ойдамын. Теңдеулер тек математикада емес, сонымен қатар теңдеулер – өмірдің сан алуан белгісіз, құпия, сыры ашылмаған, әлі беймәлім, тығырықтан шығар жолды іздеумен, тек ізденумен жұмыс жасауды қажет етеді. Кез келген оқиғаның ақиқат не жалған екендігіне көз жеткізу дұрыс деп білемін. Мақсаты: Теңдеулердің өмірмен байланысын сезіну, оларды шығару, толық баяндау, шешу әдістерін қарастыру және мысалдармен бекіту. Ғылыми жұмыстың міндеттері: теңдеулер түсінігін ашып көрсету;теңдеулерді дәлелдеу;теңдеулерді шешу әдістерін қарастыру;теңдеулердің математикадағы орнын танып білу. Сондықтан да, әрбір оқушы математикалық сауатты болу үшін мынадай міндеттерді жүзеге асыру керек. Ақыл-ойды дамыту. Математикалық іс-әрекеттің сипатына сай ойлауды қалыптастыру.Қоғамдық өмір практикасына қажетті математикалық ойлауды қалыптастыру.Математикалық білімді игеру мақсатында практикада қолдану.Болмысты, табиғат пен қоғамды тануға қажет математикалық мазмұндай білу.Алдына қойылған сұрауға немесе есепті шығаруға оптимальды (жылдам, сенімді және дұрыс) жауап беруге дағдылану, ұмтылу. Осы мақсатты ескере отырып, математикаға қызығушылығымды арттыру барысында ойлау қабілетімді дамыту үшін әртүрлі теңдеуге қатысты есептерді шешуді жүзеге асыруды жөн көрдім. Теңдеулер математикалық олимпиадаларда, әр түрлі жарыстарда жиі қолданылады, және өмірмен тығыз байланысты. Зерттеу әдістеріБұл жұмысты жазу барысында ғылыми әдебиеттермен жұмыс, жинақтау, жүйелеу, түсіндірмелі әдістер, зерттеулер қолданылады. Мазмұны:І. Жұмыстың сипаттамасыІІ. Кіріспе ІІІ. Зерттеу бөлімі:1.Есептерді шығару алгоритмі2.«Теңдеулер шешу» тақырыбына ұсынылатын есептер3.Барлығы қанша қарға?4.Кетті бірге нешеуі?5.Дүкенде6.Фотосуретші7.Ойын-сауық кешінде 8.Теңдеу біз үшін ойлайды.IV. ҚорытындыV. Қолданылған әдебиеттер КіріспеШығамын десең биік шыңның басына,Адал досың – Біліміңді ал қасыңа.Зула, топ жар! Бәйгеге түс, бекем бол,Тула, толқы, шығар барлық теңдеуді! адамдар бір шаруаның шешімін таппағанда, түсініксіз тығырыққа тірелгенде, бұл бір ЖҰМБАҚ НӘРСЕ екен деп айтып жатады. Ал математиканың жұмбағы –ТЕҢДЕУЛЕР.Теңдеу дегеніміз құрамында мәнін табу керек болатын әрпі бар теңдік. Теңдеуді шешу дегеніміз оның барлық түбірлерін табу немесе оның бірден-бір түбірі болмайтынына көз жеткізу. Теңдеуді тура санды теңдікке айналдыратын әріптің мәні теңдедің түбірі деп аталады. Мысалы, 7x+5=26 – теңдеу7х=26-5х=21:7x=33- саны теңдеудің түбірі Франсуа Виет(1540-1603)-атақты француз математигі.Виет белгісіз сандардың орнына әріптерді пайдалануды ұсынған. Рене Декарт(1596-1650)-атақты француз математигі.Ол белгісіз санды немесе шаманы х,у,z әріптерімен белгілеуді ұсынған (1637). Теңдеуді теңдеудегі белгісіздері бар қосылғыштарды теңдеудің бір жағына, белгісіздері жоқ қосылғыштарды екінші жағына көшіру арқылы шешуге болады. Ол үшін:1) Барлық айырымдарды қосынды түрінде жазу керек;2) Сәйкес қосылғыштарды қарама-қарсы таңбамен теңдеудің екінші жағына көшіру керек. Теңдеу құру арқылы шығарылатын есептерді шығару алгоритмі:Есептің құруға берілген есептерін шығару үшін;Белгісіз шамаларды анықтау.Теңдеу құру;Теңдеуді шешу;Теңдеудің шешімдерін зерттеу.Есепті тексеру;Есептің толық жауабын жазу, шарттарын орындау қажет. 3.2. «Теңдеулер шешу» тақырыбына ұсынылатын есептер:  «Барлығы қанша қарға?»Келеді ұшып екі қарға,Топ достарын ертіп талғаБолды елу әлгі жиынСанағанда демей қиын.Болмаңыздар әбігер,Шешімі табылар бәрі бір. Айтпай есеп шарты кім,Теңдеу құру тәртібін?Жауабы: 2+х=50, х=48 қарға «Кетті бірге нешеуі»Кездесіп бір топ аңменен, Болды 30 бас малменен. Олар кетті қоштасып,Үш түлкімен достасып.Теңдеуді ойлап құрыңыз,Мал санын айта тұрыңыз.Жауабы: х+3=30, х=27 бас мал Дүкенде Барлығы 770 дәптер сатып алынды. Оның 230-ы торкөз дәптер,385-і әліппе дәптер,ал қалғаны-жол дәптер.Қанша жол дәптер сатып алынды? 230+385+х=770 х=770-615 х=85 Жауабы:85 жол дәптері Фотосуретші Фотосуретші 20 мектепті аралады.20 мектептің әрқайсысынан 24 сурет шыққан.Ол сол суреттердің 400-ін тегін,ал қалғандарын ақылы шығарды.Ол қаншасын ақылы шығарды? 400+х=20*24 400+х=480 х=80 Жауабы:80 суретті ақылы шығарған Ойын-сауық кешінде Ойын-сауық кешінде 20 биші болған. Мария жеті жігітпен, Ольга сегіз жігітпен, Вера тоғыз жігітпен билеген, ал Нинаның өзі жігіттердің барлығымен билеген. Ойын-сауық кешінде қанша биші жігіт болған? Ш ЕШУ I: Егер белгісізді сәтті таңдап алса, есеп өте оңай шешіледі. Биші жігіттердің саньн емес, биші қыздардың санын іздейміз, оны х арқылы белгілейік: 1- Мария 6+1 жігітпен биледі 2- Ольга 6+2 —»— 3- Вера 6 + 3 —»— х- Нина 6 + х—»— Мынадай теңдеу құрамыз: х+(6 +х) =20, бұдан х=7, сондықтан биші жігіттердің саны : 20-7 = 13. 3.6. Теңдеу біз үшін ойлайды. Егер сендер теңдеудің кей кездерде біздің өзімізден гөрі алдын ала болжағыштығына күмәнданатын болсандар, мына есепті шығарып көріңдер. Әкесі 32 жаста, баласы 5 жаста. Қанша жылдан кейін әкесінің жасы баласының жасынан 10 есе үлкен болады? Ізделіп отырған мерзімді х арқылы белгілейік. х жыл өткен соң әкесі 32 + х, баласы 5+х жаста болады. Әкесінің жасы ол кезде баласының жасынан 10 есе үлкен болуы себепті, мынадай теңдеу шығады: 32+х=10(5+х). Мұны шешіп, х=-2 болатынын табамыз. «Минус 2 жылдан соң» деген «екі жыл бұрын» деген сөз. Біз теңдеу құрған кезімізде, болашақта ешқашан әкесінің жасы баласының жасынан 10 есе үлкен бола алмайтынын ескермегенбіз— ондай қатынас тек өткен уақытта ғана болуы мүмкін еді. Теңдеу бізден өткен ойлампаз болды және де өзіміз жіберіп алған ағаттықты ескертті. Жұмыстың ғылыми жаңалығы Қазіргі таңда жылма жыл есептердің күрделенуі, есептерді шығарудың әр түрлі әдістері, жаңаша есептердің енуі, өмірлік заңдылықтардан туындаған мәселелерді теңдеулер құру арқылы шығару өте маңызды. Теңдеу бұл тылсым дүниенің жұмбағын шеше білу іспетті. Қорытынды. Әр түрлі теңдеулерді шешуді жүзеге асыруда есептеудің тәсілдерін көрсеттім. Бұл жұмыста біріншіден, теңдеулердің шығару жолдары көрсетіледі. Екіншіден, ұлттық мазмұнды логикалық есептерді шығарудағы қиыншылықтар, олардың алатын орны көрсетіледі. Үшіншіден, теңдеулерді шығарудағы есептеудің тәсілдері қарастырылады. Қазақ халқының математикалық білімінің тамыры терең. Ол қазіргі тілмен алғанда санаудың әртүрлі жүйесін, мәселен үштік пайдаланған. Қазақтың қара есебі өмір қажеттілігінен туындаған. Қазақ халқының тәрбиесінің математикалық астары да түрліше. Олар: 1. Жұмбақ есеп 2. Өлең есеп 3. Ертегі есеп Бұл есептерді дұрыс теңдеу құру арқылы шығарсақ, қателеспейміз деп ойлаймын. Ғасырлар бойы даналығымен, өміршеңдігімен дәлелденген халықтық есептер үлгілері- тәрбиенің қайнар көзі болып табылады Ойлау барысында менің дербес жұмыс істеу мүмкіндігім, көңіл қоя білу қабілетім дамыды. Зерттеу барысында жүргізілетін жұмыстар қарапайымнан басталып, біртіндеп қиындап, танымдық қызметін белсендіруге назар аударылады. Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысы менің зор ынтамды тудырды, білгенімді тереңдетіп, жаңа іс-қимылға жетеледі Сондықтанда бұл шығармашылық жұмыс келешекте менің жолдастарыма өз білімдерін тереңдетуіне көмектесетіне сенімдімін. Қолданылған әдебиеттер. 1. Глеман М, Варга Т. Вероятность в играх и развлечениях.- М, Просвещение, 1979. 2. Ж.А.Елшебай «Зерек» Алматы 1991ж. 3. Математика в школе. Рубрика «Математический календарь» 1985г 4. Математика және физика журналдары7. П.Я.Депман, Н.Я.Виленкин За старницами учебника математики. М:»Просвещение» 1989г. 4. С. Ерубаев «Қазақтың байырғы есептері» 5.Тарасов Л.В. Элементы и приложения теории вероятностей в школе. 6.Т.А.Алдамуратова. Математика 5-сынып