Презентация по информатике на тему
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, БЖШО Исағұлова Айнұр Омаржанқызы – “Компьютер” үйірмесінің мұғалімі Сабақтың мақсаты: «Блокнот» бағдарламасымен таныстыра отырып, «Алтын балық» иесіне жету.Сабақтың міндеті:Білімділік: «Блокнот» бағдарламасына қысқаша мағлұмат беру, сақтау, ашу және жабу командаларын, баспаға шығару командаларын үйрету.Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын дамыта отырып, командалармен жұмыс істеу дағдыларын арттыру.Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікке, өз-өздерін бағалауға және компьютерде дұрыс отыруға тәрбиелеу. Қауіпсіздік ережелерін және компьютерде дұрыс отыру ережелерін еске түсіру және мозайка жинау. Бұл кезеңде балықтың суреті берілген. Ал сурет ылғалданып, кішкене қағаз бөлшектерге айналып кеткен. Сондықтан сол бөлшектерді құрастырып толық балықтың суретін құрастыру қажет. Тапсырманы бірінші болып орындаған оқушыға 1 балық беріледі. Үй тапсырмасын сұрау. Жетектегіш бағдарламасы дегеніміз не?Файл дегеніміз не?Қалта не үшін қажет?Компьютердің негізгі мәзірі қалай аталады?Жетектегіш бағдарламасын қалай іске қосамыз?Қандай ақпараттық өлшемдерді білесіңдер?Терезе дегеніміз не?Корзина не үшін қажет?«Мой компьютер» папкасында нелер орналасқан?Жетектегіш терезесі қандай бөліктерден тұрады? Жаңа сабақты түсіндіру Сөзжұмбақты шешіңдер: О Т Б Л О К Н О Т А А Ф Ь Й Т Қ А Л Ю О М П Қ А Ш Ы Т И Т М Н И Т О Р Е Р С Е Ц П Р С Р О Блокнот – кішігірім мәтіндік файлдармен жұмыс істеуге арналған редактор. Оның мүмкіндігі көптеген қарапайым мәтіндік редакторлар мүмкіндіктеріне қарағанда төмендеу.Оның бір талассыз жақсы жағы бар – ол қарапайым әрі жинақы жұмыс істеуге мүмкіндік береді, жедел жадта тіптен ешқандай орын алмайды десе де болады және басқа программалардың қатарласа жұмыс істеуіне ешбір кедергісін тигізбейді.Бұл бағдарламаны іске қосу үшін:Пуск Все программы Стандартные БлокнотОсы команданы орындаған кезде Блокнот бағдарламасының терезесі шығады. «Блокнот» бағдарламасының терезесі. Терезенің бірінші жол тақырып жолағы деп аталады. Тақырып жолағында 3 батырма орналасқан. Терезені тапсырмалар үстіне батырма етіп қою Терезенің бастапқы өлшемдерін қалпына келтіру Терезені жабу Терезені барынша кішірейту Тақырып жолағының астында мәзір жолағы орналасқан. Әр мәзір әрқандай қызмет атқарады. 3-ші жол жұмыс парағы деп аталады. Бұл парақта әр түрлі мәтіндерді терсе болады.Блокнот мәтінді форматтамай (қарпін өзгертпей, безендірмей) тек қана оның сөздерінен тұратын файлдарды дайындайды және дискіде сақтайды. Көптеген жағдайларда, мысалы, командалық файлдарды дайындау, түзету немесе модем арқылы жіберілетін хатты дайындау кездерінде бұл шынында да жылдам істейтін, таптырмайтын қосымша программа екеніне көзіңіз жетеді.Блокнот тек бір ғана қаріп түрін (жүйелік шрифт) ғана пайдаланады. Мұнда мәтін фрагменттерімен жұмыс істеу ісі, керекті символдарды іздестіру, мәтінді файлдарға жазу мен оқу, баспаға шығару жұмыстары жақсы жолға қойылған. Құжатты сақтау үшін Файл Сохранить как командасын орындау керек. Файлдың атын жазып, Сохранить батырмасын басу керек. Блокнот бағдарламасындағы құжат .txt кеңейтімі арқылы сақталады. Қаріптің түрін, өлшемін өзгерту үшін мәзір жолағынан Формат Шрифт командасын орындау керек. Құжатты баспаға шығару үшін Файл Печать командасын орындау керек. Мұнда ойын ойналады. Ойын «3, 13, 33» деп аталады. «3» деген кезде қол алға созылады, «13» деген кезде екі жаққа созылады, ал 33 дегенде қолды жоғары көтерілу керек. Мұны дұрыс орындамаған немесе қолын ауыстырып созған оқушы ойыннан шығады. 1. «Блокнот» бағдарламасын ашу.2. Карточкадағы «Алтын балық» ертегісінің мәтіндерді тергізу.3. Мәтінді «Алтын балық» деп, Жұмыс үстеліне сақтау. Орнымыздан тұрайық. Көзімізді жұмып, ашпай тұрып 10 рет жылдам көзіңізді кысыңыз. Көзімізді ашып, 10 рет жақсылап көзімізді жыпылықтаймыз. Ең соғында таң қаларлықтай 10 рет кең ашып қабағыңызды түйіңіз.Саусақтарға жылу тарайтындай етіп, алақанымызды күшпен ысқылаймыз. Саусақ үштарымен көздеріміздің жанындағы шекеңізді дөңгелете ұқалаймыз. Жартылай жабық қабағыңызды еркін ұстаңыз. Терезеге қараймыз. Арқаңызды бос ұстап тұрып ең бір алыс нүктеге қараңыз. Терең тыныс алып, назарыңызды мұрныңыздың ұшына аударыңыз. Тыныс алып, тағы бір нүктеге қарап қабағыңыздың арасына қараңыз.Қабақтарыңызды жартылай жауып, көздеріңізді жаймен айналдырыңыз. Алдымен бір жаққа, содан басқа жаққа қарай бес-бестен толық айналаым жасаңыз. Басыңызды оңға, солға, жоғары, төмен айналдырыңыз. Бірнеше айналым жасаңыз. Бұл кезеңде оқушылар көптеп балық ұстау керек. Мұндағы балықтардың ерекшеліктері бар. Әр балықтың артында сұрақтар жасырылған. Ал оқушылардың міндеті осы сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы ұпай жинау. Кез келген 1 оқушы шығып жасырылған сұраққа жауап береді. Дұрыс жауап 1 балық. Егер, жауап қате немесе толық болмаса басқа оқушысы жауап береді. Ол кезде жауап 1 балыққа бағаланады.
«Блокнот» бағдарламасын оқу. «Алтын балық» ертегін оқып келу. Сау болыңыздар! Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!