?йде о?итын о?ушымен ж?мыс баяндама


Үйде оқитын оқушы Болысбекқызы Аяжанмен жүргізілген жұмыстар түрі. Елімізде бала құқығын қорғау туралы заңды іске асыру негізгі міндет болса, білім саласында бала мектептен 11жылдық білімді тегін алып, адамның бар жақсы қасиеттеріне тәрбиеленеді. Мүмкіндігі шектеулі балалар. 18 жасқа дейінгі денсаулығына, жүйке ауруына байланысты, өмір сүруі шектеулі, туа біткенен бастап аурулы, жарақаты бар, белгіленген тәртібіне байланысты болады.Қазіргі заманда мүмкіндігі шектеулі балалардың да жақсы білім мен тәрбие алып шығуына да мүмкіндіктер жасалған. Мектебімізде осындай балалар қатарына жататын 2 оқушы бар, оның бірі менің сыныбымның оқушысы Болысбекқызы Аяжан.(фото) Үйде оқу себебі: Зависимый сахарный диабет.(қаз жазу)Мүгедектік туралы анықмасы бар. Жыл сайын тексеріліп осы анықтаманы алып отырады. Аяжан 2012жылдың 1 наурызынан бастап Қызылорда облысы,Қазалы ауданынан Глазунов метебіне 2 «Б» сыныбына ауысып келді. Оқушының отбасында әкесі, анасы, және 2қыз бала,2 ер бала бар. Көп балалы отбасына жатады. Отбасылық жағдайы төмен. Мектеп тарапынан көмек көрсетіліп тұрады.Отбасының жағдайын әлеуметтік педагог, сынып жетекшісі, мектеп басшылығы бақылап отырады. Үйде оқитын оқушының құжаттары, басқа да керекті жүргізіліп отыратын іс қағаздарын «Үйде оқыту жүйесін ұйымдастыру туралы әдістемелік білдірмелер»- ге сүеніп жасаймын. Үйде оқитын оқушыға арналған керекті құжатар тізімі.Үйде оқуға қажетті құқұқтық іс қағаздар.Білім беру жүйесін ұйымдастыру.Оқу сабағы жүктемесі, оқыту әдістері.Оқу жоспарын жасау.Үйде оқыту туралы тексеру нұсқаулары. Оқушыға жыл басында тексеріп, бекітілген күнтізбелік жоспар бойынша сабақ өтіп жатыр. Аптасына 6 сағат: 3 математика пәні, қазақ тілі, әдебиеттік оқу, орыс тілі 1сағаттан өтеді. Оқушыға мектептеп кітапханасынан математика, қазақ тілі, әдебиеттік пән оқулықтары берілген. Сонымен қатар оқушыда оқу құралдарының барлығы бар. Сынып жетекшісі оқу бөлімінің меңгерушісімен, ата-анасымен келісе отырып сабақ кестесін жасайды, және ол мектеп басшысымен бекітіледі. Күнтізбелік жоспар негізгі 3 «Б» сыныбының пәндерге арналган жоспарынан, жеңіл тақырыптар таңдап алынған. Әр пәннің өтуіне 35 минут уақыт бөлінген. Күнделікті сабақ жоспары мына түрде жасалады: Күні-айы: Пән атауы:Сабақтың тақырыбы:Білімділік:Дамытушылық:Тәрбиелік:Ретке келтіру:Сабақ көрнекілігі:Сабақтағы мұғалімнің іс-әрекеті:Мұғалімнің талаптарына сай оқушының іс әрекеті:Мұғалімнің бақылауы(+,-):Оқушының ата-анасына нұсқау беру:Ата-анасының қолы:________________________Сынып жетекшісінің қолы: _________________ Мен сабағымды жобамен мынадай үлгіде өткіземін. ?Сабағымды 5мин ұйымдастыру кезеңіне жіберуден бастаймын, оқушының көңіл күйін бақылап, сабаққа дайындаймың. 5мин 2,3мин үй тапсырмасын сұраймын (көп уақытта берілмейді), 10мин сабақ түсіндіруге жіберсем, 10 мин жазба немесе, оқу жұмысына жіберемін, 5мин үйге берілген тапсырманы түсіндіремін. 2мин үй тапсырмасын жазып бағасын айтуға кетеді. Оқушының әр сабақтағы көңіл күйі, мінез құлқы, қатысуы туралы күделік толтырылып отырады. Оқушының қазіргі жағдайына келіп тоқталатын болсақ , оқушы былтырғыға қарағанда жиі ауырады, желтоқсан айында 15 күнге ауруханаға жатып келді, оқушының оқу және жазу белсенділігі төмендегені байқалады.Өткен жылы пәндер бойынша 4деген бағаға шықса, осы оқу жылының І-ІІтоқсанында, орыс тілі, математика пәндерінен 3 деген бағаға шықты. Оқушы дәптері: Оқушы шығармашылығы: Осы баяндамамның соңында сіздерді Үйде оқитын оқушысы бар мекемені тексеру барысында болу керек құжаттармен таныстырып өтейін.*Қажетті құқықтық құжаттардың үйден оқыту жөніндегі нұсқау ережелері. *Білім бөлімінің бұйрығы.*Білім бағдарламасының сәйкестігі.(оқыту жоспары)*Мектеп құжаттарын толтыру барысында-ВКК анықтамасы-ПМПК қорытындысы.-Ата-ана арызы.-Мектепішілік бұйрық.*Сабақ кестесінің мектеп директоры және ата-ана келісімімен бекітілген нұсқасы.*Мұғалімнің дәрежесі, өтілі.*Мектепішілік жоспардағы үйденоқыту жөніндегі мәселелер. Назарларыңызға рақмет!