?аза? тілінен презентация ?аза? тілін зерттеген ?алымдар. Ода?ай (9 сынып)
Қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, түрколог, филология ғылымының докторы, профессор. Н. Сауранбаев 1950 жылдардан бастап қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясы туралы мәселелермен шұғылданды. Еңбектері: “Қазақ әдеби тілінің дамуындағы Абайдың рөлі”; “Қазақ тілінің жасалуы туралы”; “Қазіргі қазақ тіліндегі диалектілер” “Қазақ әдеби тілінің тарихын зерттеу туралы” Ғұбайдолла Айдаров – ғалым, профессор, филология ғылымының докторы, 250-ден астам ғылыми-зерттеу еңбектер жазған. Оның еңбектері түркі жазба ескерткіштерін зерттеуге арналған. Ол көне түркі ескерткіштерінің мәтіндерін жан-жақты талдаған. В. В. Радлов – есімі әлемге әйгілі түрколог, Шығысты зерттеуші ғалым. 1884 жылы Орыс академиясына мүше болды. Он бір жыл бойы Сібір, Алтай, Қырым, Түркістанды аралап, ондағы халықтардың әдеби мұраларын жинайды. В. Томсенмен бірге Орхон – Енисей жазуын оқиды. “Түрік тайпалы халықтардың әдебиет үлгілері” атты еңбегі жарияланады, төрт томдық “Түрік тілінің сөздігін” құрастырады. Академик В.В.Бартольд шығыстану ғылымының аса көрнекті өкілі, әйгілі тарихшы. Ол Орталық Азияны зерттеп, аса құнды еңбектер жазған. Түрік – Моңғол көне елдері мен тайпаларының тарихын зерттеген. 1893 – 1894 жылдары Жетісу өлкесінде болып, парсы және шығыстың әдеби мұраларын зерттеп, “Жетісу тарихының шежіресі” еңбегін жазады. Дұрыс жауабы: Василий Васильевич Радлов (1837-1918) Белгілі түрколог, Шығысты зерттеуші ғалым. Нығмет Тінәліұлы Сауранбаев (1910-1958) Қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, түрколог, филология ғылымының докторы, профессор Василий Владимирович Бартольд(1869-1930) Академик, шығыстану ғылымының аса көрнекті өкілі. Белгілі тарихшы Ғұбайдолла Айдаров(1921 ж.туған) Ғалым, филология ғылымының докторы “Ғалымды тап” Қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, түрколог, филология ғылымының докторы, профессор Нығмет Тінәліұлы Сауранбаев(1910-1958) Академик, шығыстану ғылымының аса көрнекті өкілі. Белгілі тарихшы. Василий Владимирович Бартольд(1869-1930) Белгілі түрколог, Шығысты зерттеуші ғалым Василий Васильевич Радлов(1837-1918) Ғалым, филология ғылымының докторы Ғұбайдолла Айдаров(1921 ж.туған) 1. Қазақ тіл білімін зерттеуші ғалымдар туралы оқу; 2. Одағайлармен сөйлем құрау (5 сөйлем).