Открытый урок Махаббатсыз д?ние бос… Абай


Мен ылғи көңілден Махаббат дегеніміз қасиетті құбылыс деп санаймын. Оның әрбір көрінісі – жұбайлық, ата-аналық, балалар махаббаты, қоршаған әлемге деген құштарлық бізді одан әрі ізгілікке бастап, жетілдіре түседі. С. Назарбаева О, Махаббат аяулы асыл сезім, Арнамаған бар ма екен саған сөзін.Мекендеген жер үстін жан иесін.Баурамаған бар ма екен сірә кезің.Асыл сезім жаралған ізгіліктен Талпынады жан біткен ізгі үмітпен Сенен шығып, тарайды сенен ғанаБар жақсылық атауы бізді күткен.Дүние бос, өмір жоқ сенсіз жердеТең саналар хайуанмен сенсіз пенде.Адамдықтың, ізгілік, ұлылықтыңБиігіне жетудің кілті сенде.Ұлы сезім, шегің жоқ, шеңберің жоқ,Бір қарасақ өзіңсіз елдгі көп.Түрлерің көп, қырларың, сырларың көп,Ең қол жетпес және жердегі жоқ.Адамдағы қымбаттың, қасиеттіңҚадіріне жетуді ғасыл еттіңСен бар жерде бақытты жан атаулы,Сен жоқ жерде басында қасірет-мұң.О, махаббат берілген тек адамғаНұрың түспес жан бар ма бұл ғаламда Тек қадірін түсіну, құрбан болуБұйырмаған жердегі әр адамға. Бір ғұлама «мына өмірде махаббаттан тәтті еш нәрсе жоқ, ал кездесе қалған қуаныштың барлығы да екінші орындағы нәрселер» деген екен. Ал, рух – достыққа, ақыл- сыйластыққа, тән – көңілге, осы үшеуінің қосылуы махаббатқа ықпал етеді деген сөз. Шынайы махаббаттың құрбаны болғаны адам бақыты. Шынайы махаббат күшінің құдіреттілігі сондай мылқауға тіл бітіріп, соқырға жанар береді, ауруды жазып, өліні тірілтеді. Махаббат айдынында жүзіп жүрген жан тәтті сезім мен қиял құшағында болады. Сол айдында өмірінің соңына дейін жүзе беруді қалап, жағалауға шыққысы келмейтіні хақ. Керемет өмірдің сәнін келтіретін дүние – ол махаббат.