Презентация по химии на тему Реакция те?деуі бойынша ?оспаны? ??рамында?ы затты? массалы? ?лесін,массасын аны?тау


Алматы облысы. Жамбыл ауданы “Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі МДШО”мемлекеттік мекемесі Тақырыбы:Экологиялық мазмұндағы есептер шығару.«Реакция теңдеуі бойынша қоспаның құрамындағы заттың массалық үлесін,массасын анықтау»Пән мұғалімі:Нургалиева М.А. Сабақтың мақсатыБілімділік: логикалық сұрақтарды пайдалана отырып, оқушылардың қоршаған ортаны қорғау, экологиялық проблемаларды шешу жолдары туралы ой-түсініктерін қалыптастыру, экологиялық мазмұндағы есептерді шығаруға үйрету.Дамытушылық:Экологиялық жағдайлардың төмендеуіне әсер ететін факторлар жайлы, оларды болдырмаудың әдіс-тәсілдері жайлы ойларын дамыту, ғылыми сауаттылығын арттыру.Тәрбиелік:Әр сабақтан алған білімдерін күнделікті өмірде, тұрмыста, кез-келген жағдаяттардан шығу мақсатында пайдалана білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Есеп шығаруСабақтың әдісі: СКТ технологиясын пайдалану, Сабақтың көрнекілігі: АКТ технологиясын пайдалану, слайдтар Сұрақтарды қарастыру.Сатылай Кешенді Талдау әдісі арқылы жүргізіледі. Темірге жалпы сипаттама беріп кетейік.ПЕРИОДТЫҚ ЖҮЙЕДЕГІ ОРНЫАТОМ ҚҰРЫЛЫСЫТАБИҒАТТА ТАРАЛУЫ (КАРТА ПАЙДАЛАНУ)ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТІ ҚОЛДАНЫЛУЫ Тест «Металдардың жалпы қасиеттері»1)Жер қыртысында ең көп таралған металл: 1.Темір 2. Титан 3. Мыс 4. Кальций2) Тек металдар орналасқан қатарды көрсетіңіз: 1.Са, Zn, Cr 2. B, As, Te 3. O, S, Se 4. Pb, Sn, Si3)Металдарға тән емес физикалық қасиет:1.Электр өткізгіштігі 2. Жылу өткізгіштігі 3. Созылғыш, иілгіш 4.Жылу өткізбейтіндігі4) Ауады тотықпайтын металл:1.Na 2. Au 3. Al 4. Mg 5) Натрий суда ерігенде түзілетін заттардың бірі:1.Натрий оксиді 2. Натрий гидрооксиді 3. Натрий гидриді 4.Натрий пероксиді6) Сілтілік металдар атомдарының сыртқы энергетикалық деңгейінің жалпы электрондық формуласы:1.ns2 2. ns1 3. ns2 np1 4.ns2 np2 {2D5ABB26-0587-4C30-8999-92F81FD0307C}123456114222Дұрыс жауаптары III. Жаңа сабақ түсіндіру – Қазіргі экологиялық жағдай туралы аздаған мәлімет алайық“ Ой – толғаныс немесе “Мағынаны ашу” БББ кестесін толтырайық.{5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A}БілемінЭкология. Өнімнің массасын есептеуді білеміз.Білгім келедіЛогикалық сұрақтардың , экологиялық мазмұндағы есептердің мазмұнын ашуБілдім Жер бетіндегі экологиялық жағдайдың өзгеруі ғылыми техникалық прогресстің өзгеруімен тығыз байланысты. Қоршаған ортаға адамзаттың араласуынан тұрмыстық, өндірістік қалдықтар көбейіп, қоқыстар пайда болуда, ондай қоқыстарды ашық ауада қалдыру, әсіресе, өндіріс орындары көп шоғырланған Қарағанды, Екібастұз, Жезқазған, Шығыс Қазақстан жерлерінде өте қауіпті. Себебі, олар желмен, сумен ауаға, топыраққа тарап қоршаған ортаны ластайды. Тыныс алу жолдары,өкпе,тері ауруларының көбеюіне әкеліп соқтыруда. Семей полигонында 458 ядролық жарылыс болды. Соның салдарынан қатерлі ісік, қан обыры, іштен кемтар туатын бала саны әлі де азаймай отыр. Зиянды заттардың мөлшерден тыс артуы бүкіл адамзат қауымына, қоршаған табиғатқа зиянын тигізері сөзсіз.Бұл қауіпті экологиялық проблема. Ядролық жарылыстың салдары жылдар бойына жалғасып келеді Қышқыл жаңбыр - ол SO 2, NO 2 газдарының атмосферада болу нәтижесі. Күкірт оксиді су тамшыларында еріп – күкірт қышқылын, азот оксиді- азот қышқылын түзеді де, қышқыл жаңбыр болып жауады.Ол өз кезегінде көлдегі балықтар мен құрбақалардың тіршілігіне кері әсерін тигізеді,өсімдіктер өнімін азайтады.Құрылыс материалдарын бұзып, темірден жасалған бұйымдарды жемірілуге ұшыратады. Зауыт,фабрика түтіндеріндегі түрлі газдардың суда еріп қышқыл жаңбыр болып жаууы Автокөлік түтүндері ауадағы қай газдың үлесінің көбеюіне әкеліп соқтырады? Жауабы: Мрамордың орнына біз борды алайық, кальций карбонаты тұз қышқылымен әрекетесе бастайды. Соның себебінен CO2 көпіршіктері – газ бөлінеді. CaCO3+2HCl=CaCl2+H2O+CO2 Бордың– 1г, ал қышқыл – 0,05л болғандағы бөлінген газдың көлемін табу керек. Берілгені: m(CaCO3)=1г Шешуі.CaCO3+2HCl=CaCl2+H2O+CO2 V(HCl)=0,05л Т/к: V(CO2)-? Ендігі мақсат осы мазмұндас қоспаның құрамындағы заттың массалық үлесін есептеу. Оқулықпен жұмыс m (таза зат)W(таза зат) = *100% m (жалпы)W(таза зат)- минералдың немесе қоспаның құрамындағы таза заттың массалық үлесі;m(таза зат) - таза заттың массасы;m(жалпы) - минералдың (қоспаның) жалпы массасы. №1.Құрамында қосындысы бар 400 г әктасты өртегенде 78,4 л көміртегі (ІV) оксиді түзілді. Әктастың құрамындағы қоспаның массалық үлесін (%) есептеңіздер.Берілгені: CaCO3 = CaO + CO2m (әктас) = 400 гV (CO2) = 78,4 лТ/к ω(қоспа) Жауабы: 0,125 немесе 12,5% Логикалық сұрақ:Ауаның құрамындағы көмір қышқыл газының массалық үлесі қанша және қанша мөлшерде болғанда ауаны ластап экологиялық дағдарысқа әкеп соқтырады? №2.Құрамында 8% қоспасы бар 300кг әк тасты өртегенде алынатын сөндірілген әктің массасын есептеңдер.Берілгені: Шешуі:W (қоспа) = 8% 1) таза заттың массалық m (CaCO3)=300кг үлесін табамыз Т\к: m(CaO) =? W(таза зат) = 100%-W(қоспа)2) Тірек формуланы пайдаланып таза заттың массасын табамыз: m(таза зат) W(таза зат) = *100% m(жалпы)3) х CaCO3 = CaO + CO2 1) Массасы 400 г натрий селитрасы айырылғанда 33,6 л оттек түзілді. Селитра құрамындағы қоспаның массалық үлесін (%) есептеңіздер. Жауабы: 36 %. 2) Құрамында 16 % қосындысы бар 119 г ізбестастан қанша литр көмірқышқыл газы бөлінетінін есептеңіздер. Жауабы: 22,4 л3) Көлемі 67,2 л ( қ.ж.) метан алу үшін жұмсалатын құрамында 3 % қосындысы бар техникалық көмірдің массасын есептеңіздер. Жауабы: 37,1 г. {5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A}БілемінЭкология. Өнімнің массасын есептеуді білеміз.Білгім келедіЛогикалық сұрақтардың , экологиялық мазмұндағы есептердің мазмұнын ашуБілдімӨндіріс орындары көп шоғырланған қалалардаАрал теңізі, Каспий маңындаЯдролық жарылыс болған Семей полигонындаОзон қабаты бұзылған жағдайда Қышқыл жаңбырлардың әсеріненАвтокөлік түтіндерінен экологиялық дағдарыс болатынын және олардың әссерінен қатерлі ісік, қан обыры, іштен кемтар туатын бала дүниеге әлі де келіп жатқанын білдікЭкологиялық тақырыпта есептер шығарып, қоспаның құрамын есептей аламыз. Үйге тапсырма:Есептерді аяқтау