Презентация на тему ?депті бала — арлы бала
Амансың ба, Алтын күн?!Амансың ба, Көк аспан?!Амансың ба, Жер – Ана?!Амансың ба, достарым?!Сендерді көрсем қуанам! Үлкенге де сіз!Кішіге де сіз!Баршаңызды құрметтеп,Бас иеміз біз! ӘДЕПТІ БАЛА – АРЛЫ БАЛА Әсемпаз болма әрнеге,Өнерпаз болсаң арқалан.Сен де бір кірпіш дүниегеКетігін тап та бар қалан. Абай Бір, екі, үш, Отырамыз тып – тыныш . Жалқаулықты тастаймыз, Әдептілік туралы,Сабақты біз,Мақалменен бастаймыз. МАҚАЛ – МӘТЕЛДЕР Әдепті бала – арлы бала,Әдепсіз бала – сорлы бала.Өзіңді өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе.Тәрбиелі адам – тағалы атпен тең.Жақсылық еккен алғыс орады.Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды.Кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды. Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал артық.Әдепті дегенше, әдемі десейші. МӘТІНМЕН ЖҰМЫС 1. Мәтінді зейін қойып тыңда. Әңгіме қалай аталады? Авторы кім?2. Негізгі ойды анықта.3.Әңгімедегі есіңде қалған әдепті сөздерді қағаз бетіне түсір.4.Өзің білетін әдепті сөздермен толықтыр.5.Жазған сөздеріңді сана. Кім көп сөз жазса, сол жеңімпаз атанады. ӘДЕП Төлеген Қажыбаев Арман мен Аян қаланың ортасындағы бес қабатты зәулім үйлердің бірінде тұрады. Екеуі де екінші сыныпта. Бір мектепте оқығандықтан, жолдары да бірге. Кейде мектепке автобусқа отырып барады. Бүгін автобустың алдыңғы орындығына жайғасқан екеуі мектепке келе жатты. Бір аялдамадан соң, алдыңғы есіктен қолындағы сөмкесін әзер көтеріп, бір әжей кірді. Аян әжейдің қасына келіп:Әже, мына орынға отырыңыз,-деді. Арман болса қарт адамды көрмегенсіді. Ол автобус терезесін өрнектеген қырауды саусағымен шимайлап, теріс қараған күйі отыра берді. Екі аялдамадан соң әжей орнынан тұрып, түсуге ыңғайланды. Сөмкесінен екі алма алып, Аянға ұсынды. Мә, қалқам, ала ғой.О не дегеніңіз, рахмет, әже!Алманы орның үшін беріп тұрғаным жоқ. Әдептілігіңе сүйсінгенім ғой,-деді әжей Аянға күлімдей қарап. Аян мен Арман автобустан түсіп, мектепке бет алды. Аян алманы опыра асап, төңірегіне жарқылдай қарайды. Арман қолындағы алманы бірер тістегені болмаса, тұтас жеп қоюға қысылып келеді. Неге? ҚҰПИЯ ХАТТАР Мен өте асығыс едім. Себебі сабаққа үлгеруім қажет. Көшеде немересін жетектеп келе жатқан қария кісіні қағып кеттім. Ол кісі құлап түсті, немересі қорыққанынан жылап жіберді. Мен жүгіріп кетіп қалдым. Мен не істеуім керек еді?.......... Маған анам өзі жұмыстан келгенше үйді жинастырып қоюды өтінді. Мен достарыммен ойнап жүріп, бұл өтінішті тіпті ұмытып кеттім. Анам жұмыстан келіп, өзі үйді жинап, сыпырып қойды. Мен келгенде анам ренжулі еді. Мен не істерімді білмедім. Сендер не істер едіңдер?......... Менің бір досым бар. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүріп, жаңа нәрселерін көрсетіп, ылғи мақтанады. Қалай кішкентайларды ренжіткенін айтып мәз болады. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба? «Жалғасын тап» ойыныа) Не істеуге болмайды?Үлкендердің алдынан...... Кішкентай баланы .......Құстарды .........Сабақтан ...........Сыныптың ішінде........... ә) Не істеу керек?Үлкен кісіні ..........Үлкеннің тілін ........Үлкендерге .......Оқу құралдарын ...Мектеп мүлкін..... ӘДЕПТІЛІК Қарапайым болу Сәлемдесу Жақсы оқу Рахмет айту Шыншыл болу Жол беру Кешірім сұрау Жай сөйлеу Рұқсат сұрау Тәртіптілік Мойындау Үлкенді тыңдау Орнықтырып әдеппенОқу, еңбек, ойынды.Оқушылық әдеппенОрындаймын ойымды.Есептеулі сағаттар,Еш өтпейді күнбе – күн.Еш өтпейді сабақтар,Бос өтпейді минуттар. Ән:“Оқуда озатболамын”