Презентация ?лімді же?ген ана


Сабақтың тақырыбы:Ғабит Мүсіреповтың “Өлімді жеңген ана” әңгімесіндегі әйел-ана құдіреті Ғабит Мүсірепов Максим Горький Ақсақ Темір Дүниеде әйелді құрметтеп, әйелді нұрға бөлейік те! Әйел –ана , дүниедегі жалғыз күш қой: оның алдында Азияның айбарлы арыстаны Темір де , Темірді жеңген өлім де басын иеді! Сабақтың эпиграфы:Ана – бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді билейді. Уильям Росс. Рука, качающая колыбель, правит миром. Уильям Росс. “Өлімді жеңген ана” Сұрақтарға жауап беріңдерПатша шатырының алдында не болды?Темірдің құлағына не естілді?Темір не деп бұйырды?Келген адам кім екен?Әйел қай жерден келген еді?Оның келген себебі не?Осы бөліктен әйел-ананы сипаттайтын жерді табыңдар. Суреттерге сәйкес үзіндіні мәтіннен табыңдар. Аю, қабылан, арыстан, басын жерге салбыратқан тағы өгіздер көп ұшырады. Көзі сенің көзіңе ұқсап оттай ойнап, өлім шашып тұрған барыс та екі рет маған қарап тұрды. Бірақ әрбір аңның жүрегі бар емес пе? Олармен осы сенімен сөйлескендей сөйлесіп жүрдім. Қанішер аңдарды, қан ішкіш патша, сенімен салыстырғаныма ашуланба! Олар да менің ана екенімді біліп, иланды: ауыр күрсініп, мені аяп, жөндеріне жүре берді. Аңның да баласын сүйетінін сен білмейтін бе едің? – дейді әйел Темірге төніп. Осы бөліктегі асты сызылған сөздерге назар аударыңдар. Қанішер және қанішкіш сөздері мағынасы жағынан қандай сөздер? Синонимия (грекше –sunonumos-заттас) – көркем шығармадағы мағынасы бір- біріне жуық, мәні ұқсас сөздерді қолдану. {5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A} Ақсақ Темір Ана Азияның ақсақ барысы, жер бетін қанға бояған, елу жыл жалғанды жалпағынан басқан, талай қаланы молаға, талай мемлекетті жойған, жеңілген елдің сүйегінен минарет, сарайлар салғызған, отыз жыл бойы езу тартпаған, данышпан, әйелден жеңілген, ана алдында басын иген әмірші.Әйел –ана, барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, көзді бұлақ емес пе? Дүниеде әйелді құрметтеп, әйелді нұрға бөлейік те! Әйел – ана, дүниедегі жалғыз күш қой: оның алдында Азияның айбарлы арыстаны Темір де, Темірді жеңген өлім де басын иеді! Адамда қандай қасиет болса, бәрі күннің көзі мен ананың сүтінен алынған қасиет. Сабақтың эпиграфымен келісесіңдер ме?Ана – бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді билейді. Уильям Росс. Рука, качающая колыбель, правит миром. Уильям Росс. Үйге тапсырма: 1. Мәтінге жоспар құрастырып, сол жоспар бойынша мазмұндау. 2. Қазақ балалары үшін: «Ана – дүниедегі жалғыз күш» тақырыбында эссе жазып келу.