Презентация на тему Т?лкі мен ешкі
Ибышева Лаура Талгатовна «Түлкі мен ешкі»ертегісі Түлкі мен ешкі Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді. Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? - депті. - Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтан өліп едім,апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп – тұнық суы бар екен, - депті. Мұны естіп ешкі: «Мен де салқындайын, әрі су ішейін», - деп ойлап, секіріп апанға түсіпті. Сонда түлкі секіріп, ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне шығып, ырғып далаға шығып, жөніне кетіпті. Абайсызда Неожиданно , нечаянно Апан Яма Сусау Жажда Мүйіз Рога Секіру Прыгнуть Терең апанға В глубокую яму Түсіп кетті Упал Сөздікпен жұмыс Абайсызда Неожиданно , нечаянно Апан Яма Сусау Жажда Мүйіз Рога Секіру Прыгнуть Терең апанға В глубокую яму Түсіп кетті Упал ТапсырмаларБерілген сөздермен сөз тіркестерін құраңдар.Сөз тіркестерімен сөйлем құраңдар. Оқулықпен жұмыс Ауызекі сөйлеу «Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» деген тақырыпқа сұхбаттасыңдар. Түлкі туралы ертегілер Қазақ ертегілерінде түлкі туралы ертегілер көптеп кездеседі. Көбінде олар айлакер мен қудың образын сомдайды. Түлкі кейде жақсы бейнеде де сомдалады. Сонымен біз бүгін түлкі кейіпкеріміз жайлы ертегі шертпекпіз. Түлкі мен құмыраБір әйел далаға егін ора келіп, құмыраны сүтімен шөптің арасына тығып қояды. Бұны түлкі көрді де, жасырынып келіп, құмыраның ішіне басын тығып, сүтті ішіп қояды. Енді түлкі құмырадан басын шығара алмай әлек болады.Түлкі:– Әу, құмыра! Біраз ойнадың, жетер, жібер менің басымды, – дейді. Қалай жұлқынса да басын шығара алмайды. Түлкі ашуланып:– Қап, бәлем, тұра тұр, жақсылықпен қаламасаң, сені суға батырармын, – деп жүгіріп келіп, өзенге қойып кетіпті. Сөйтіп, құмырамен бірге өзі де батып кетсе керек. Түлкі мен қырғауылБір түлкі қалың ағашты аралап келе жатып, ағаштың басында отырған қырғауылды көреді де, жақындап келіп:- Сәлеметсіз бе, қырғауылым, халың қалай? – дейді.Қырғауыл:- Жақсы өзің қалай тұрасың? – дейді.Түлкі:- Жерге түсіп, сөйлессеңіз қайтеді, бір құлағым естімеуші еді? – дейді.Қырғауыл:- Жерге түсуге қорқамын, жерде әр түрлі аңдар бар, бізді жеп қоюы мүмкін, – дейді.Түлкі:- Әй, достым, қазір заман бұрынғы заман емес, жаңа ғана келдім, бұйрық шығыпты, біреуге біреу зорлық қылмасқа, қой мен қасқыр бірге жүрсін, түлкі мен тауық бірге жүрсін деген, – дейді.Қырғауыл:- Жақсы хабарыңыз бар екен, рахмет достым! Мына жақтан бір иттер келе жатыр, оларға да хабарыңызды айтыңыз, естісін, – дейді. Ит деген сөзді естіген соң, түлкі алды артына қарамастан қаша жөнеледі.Қырғауыл:– Қайда барасың, түлкім, бұйрықты ұмытып кеттің бе? – дейді.Түлкі:– Кім біледі, бұйрықты ол естімеген шығар, – дейді міңгірлеп. Түлкі мен ҚоянӘуелде түлкінің құйрығы жоқ еді. Құйрығының жоқтығы оған бек қатты залал келтірген, өйткені жүрген ізін жасыра алмайды. Әрдайым түлкінің артына түсіп аңдып жүріпті. Бір күні қасқыр барып оның ініне кіреді. Егер түлкі інінің басқа жағындағы аузынан шығып кетпесе өлтіріп тастар еді. Cәлден соң түлкі ағаш ішіне кіріп кетіп, ағаштың түбінде тұрған қоянды көреді. Ол мезгілде қояндардың құйрығы ұзын болып, шапшаң жүруге ыңғайсыз болып тұрушы еді. Сол жерде түлкі қоянды ұстап алып, өлтірмекші болып жатқанда қоян:– «Мені өлтірме, саған құйрығымды берейін», – деп уәде қылады. Мұнысына түлкі көніп, екеуі сол жерде құйрықтарын айырбастапты. Сонан бері түлкінің құйрығы ұзын болып, қоянның құйрығы қысқа болып қалыпты Арыстан мен түлкіАрыстан қартайды. Аңдарды бұрынғысындай аулай алмайтын болды. Енді аңдарды айламен аулағысы келді. Өзі үңгірде жатты да:- Аурумын, жүруге әлім жоқ, - деп барлық аңдарға хабар таратты.Аңдар бір-бірлеп арыстанның халін білуге келеді. Арыстан аңдардың біреуін де қайтармайды. Бәрі де арыстанға жем болды. Бір күні түлкі келді. Ол үңгірден алысырақ тұрды да:- Халіңіз қалай, тақсыр?- деп көңілін сұрады.- Халім нашар. Неге жақынырақ келмейсің? Берірек кел, түлкіжан, бір азырақ сөйлесейік, - деді арыстан. Түлкі:- Мен саған жақын барар едім-ау, бірақ саған кірген із бар да, шыққан із жоқ! - деп жүріп кетіпті. Сергіту сәті Сергіту сәті «Қара жоға кірпі биің» «Миға шабуыл» стратегиясы.Балалар ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме? Түлкі туралы қандай ертегілерді білеміз?Балалар бұрын естіген түлкі туралы хикаяларды атап береді. «Түлкі мен тырна», «Түлкі мен ешкі», «Түлкі мен құмыра» ертегілері. «Ойлан, тап» стратегиясы.а) Кел, балалар, ойнайық,Ойнайық та, ойлайық,Қандай жұмбақ болса да,Шешпей оны қоймайық.б) Өзі айлакер, қу.Жүрген жері айқайда шу. «Шаттық шеңбері» тренингісі