Презентация по изобразительному искусству на тему Киіз ?й (6 класс)
Киіз үй дөп-дөңгелек.Жыққан кезде он бөлек,Тіккен кезде топ етіп.Қона қалар дөңге кеп, Көшіп-қонып үнемі, Көк жайлауда жүреді. Киіз үй деген не ?Киіз үй сонау ежелгі заманнан бері көшпелі тайпалардың баспанасы болып келеді. Оның арғы тегі арба үстінде орналасқан күйме үй. Ол көбіне жел өтінен қағаберіс, шаңы шығып кетпейтін көк майса тегіс жерге тігіледі. Киіз үй қазақтың тұрағы, құтты мекені, баспанасы ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып мақтан тұтатын өнер туындысы. Киіз үйдің түрлері:Киіз үйдің қазақы және қалмақы деген екі түрі бар. Қазақы үй- дөңгелек, толық күмбезді. Қалмақы үй-төбесі шашақтау келген.Қазақы үйлер пайдалануына, сән-салтанатына қарай бірнеше түрге бөлінеді.1. Қара үй-3 қанатты.2. Қоңыр үй-4 қанатты.3. Боз үй-5 қанатты.4. Ақ орда-6 қанатты.5. Ақ ала орда-8 қанатты.6. Алтын үзік-12 қанатты.7. Алтын орда-18 қанатты. Киіз үйдің қазақ даласында пайда бола бастауының өзіне 3000 жыл уақыт өтті. Оның «Киіз үй» аталу себебі сырты киізден, ішіндегі бүкіл тұрмыстық бұйымдардаң барлығы киізден жасалған.Киіз-үй аптап ыстық шілдеде сая, ызғырық суықта баспана болуын қамтамсыз етеді.Сондай-ақ дөңгелек киіз үйдің ішіндегі ауа тез алмасып, тазарып отырады. Астрономиялық тұрғыдан алғанда киіз үйдің сыртқы көрінісі жарты шар болып көрінетін, шаңырақтан төмен салбырап тұрған айды және алып жерге сәулесін шашып, жылуын беріп тұрған күнді нұсқайды. Киіз үй шеңберлене құрастырылатын бірнеше керегеден, оның үстінен күмбез еңсесін құрайтын уық пен шаңырақтан тұрады. Киіз үйді бір-біріне жалғастыра тігіп, бірнеше бөлме жасауға болады.Киіз үйдің тамаша желдеткіш «терезелері»бар. Ол-көлеңке жақтан түрілетін ірге, күннің жылуына қарай ашылып отыратын –түндік.Түндік-күннің суығында мұржа қызметін атқарады. Киіз үйдің іші 4 бөлмеге бөлінген:1.Төр-мұнда жүк жиналады, қонақтар орналасады. Бұл киіз үйдің жоғары әрі сыйлы орны.2. Кіргенде оң жақ- үй егесінің отыратын, жататын орны. Оны шимен жауып қояды.3. Кіргенде сол жақ-балалар орналасады. Босағаға жақын ер тұрмандар, киімдер ілінеді.4.От орны- қасиетті орын болып саналады. Мұнда от жағылып, қазан асылады. Киіз үйдің құрылымы: Киіз үйдің құрылымы 3 бөліктен тұрады:1. Киіз үй сүйектері (ағаштан тұратын бөліктері).2. Киіздері (ши де осыған кіреді).3. Бау-құрлар (баулар мен басқұр, арқандар). Практикалық жұмыс. Сергіту сәті. «Жалғасын тап !» ойыны. Өнерге байланысты мақал-мәтелдердің жалғасын табу. Ақыл көпке жеткізеді Өнер көкке ................ Өнерлі жігіт өрге озар Өнерсіз ........................... Өнерлі жан елдің көркі Үкілі ............................. 1- нұсқа1.Қазақы үй қандай болады?а дөңгелек, толық күмбездіә шошала тәрізді, шаңырақсызб киіз үй төбесі шошақтау келеді2. Қара үй неше қанатты болады ?а 5 қанатты ә 4 қанатты б 12 қанатты3. Шаңырақты жауып тұратын киіз қалай аталады ?а түндік ә белбау б шаңырақ жапқыш4. Кереге мен шаңырақты ұстастырып тұратын ағаш қалай аталады ?а кереге ә уық б сықырлауық5. Киіз үйдің күн суығанда мұржа қызметін атқаратын бөлігіа түндік ә есік б уық2 – нұсқа1. Алтын орда қанатты киіз үй ?а 8 қанатты ә 18 қанатты б 6 қанатты2. Киіз үй іші неше бөлікке бөлінген ?а 3 ә 1 б 43. Киіз үйдің негізгі қаңқасын құрайтын сүйегі а шаңырақ ә уық б кереге4. Ішкі есік неден жасалады ?а киізден ә ағаштан б шиден5. Киіз үйдің ішіне сырттан құрт-құмырсқа, жәндіктерді кіргізбейтін бөлшегіа кереге ә ши б сықырлауық