Физика саба?тарында о?ушыларды? эксперементтік ж?мыс да?дысын дамыту
ФИЗИКА САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫС ДАҒДЫСЫН, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУТайтенова Жаңылсын ОтарқызыІ санатты физика пәнінің оқытушысы,МКҚК «Теректі колледжі»Батыс Қазақстан облысы
Физика - эксперименттік ғылым, ал тәжірибе - физикалық зерттеулердің негізгі түрі. «Мен тек қиялдан ғана туған мың пікірден гөрі бір тәжірибені жоғары қоямын». М.В. Ломоносов
Т ә ж і р и б е л е р (мақсатына қарай)теориялық қорытындыны, не гипотезаны тексеру жүргізуге арналған тәжірибелержаңа құбылыстарды, физикалық шамалардың байланыстарын тағайындауға немесе тағайындалған физикалық заңның қолданылу аясын кеңейтуге арналған тәжірибелертеориялық есептеулер арқылы тікілей тағайындауға болмайтын физикалық тұрақтылардың немесе физикалық шамалардың сан мәндерін анықтауға арналған тәжірибелер
Физика пәні мұғалімдерінің ең басты мақсатыФизикалық заңдылықтарды немесе формулаларды тұрмыстағы өз проблемаларын шешуге «неге?,қайда?,не үшін?, неге олай?» -деген сұрақтарға есептеулер арқылы жауап табуға баулу, эксперименттік есептер шығартуКез келген заттан немесе құбылыстан физиканың заңдылықтары мен құбылыстарын іздей білуге және өздерінің жағдайына жаратуүнемі «Физикасыз - өмір жоқ, өмірсіз - физика да болмайды» - деген қағиданы ұстануфизика пәнінен алған білімдерін өмірде, тұрмыста қолдана білуге баулуОқушы бойында эксперименттік дағдыны қалыптастыру
Интеллектуалдық (салыстыру қабілеті, негізгіні ажырата білу, зерттеу, эксперимент нәтижелерін жазу және қорытындылау)Пәндік (теорияны практикамен ұштастыру шеберлігі, физикалық білімдерін құбылыстарға анализ жасауға қолдану, көптеген үй аспаптары мен құралдарының жұмыс істеу принципін түсіну)Еңбек ету (қол құралдарымен жұмыс істеуді үйрену дағдысы, ұсталық, т.б.)Ұйымдастыру – танымдық (құрал- жабдықтардың функционалдық міндеттерін анықтай білу, техникалық құрылғылармен жұмыс істегенде техника қауіпсіздігі мен пайдалану ережелерін сақтау)Эксперименттік тапсырмаларды орындау оқушының мынадай қабілеттерін және шеберліктерін дамытады
Эксперименттік тапсырмаларды орындау төмендегідей бірқатар мәселелерді шешуге бағытталғантәжірибелерді физикалық тұрғыдан қарастырутұрмысқа қажетті техникалық құрылғылардың параметрлерін өлшеу және есептеулер жүргізу (электр құрылғыларының - үтіктің, электрплиткасының қуатын электр энергиясын есептегіш пен секундтық тілі бар сағат арқылы анықтау және осы құралдың құжаттық көрсеткіштерімен салыстыру; егер олар сәйкес келмесе себептерін түсіндіру)физикалық процестерді тұрмыстық техника көмегімен басқару мүмкіндігін түсіндіруфизикалық шамаларды өлшеу арқылы физикалық заңдар мен заңдылықтардағы функционалдық тәуелділікті анықтаутехникалық білімдерін күнделікті еңбек тәжірибесінде қолдану
Оқушылар құрал - жабдықтармен танысып, өлшеулер жасау техникасын үйренеді, жаттығулар орындайды да, физика құбылыстарын қолмен жасап, көзімен көреді. Тіпті қарапайым тәжірибенің өзін қызығып жасайтын болады.
Т ә ж і р и б е л е р 1. Өз денеңнің орташа тығыздығын анықта. Тығыздықты табу үшін массаны көлемге бөлеміз: Массаны өлшейтін таразылар мектептің медициналық кабинетінде, үйде де болады. Ал дененің көлемін анықтау үшін ванна керек. Ваннаға су құйып, оның деңгейін белгілейді. Одан соң ваннаға түсіп, адам денесі түгел батқан кездегі көтерілген судың деңгейі тағы да белгіленеді. Осы екі белгіленген деңгелердің арасына қанша көлем су сиятынын 1 литрлік шыныбанкамен өлшеуге болады. Ол судың көлемі адам денесінің көлеміне тең. Табылған мәндер бойынша өз денеңнің тығыздығын анықтай аласың. 2. Дененің көлеңкесі бойынша оның биіктігін анықтауОл үшін ұзындығы 1 м ағаш таяқ алып, оны биіктігі анықталатын дененің (үйдің, ағаштың т.б.) қасына екеуінің көлеңкесі бір бағытта болатындай етіп орнату керек. Содан кейін дененің көлеңкесі ағаш таяқтың көлеңкесінен қанша ұзын болса, биіктігі де сонша үлкен болады.
3. «Салмақсыз» суЖоғары не төмен еркін қозғалған дене салмақсыздықтық күйде болады. Оны байқау үшін пластмасса шарик немесе резина доптың еік жерінен (қарама- қарсы жағынан) тесік теседі. Допты суға толтырып, қолға ұстап тұрса, су аға бастайды. Ал допты лақтыратын болсақ, онда су төгілмейді, яғни доптың еркін ұшуы кезінде доптың өзі де, ішіндегі су да салмақсыздық күйінде болады. 4. Жылу мөлшерін есептеу1.Бірдей ыдысқа екі түрлі сұйық құйып қайнатып, екеуінің де массасын өлшеп, кеткен жылуды есепте.2.Бірдей сұйықты екі ыдысқа біріне толтырып, екіншісіне жартылай құйып қайнат.3.Температурасы әр түрлі екі сұйықтың массасын, температурасын өлшеп алып, қайнат.Осы алынған нәтижелерден ғылыми қорытынды жаса. Жылу мөлшері 1-ші сұйықтың тегіне, 2-ші сұйықтың массасына, 3-ші сұйықтың температурасына тәуелді.
Эксперименттік есептерді орындаудың артықшылықтары мынадаоқушылардың теориялық білімдерін күнделікті өмірмен логикалық түрде байланыстырадыфизика пәніне деген қызығушылықтары оянады, шығармашылық қабілетін және физикалық ойлауын дамытадығылыми заңдылықтың өз өмірінде пайдасын көруге ұмтылдырадыоқушылардың терең және берік физикалық білімін, талпынғыштығын, тапқырлығын арттырадыеңбексүйгіштікке және қойылған мақсатқа жету жолындағы табандылыққа үйретедітехникалық ойлау және елестету қабілеттерін қалыптастырады, білімнің қолданылу аясын кеңейтедіфизикалық шамаларды өлшеу білігі мен дағдысын қалыптастырады, өздері жаңа бір жаңалық ашуға талпынады