Кіші ж?зді? Ресейге ?осылуы 8 сынып


Кіші жүздің Ресейге қосылуы Сабақтың мақсаты:Кіші жүздің Ресей империясының құрамына кіруі, патша өкіметінің отарлық саясатының басталуы. Ресейге қосылудың алғы шарттары мен себептері және Әбілқайыр ханның жүргізген саясаты, Ресейге қосылудың салдары жайлы түсінік беру. Күтілетін нәтиже:Кіші жүздің Ресей империясының құрамына кіруі, патша өкіметінің отарлық саясатының басталуы. Ресейге қосылудың алғы шарттары мен себептері және Әбілқайыр ханның жүргізген саясаты, Ресейге қосылудың салдары жайлы түсінеді. Психологиялық ахуал орнату.«Жылы тілек» Топқа бөлу.Хан суреттерімен 4 топқа бөлінеді: Әбілхайыр Жәнібек Қасым хан Абылай хан «Бірге ойлаймыз» Өткен сабақты жаңа сабақпен байланыстыру
1. Жоңғар шапқыншылығы қай уақыттарда болды? 2. Қазақ халқының тарихындағы 1723 – 1727 жылдар қандай атпен қалды? 3. 1730 жылы Балқаш көлінің оңтүстік – батыс жағындағы шайқас? 4. Жоңғарларға қарсы күрескен батырларды атаңдар? Жоңғар хандығына карсы күрес барысында Кіші жүз бен Орта жүз жеке иеліктерге бөлініп кетті. Ұлы хан деп саналған Әбілкайыр өз билігін тіпті бүкіл Кіші жүзге де жүргізе алмады. Одан баска онда Кайыптың баласы Батыр сұлтан мен Әбілкайырдың баласы Нұралы сұлтан билік етті.Орта жүзде өз хандары болды. Олардың ішінде белгілілері — Сәмеке, Күшлік. Аюкенін еділ қалмақтарын, Кабарда кіняздігін, грузин билеушілерінің жерлерін Ресей құрамына қабылдау Сырткы істер алкасы дипломатиялык қызметінің өрісін едәуір кеңейтті, бұл жолы да Әбілкайырдың елшілігіне барынша кұрмет көрсетілді, оның Құтлымбет Коштаев бастаған 7 адамнан тұратын елшілері кұрметпен кабылданып, бағалы сыйлыктар тартылды, дала өңіріне Сырткы істер алкасының тілмашы А. И. Тевкелев бастаған үлкен комиссия косылып, Қазақ елшілігін Кіші жүзге кері қайтаратын күні А.Тевкелевке 12 тармақтан тұратын, мазмұны қызықты «Нұскау» табыс етілді. Төрт парақтың екі бетіне қолмен айдақтатыла жазылған бұл құжат дипломатиялық миссия үшін өзінше бір іс-қимыл бағдарламасы болған. Жаңа сабақ.«Ойлан, бірік, бөліс» 1.Әбілқайыр ханның Ресей патшалығымен дипломатиялық келісөздері. 2. Көрнекті ақсакалдардың, сұлтандардың аса зор қарсылығына ұшырау себебі неде?3.Әбілқайыр ханның отарлаушы әкімшілікпен қарым-қатынастардың шиеленісуі.4.Қазақтар мен Ресей қарым қатынасы.Оқулықтан оқиды, талқылайды, сұрақ қояды. Топпен бірігіп жұмыс жасайды, тапсырманы қорғайды.  Әбілхайыр хан- 1693 — 1748 хан, қолбасшы, 1718—1748 жж. билік құрған Кіші жүз ханы. Сергіту сәті. «Ауаға сан жазу»Оқушылар дене қимылдарын жасайды. Сабақты қорытындылау үшін : «Лездеме сұрақтар» топтамасын құрау. Әр оқушы бір параққа сұрақ жазады, парақты бүктеп келесі топ мүшесіне береді, ол сұраққа жауап жазады, осылай топтың барлық мүшелері жазады. Соңында хатшы оқып береді. Барлық топ жасайды. Формативті бағалау: ұпай арқылы. Суммативті бағалау.Бағалау парақшалары арқылы бағалау. Үйге тапсырма беру.Бүгінгі тақырып жайлы қосымша мәліметтер, суреттер жинау. Назарларыңызға рахмет!!!